Алтын қақпа
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру, алған білімдерін, логикалық ойлауын дамыту, ұлтымыздың салт - дәстүрін бойларына сіңіру, қасиетті сандар жөніндегі түсініктерін байыту.
Түрі: лингвистикалық ойын сабақ.
Көрнекілігі: плакат, алтын сандықша.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсаты және өтілу құрылымымен таныстыру.
2. Кіріспе бөлім.
Жүргізуші: Құрметті, оқушылар, ұстаздар! Бүгін біздер математика пәнінен «Алтын қақпа» лингвистикалық ойынын өткізгелі отырмыз. Ойын шарты бойынша ортаға сұрақ тасталады, сұраққа жауап берген оқушы ойынды жалғастырады. Ойын темір қақпа, күміс қақпа, алтын қақпа, алтын сандық кезеңдерінен тұрады. Кезеңдер жоғарылаған сайын сұрақтар да күрделеніп қойылады.
3. Негізгі бөлім.
Ортаға тасталатын сұрақтар:
1) АСАР - үлкен бір шаруаны көршілер және туыстар болып бірлесіп атқару.
2) КЕУСЕН – егістің жиын - теріні біткен кезде жақындарына берілетін үлес.
3) ҚАНСОНАР – түнде жауған қар, саятқа шығатын сәт.
4) АҚ СҮЙЕК – бозбала мен бойжеткендер алтыбақан басында айлы түнде ойнайтын ойын.
5) ТАСАТТЫҚ – көктем кезінде жер – ананың берекесі үшін берілетін құдайы тамақ.
6) БАЙҒАЗЫ - кішкене балалар жаңа киім кигенде сұрайтын сүйінші.
7) БИЕМҰРЫНДЫҚ – биені байлағанда алғашқы қымызына қазан асып шақыру рәсімі.
8) ҰЗЫНСАРЫ - көктемгі күн ұзарған кез.
9) Алан – барыстың баласы.
Темір қақпа сұрақтары: (3 санына байланысты)
1) 3 жұрт (өз жұрты, нағашы, қайын жұрты)
2) 3 арсыз (ұйқы, күлкі, тамақ )
3) 3 бәйтерек (Сәкен, Ілияс, Бейімбет)
4) 3 ғайып (қонақ, несібе, ажал )
5) 3 мұрат (жол мұраты – жету, қыз мұраты – кету, сауда мұраты - өту)
6) 3 даусыз (тумақ - өлмек, тағдыр, кәрілік)
7) 3 би (Әйтеке, Қазыбек, Төле би)
Күміс қақпа сұрақтары: (7 санына байланысты)
1) 7 ата (әке, бала, немере, шөбере, немене, шөпшек, туажат)
2) 7 түс (ақ, көк, қызыл, жасыл, сары, қара, қоңыр)
3) 7 жұт (ашаршылық, құрғақшылық, зілзала, топан су, өрт, оба, соғыс)
4) 7 күн (дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі)
5) 7 батыр (Бөгенбай, Наурызбай, Қабанбай, Райымбек, Ағыбай, Исатай, Бөлек)
6) 7 керемет (Египет пирамидасы, Вавилонның аспалы бағы, Артемида храмы, Олимпиадағы Зевстің мүсіні, Галикарнастағы Мавсал патшаның табытханасы, Гелиосстың мүсіні, Александрия маягі)
7) Наурыз мерекесінде дастарханға қойылатын 7 дәм (құран, шам, құрма, өрік, жаңғақ, нан)
Алтын қақпа сұрақтары
1) 7 музыкалық дыбыс (до, ре, ми, фа, соль, ля, си)
2) Қазақы өлшемнен 7 – ін атаңыз (шақырым, елі, қадақ, сүйем, аттам, қадам, таяқ тастам)
3) 7 математик ғалымды ата (Әл Фараби, Аристотель, Хорезми, Омар – Хаям, Пифагор, Рене Декарт, )
4) 7 геометриялық фигура (үшбұрыш, төртбұрыш, шеңбер, дөңгелек, шаршы, трапеция, параллелограмм)
5) Қазақы аспаптан 7 - ін ата (жетіген, домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатаяқ, шертер)
6) 15 ғасырға дейінгі халықтар ұғымында қалыптасқан 7 теңіз (Жерорта, Батыс Африка, Қызыл, Парсы, Үнді, Шығыс Африка, Қытай ).
5. АЛТЫН САНДЫҚ
1. Айдың, аптаның күндерін атамай 5 күнді ретімен атап шығыңыз. (алдыңғы күн, кеше, бүгін, ертең, бүрсігүні).
2. Алдында1, артында 2, артында 1, алдында 2, біреуі екеуінің арасында және үшеуі бір қатарда қаз ұшып келе жатты. Барлығы неше қаз. (3).
3. Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болатын. Жаз шығып ел жайлауға көшкенде, сүйенері жоқ кемпір жалғыз қалады. Түн ішінде кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір: «Бұлар менің жалғыз сиырымды ұрламақшы екен, мен бұларды алдайын»,- деп ойлайды. Сөйтіп жалма - жан бір шелек суды сапырып отырып, мынадай өлең айтыпты:
Сапырып, сапырып Сарманға бер,
Құйып - құйып Құрманға бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те маған бер, - деген екен. Мұны естіген ұрылар: «Қой мұнымыз бекер болар, үй толы кісі екен, әрі бізден екі есе көп екен кетейік»,- деп кетіп қалыпты. Ұрылар қанша, үйдегі адам саны қанша? (10 адам, 5 ұры)
3. Қортынды бөлім
Жеңімпазды марапаттау