Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Атажұрт
Сабақтың тақырыбы: Атажұрт
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың география пәнінен алған білімдерін тиянақтау, толықтыра отырып, білімділігін арттыру
Дамытушылық: оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауға, пәнге деген қызығушылығын арттыруға, топтық, ұжымдық сайыстарға белсене араласуға баулу.
Тәрбиелік: жерін, елін сүюге тәрбиелеу.
Сайыс кезеңдері:
1. «Таныстыру»
2. «Қанат қақты»
3. «Самғау»
4. «Талантымен топ жарған»
5. «Бізден сұрақ, сізден нақты жауап»
6. «Әсем қалалар сыр шертеді»
7. «Сен білесің бе?»
І. «Таныстыру»
Әр топ өз атауын, мүшелерін таныстырады

ІІ. «Қанат қақты»
Әр топқа 7 сұрақтан
І топ:
1. Қазақстан аумағының көлемі? 2, 7 млн км
2. Еліміздің астанасы Алматыдан Астанаға қай жылы көшірілді? 1997ж
3. Қазақстан нешінші сағаттық белдеуде жатыр (4 - 5 сағаттық белдеу)
4. Қазақстанды 5 экономикалық ауданға бөлген кім? (Н. Баранский)
5. Қазақстанның әуе кеңістігінде халықаралық неше әуе жолы түйіседі? (72 әуе жолы)
6. Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет? (Түркия)
7. Еліміздің рәміздері қай жылы бекітілді (1992 ж)

ІІ топ:
1. Қазақстан жер көлемі бойынша дүниежүзінде нешінші орын алады? (9 орын)
2. Еліміздің төл теңгесі қай жылы шықты? (1993 ж)
3. ҚР құрамында 1997 жылға дейін қанша облыс болды? (19 облыс)
4. Қазақстан БҰҰ қай жылдан бастап мүше (1998 ж)
5. Қазақстан оңтүстік шығысында қай мемлекетпен шектеседі? (Қытай)
6. Еліміздің аумағында ертен кезден ақ Еуропа мен Азияны қосатын алтын көпір болған жол (Ұлы Жібек жолы)
7. Қазір елімізде қанша облыс бар? (14 облыс)

ІІІ тур: «Самғау»
1. Орталық Қазақстандағы ауыр өнеркәсіптің жақсы дамыған саласы (түсті металлургия)
2. Солтүстік Қазақстан аумағында еліміздің бас қаласы орналасқан (Астана)
3. Еліміздің ең биік нүктесі (Хан тәңірі 6995)
4. Солтүстік Қазақстан елімізде халқының саны мен тығыздығы жөнінен нешінші орында? (2ші орын)
5. Сарқылмайтын табиғат ресурсы (күн энергиясы, жел, климаттық қар)
6. Елімізде қанша өзен бар (85 мың өзен)
7. Халқының саны мен тығыздығы жөнінен бірінші орындағы аудан (Оңтүстік Қазақстан экономикалық аудандары)

IV тур. Талантымен топ жарған
1. Мұнай өнеркәсібі
10. Доссор мұнай кен орны қай жылдан басталды?
20. Ембі мұнайының қасиеті және қолданылуы (Мұнайдың күкірті, парафині аз алынған жанармай жоғары бағаланады)

2. Электр энергетикасы
10. Электр энергиясын өндіруде еліміздің электр станциялары нешеге бөлінеді? (ЖЭС, СЭС, АЭС)
20. Іле өзені мен Сырдария өзенінде қандай су электр станциялары салынған? (Іле - Қапшағай, Сырдария - Шардара)

3. Құрылыс материалдар өнеркәсібі
10. Минералды құрылыс шикізатына не жатады? (құм, қиыршық тас, гранит, мәрмәр)
20. Республикамыздағы 5 цемент зауытын ата? (Шымкент, Өскемен, Сазтөбе, Семей, Қарағанды)

V тур. Бізден сұрақ, сізден нақты жауап
Әр топ бір - біріне 2 сұрақтан қояды.

VІ тур. Әсем қалалар сыр шертеді
Алматы. Халықтың басқа елдердегі бөлігін не деп атайды? (диаспора)
Ақтөбе. Елді мекендердің неше типі бар? (қалалық, ауылдық)
Қызылорда. Еліміздегі атмосфералық ластану көрсеткіші жоғары қала (Риддер)
Көкшетау. Қазақ диаспорасының саны жөнінен басымы қай мемлекет? (Өзбекстан)
Астана. Қазақстандағы миллионер қала. (Алматы)
Тараз. Еңбек ресурсын кімдер құрайды? (еңбекке жарамды халық)

VІІ тур. Сен білесің бе?
Интерактивті тақтада көрсетілген Қазақстанның 5 экономикалық ауданының құрамын толықтырып жазу. Әр топ өз бетінше параққа толтырады.
Әділ қазылар тексереді

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама