Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
«Ахмет Иассауи» Даналық кітабы
Қазақ әдебиеті (9 сынып)
Сабақтың тақырыбы: «Ахмет Иассауи» Даналық кітабы
Сабақтың мақсаты:
а) Көрнекті ақын, асқан ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы, сопылық әдебиеттің өкілі Ахмет Иассауидің өмірі жайлы мағлұмат беру.
ә) Ислам дінін уағыздау арқылы ізгілікке, адамгершілікке, мейірімділікке үндеу, жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман қасиеттерден жиренуге шақыру, мұсылман жолына түсуге баулу, түрлі діни секталардан аулақ болуға шақыру;
б) « Даналық кітабынан» үзінділер оқытып, мазмұнын талдату, Иассауи сақтандырған бес нәрсені жаздырып, естерінде қалдыру.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, түсіндіру, мәнерлеп оқу, талдау.
Көрнекілік: Иассауи суреті, кесенесінің суреті, Түркістан қаласының суреті, бүктемелер және т. б.

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау.
«Оғызнама» қай ғасырдың жемісі? (ІХ ғ.)
«Оғызнама» қандай тақырыпта жазылған? (Оғыз қағанатының ерлік істерін қамтиды.)
Көркем шығарма қай кітапханада сақталған? (Париж кітапханасында.)
Оғыз екі әйелінен неше бала сүйген? (Күн, Ай, Жұлдыз, Тау, Теңіз.)
«Оғызнаманың» басты идеясы? (Бүкіл түркі елін бірлікке шақыру.)
«Оғызнама» аңызында қандай мифологиялық суреттеулер кездеседі? ( Батыр қолын көкжал бөрінің бастап жүруі.)
Әбу - Насыр Әл - Фарабидің дүниеге келген жері? ( Ежелгі Отырарда)
Әл - Фарабидің толық аты - жөні? (Мұхаммед ибн Узлағ ибн Тархан Әл - Фараби)
Әл - Фарабидің өлеңдерінен жатқа айту.

Жаңа сабақты түсіндіру.
А) Ахмет Йассауи - білімпаз ғалым, көрнекті ақын, ұлы ойшыл, бүкіл түркі жұртының рухани атасы.
Ә) Йассауи - сопылық әдебиеттің өкілі. Ол бүкіл өмірін исламды уағыздауға арнады. 63 жасында жер астынан жертөле қылует жасатып: « Мұхаммед пайғамбар жасынан асып кеттім, бұдан әрі өмір сүруім күпірлік болады» деп қалған өмірін жер астында өткізген. Өз замандастары мен жаратушы арасын жалғастыратын көпір болуды армандайды.
Б) « Даналық кітабында» ислам дінінің төрт алтын діңгегі («Мағрипат», «Тарихат», «Хақиқат» және «Шариғат») мадақталады. Мұндағы «Мағрипат»- ғылым - білім; «Тарихат»- пәни жалған қызығынан безіп, о дүниеде жарылқанатынына деген сенім, құдайға құлшылық етудің жүйесі; «Хақиқат»- хақ шындық, яғни, сопылық ілімнің негізін айтады; « Шариғат»- мұсылмандық жолы, заңы, қағидасы туралы айтылатын парызды орындау.
Г) Иассауи сақтандырған 5 нәрсе:
1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық бол.
2. Менмен, тәкәппар болма.
3. Дүние - мүлік үшін арыңды сатпа.
4. Арамдықтан аулақ бол.
5. Еріншек болма.
Д) Шексіз әлемді, 18 мың ғаламды жаратушы Алла - Тағала.
Е) Ахмет Иассауи ұстаздары - Арыстан баб, Иусуф Хамадини.

Қорытындылау. Ахмет Иассауи сынды ұлы ойшылдарымыздың мұраларын жаңаша талдап, жастарымызға әсерлі етіп ұғындырып беру - біздің басты борышымыз. Қазір не көп, діни секталар көп. Діни секталардан аулақ болып, Алланың ақ жолы - ислам дінін уағыздауымыз керек.
Иассауидің даналық ойлары мәңгі жалғасын табады. Ахмет Иассауи кесенесін қазақ халқы қасиетті жер есебінде құрметтейді. Ол жерде қазақтың хандары, атақты адамдары жерленген.
Сұрақ - жауап әдісі арқылы оқушылардың білімін бекіту.

Білімдерін бағалау.
Үйге тапсырма беру:
1) Қожа Ахмет Иассауи тақырыбында реферат жазу;
2) «Диуани хикмет» өлеңдер жинағы, 37 - хикмет мазмұнын талдау;
3) Абайдың 38 - қара сөзін оқып дәйектілеу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама