Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары
«Қош бол, балабақшам!» атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары

Мақсаты:
1. Балалардың бір жылдық алған білімдерін тиянақтау, мектепке деген көзқарасын қалыптастыру.
2. Балалардың тілін, шығармашылық қабілетін дамыту.
3. Үлкендерге құрмет, кішіге ізет көрсете білуге тәрбиелеу.

Зал безендірілген.
Музыка әуенімен екі тәрбиеші шығады.
1 - жүргізуші:
Жаңа өмір басталсын,
Үміт, сенім ақталсын.
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсын.

Қоштасу вальсі
Балалар жарты шеңберге тұрады.
1 - тәрбиеші: Бесіктегі баланың
Күлгенің көрген бір мұрат
Алдына түсіп ананың.
Жүргенін көрген бір мұрат.
2 - тәрбиеші: Толқимыз толқып тұрсыз, баршаңызда
Мұндай күй болған сірә, қаншаңызда
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық
Балдырған бүлдіршін түлектерді.

1 - тәрбиеші:
- Армысыздар, құрметті ата - аналар, қонақтар, әріптестер! Бүгін бізде үлкен мереке! Балабақша табалдырығын тәй - тәй басып кішкене ғана сәби болып келген балаларымыз міне, бүгін сүйікті ұяларымен қоштасқалы отыр. Бүгінгі бүлдіршіндеріміздің «Қош бол, балабақшам!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

2 - тәрбиеші:
Бізге сыйлап сыңғырлаған күлкіңді,
Сәбилерім жүздеріңде нұр тұнды.
Бізден ұшып, қанат қағып есейдіңдер,
Өздеріңмен қоштасатын күн туды.

1 - тәрбиеші:
Бізден ұшып талмай қанат қағыңдар,
Жүректерде арман отын жағыңдар.
Жақсы оқып алтын ұя мектепте,
Бұл өмірден бақыт жолын табыңдар.

2 - тәрбиеші:
Бәріңді де сәбиім деп сүйетін
Өздеріңді сағынып біз жүрейік
Құтты болсын қадамдарың аттаған
Біз сендерге сәтті сапар тілейік!

Ән: « Мектепке енді барамыз»

Балнұр:
Құрметті қонақтар, армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманын
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын

Адема:
Сегодня день весений светлый,
Такой волнующий для нас.
Промчится лето не заметно
Нас всретит школа первый класс.

Райяна:
Ағылшын тілінде:
Ю а уелком! Тудей уй сей «Сэнк ю! Гуд бай!»
Ай сей хэллоу,
Ай сей гуд бай,
Киндергадн бай - бай!

1 - бала. Қ. Әмина: Балалар, естеріңде ме, ең алғаш балабақшаға келген күндерің? Біз ата - анамыздан қалмай жылаушы едік қой. Енді міне, сол бақшамызбен қимай қоштасқалы тұрмыз.
2 - бала – Бексұлтан: Иә, қасық ұстауды да білмеуші едік. Енді қолға қалам, қарындаш ұстап, сурет салуды да үйрендік.
3 - бала: Ж. Еркежан: Біз дұрыс сөйлеуді де білмейтін едік, енді міне ән айтып, тақпақ жаттайтын болдық.
4 - бала: - Дарын: біз сүрінбей жүре алмайтын едік, енді міне, мың бұрала би билейтін болдық.
5 - бала - Елдана: Менің есімде, өзіміз киініп, жуына алмайтынбыз. Ал, қазір өзіміз киініп, жуынып, төсегімізді де жинайтын болдық.
Балнұр: Ендеше, осындай жағдайға жеткізген апайларымызға тақпақтарымызды арнаймыз.
Балнұр
Сезімді туған баламыз,
Оянды ақыл санамыз.
Адамдықтың бастауын,
Өзіңнен алып барамыз.
Адема
Балабақшам сүйікті,
Ән салдыртты, билетті,
Шынықтырып денеңді
Шымыр болуға үйретті.
Нұртілеу
Оқимыз, білім аламыз,
Болашақ жолын ашамыз.
Бақшамызды қимай біз,
Қоштасу әнін саламыз.
Әділжан:
Оқимыз білім аламыз,
Болашақ жолын саламыз.
Бақшаменен қоштасып,
Мектепке кетіп барамыз.
Әнел:
Бірге ойнап, бірге күліп,
Бақшамызда бір жүрдік.
Сурет салып, биде билеп,
Ән салыпта үйрендік.
Медина:
Жарық болса күніміз,
Жарқын шығар үніміз.
Елін сүйіп ер жетер,
Біз болашақ гүліміз.
Алихан:
Топ болып біз жүрейік,
Ойнайықта күлейік.
Достық деген тамаша,
Тұрмыз міне жараса.
Інжу
Тәрбие берген ұямыз,
Тәртіпті бала боламыз.
Қоштасып балабақшамен,
Біз мектепке барамыз.
Ән: «Сәлем саған, мектебім!»
Қош бол, балабақшам! атты балабақшамен қоштасу ертеңгілігінің өтілу жоспары. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама