Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Экология негіздері (тақырыптық жоспар 5 сынып)
«Экология негіздері»
Биология пәні экология пәнімен тікелей байланысты. Экология пәнін оқыту оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттырып қана қоймай оларды өздерінің туған мекендеріне, Отандарына деген үлкен сүйіспеншілікпен қарап, дұрыс шешім қабылдап, өз елін экологиялық апаттан алып қалуға үлес қоса отырып, дүниежүзіндегі экологиялық проблемаларды шешу жолдарын іздестіреді. Сондықтан қазіргі таңда әсіресе ауылда өте қажет етіп отырған пәннің бірі - экология пәні.

Жазба хат
Табиғат – бұл біздің қоршаған орта. Ол – адам баласының санасынан тыс өздігінен пайда болған дүние. Таза табиғат біздің ырыс – құтымыз, ал ластанған табиғат – бізге қасірет. Табиғаттың тозуы – экологиялық дағдарыс. Табиғатты қорғауға әрбір адамды педагогикалық тұрғыда тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет. Қоғамның қазіргі даму кезеңі жеткіншек ұрпаққа білім беру мәселесін жаңа сатыға көтеруді қажет етіп отыр. Экология пәні ең алдымен оқушылардың санасында көзқарас, ұстанымдар жүйесін, адамның мекені ретінде географиялық ортаға деген қарым - қатынас өлшемін табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау, экологиялық білімді күнделікті өмірде тиімді қолдана білу, өз жеріндегі табиғатты, шаруашылық және экологиялық жағдайды бағалау білігін қалыптастыруға септігін тигізеді. Жалпы географиялық мақсаттарды жүзеге асыруда экология курсының маңызы зор.

Өзектілігі: Экологияның бүгінгі таңда халықаралық, мемлекеттік қоғамдық мәселелерді зерттейтін ғылымға айналуы. Туған өлкесінің табиғатына оқушылардың ерекше көзқарасын қалыптастыру.
Проблемасы: Адамның қоршаған орта жағдайындағы көзқарасты өзгертуі. Табиғи тепе - теңдіктің бұзылуын, табиғи қорлардың сақталуын және оның себеп - салдарын анықтау.
Курс пәні: Экология. Сынып: 5 «А», 5 «Ә». Жылына 34 сағат, аптасына 1 рет.
Мақсаты: Экологияны түбегейлі, терең, жүйелі зерделей оқып игеру арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін, экологиялық экономикалық ойлау жүйесін дамыған және өз бетімен шешім қабылдауға қабілетті, белсенді тұлға қалыптастыруға ықпал жасау.

Бұл мақсат жүзеге асу үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
♦ Оқушылардың қоршаған орта туралы білімін ұдайы кеңейіп, олардың ғылымға деген қызығушылығын арттыру;
♦ Ой - өрістің шығармашылық белсенділігін дамыту;
♦ Зерттеушілік қабілетін дамыту, экологиялық мәселелерді түсіндіру және өз бетінше шешуге дағдыландыру;
♦ Оқушылардың практикалық іс - қабілетін дамыту және оны өмірде қолдана білуге үйрету;
♦ Оқушылардың жергілікті жердің экологиялық мәселелерін шешудегі жеке басының жауапкершілігін қалыптастыру;
♦ Оқушылардың оқу еңбегіне қажетті білімдері мен біліктерін және дағдыларын қалыптастыру, байқампаздығын, қисынды ойлау, есте сақтау, сөйлеу, қоршаған ортаны эстетикалық тұрғыдан қабылдау, өмірге шығармашылықпен қарау, өзін және білімін жетілдіріп отыру қабілетін дамыту.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама