Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Балабақшаға арналған "Қозғалмалы ойындар"
Балабақшаға арналған "Қозғалмалы ойындар"

Жүгіруге арналған ойындар
1. Ұшқыштар
2. Түрлі - түсті көліктер
3. Құстар мен мысық
4. Аю апанында
5. Өзіңе жұп тап
6. Аттар
7. Сылдырмақты сылдырлат
8. Тығылмақ

Секіруге арналған ойындар
9. Қояндар мен қасқыр
10. Қаздар мен түлкі
11. Сұр қоян жуынады
12. Қойлар мен қойшы
13. Ұшатын құстар

Затты лақтыру мен қағып алуға арналған ойындар
14. Мысықтар мен балалар
15. Лақтыр да қағып ал
16. Кеглиді көзде
17. Тор арқылы допты лақтыр
18. Доптар мектебі

Кеңістікті бағдарлауға арналған ойындар
19. Дөңгелекті лақтыр
20. Қайда жасырылғанын тап
21. Ұстап ал
22. Тап та үндеме
23. Кім кетті

1. Ұшқыштар
Мақсаты:
балаларды бір - біріне соғылмай жүгіруге, белгі бойынша қозғалуға үйрету; кеңістікті дұрыс бағдарлауларын дамыту.

Балалар 3 - 4 топқа бөлінеді. Олар бірінің соныңнан бірі қолбасшының артында тұрады. Түрлі - түсті жалаушалармен белгіленген алаңдарда топтар орналасқан. Бұл - әуежай. «Ұшқыштар ұшуға дайындалыңдар» - деген тәрбиешінің белгісімен балалар әртүрлі бағытта жүгіреді, өз ұшағының қасында тоқтайды, жанармай құйып алады /еңкейеді/, моторды айландырады /қолдарымен кеуденің тұсында айландырады/, қанаттарын жан - жаққа созады, ұшады /әртүрлі бағытта жан - жаққа жүгіреді/. Ұшақтар тәрбиеші «қоныңдар», - деген белгі бергенше ауада ұшып жүреді. Бұдан кейін қолбасшы топтарын жинап әуежайға қонуға әкеледі. Қай топ бірінші келеді, сол жеңеді. Ойын 4 - 5 рет қайталанады.

Ұсыныс: ойында әртүрлі құралдарды пайдалануға болады. Әуежайды белгілеп қойған жалаушаларды тәрбиеші білдірмей ауыстырып қояды. Қолбасшының топтарын әуежайға дұрыс орналастыруы қажет.

2. Түрлі - түсті көліктер
Мақсаты:
балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл - қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын дамыту.

Балалар бөлменің қабырғасының жаңында тұрады. Олар - гараждағы көліктер. Әр ойнаушы қолдарына жалау немесе картоннан жасалған түрлі - түсті диск ұстап жүреді. Тәрбиеші бөлменің ортасында тұрып, ойнаушыларға қарап тұрады, оның қолында 1 жалауша /2 немесе 3 бірге/, біреуін көтерген кезде сол түсті көліктердің жүрісін, дауысын келтіріп жүреді. Тәрбиеші жалауын түсірген кезде, көліктер тоқтап, бұрылып, гаражға барады. Ойын 4 - 6 рет қайталанады.

Ұсыныс: тәрбиешіде қызыл түсті жалау болуы мүмкін. Байқаусызда ол жалауды көтереді - белгі бойынша барлық көліктер тоқталуы қажет.

3. Торғайлар мен мысық
Мақсаты:
балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша қимыл - қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.

Жерді шеңбермен белгілеу керек /5 - 6м. диаметрмен/. Ортада тәрбиешімен тағайындалған бала жүреді – ол мысық. Қалған балалар шеңбердің сыртында - олар торғайлар. Мысық ұйықтап қалады. Торғайлар шеңбердің ішіне дән жеуге кіреді. Мысық оянып кетеді де, торғайларды көріп, оларды ұстай бастайды. Торғайлар шеңберден шығуға асығады. Шеңбердің ішінен мысыққа ұсталған торғайлар, шеңбердің ортасында қалады. Мысық 2 - 3 торғайды ұстаған соң, тәрбиеші жаңа мысықты таңдайды. Ұсталған торғайлар басқа ойнаушыларға қосылады.. ойын 4 - 5 рет қайталанады.

Ұсыныс: мысық ақырын барып торғайларды ұстайды /қатты ұстамай, ақырын ғана қолын тигізеді/. Егер мысық көпке дейін ешкімді ұстай алмаса, тәрбиеші көмекке тағы бір мысық тағайындайды.

4. Аюдың апанында
Мақсаты:
балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл - қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру дағдыларын дамыту.

Бір жақта аюдың апаны болады. Екінші жақта балалар тұратын үй болады. Тәрбиеші аюды балалардың ішінен біреуін тағайындайды. Тәрбиеші: «Балалар қыдырып келіңдер»,- дегенде балалар үйлерінен шығып, саңырауқұлақ теріп, көбелек ұстап, орман қыдырады /еңкейеді, түзеледі, басқа қозғалыс жасайды/. Олар дауыстап айтады:
- Біз аюдың қасында
Жеміс - жидек тереміз,
Аю ұйықтамайды,
Аю ырылдайды.
«Ырылдайды»,- деген сөзден кейін аю үйлеріне қашып бара жатқан балаларды ұстай бастайды. Аюдың қолы тиген балалар аюдың апанында қалады. Бірнеше рет ұсталғаннан кейін аюдың рөліне басқа бала тағайындалады. Ойын 3 - 4 рет қайталанады.

Ұсыныс: Ойынның басқа нұсқасы болуы мүмкін - екі аюмен ойнауға болады7

5. Өзіңе жұп тап
Мақсаты:
балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша, мәтіннің сөзіне сай қимыл - қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштықтарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту.

Тәрбиеші ойнаушыларға негізгі түстен бір - бір жалаудан таратады. Даңғыраның белгісімен, шапалақпен – жалауын көтеріп алаңда жүгіреді. Келесі белгімен – даңғыраны бірнеше ұрғылаумен, шапалақпен, «Өзіңе жұп тап»- деген сөзбен, түстері бірдей жалаулары бар балалар жұп құрады. Әр жұп өз беттерімен фигура жасайды. Жұпсыз қалғандарға ойнаушылар мынадай сөздер айтады: «Арман, Арман, аузыңды ашпай, тезірек жұбыңды таба ғой». Содан кейін белгі бойынша барлығы алаңға жүгіріп келеді: 5 - 6 рет ойын қайталанады.
Балабақшаға арналған "Қозғалмалы ойындар" жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама