Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Баланың айласы
Сабақтың тақырыбы: Баланың айласы. Ыбырай Алтынсарин
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қазақтың көрнекті ақын, жазушысы Ы. Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысып, әңгіменің тақырыбы мен жазушының идеялық мұратын мәтінге сүйене отырып ашу және шығармасындағы негізгі ойды таба білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушыларға бағыт - бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеуге, шығармашылық жұмыста шапшаңдық танытуға, өздігінен қорытынды шығаруға машықтандыру, таным белсенділіктерін дамыту.
Тәрбиелік: Әңгіме арқылы жамандықтан аулақ жақсылыққа жақын болуға, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, әңгімелеу, іздену.
Көрнекілігі: оқулық, суреттер, сызба

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Алақан» жаттығуы.
- Көршілеріңе бұрылып, алақандарыңды біріктіріп, жүректеріңнің жылуын беріңдер.
ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
- Балалар, бүгінгі сабақта біз жаңа тарауды бастағалы отырмыз. Тарау «Жақсыдан үйрен» деп аталады.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
Берілген сызбаның сол жағындағы мақал - мәтелдерге мән бере отырып, оң жағындағы негізгі ой болатын сөз тіркетерін тұсына жаз.

ІІІ. Кіріспе: 1. Бөлімнің атына мән беріп, тақырыптың мазмұнын аш.
Мақтаншақ үлкенді адал кішіпейіл әдептілік
болмауды сыйлау болу болу т. с. с
Өз сөздерімен сызбаны толықтыру.

ІҮ. Жаңа сабақ Ой ашар.
Жаңа сабақ топтық талдау арқылы меңгеріледі.
– Балалар, Ы. Алтынсарин кім және ол қай жерде, қай жылы дүниеге келген.?
– Қандай шығармалары мен өлеңдерін білесіңдер?
– Қандай оқулық жазды?
Ақын, жазушы, ұстаз. 1841 - 1889 ж. ж. Қостанай облысында дүниеге келген.«Кел, балалар, оқылық!» «Өнер, білім бар жұрттар», «Қазақ хрестоматиясы» оқулығын жазды.
- Олай болса, оқулықтың 161 – бетін ашыңдар, Ы. Алтынсариннің «Баланың айласы» атты әңгімесін өтеміз.
- Мәтінді оқымас бұрын, оқушылардың жалпы «айла» туралы ойларын біліп алу қажет.
- Айла деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Ү. Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді мәнерлеп оқу, мәтіннің мазмұнымен оқушыларды плакаттағы суреттер арқылы таныстыру.
Сөздікпен жұмыс. Түртіп алу жүйесі.
Төре (төрелік) – шешім/ барлық мәселені шешетін ақсақал немесе ақылды ер - азаматты айтамыз. /әкім/
Әйдік – үлкен
Ғалым – білімді, жаңалық ашқан адам.

ҮІ. Оқулықпен жұмыс.
1) Оқушыларға мәтінді мәнерлеп оқыту. 2) Рөлмен оқиды
Сұрақ - жауап арқылы мағынасын ашу:
- Әңгіменің авторы кім?
- Ол туралы не білесің?
- Ғалым не істеді?
- Неге тасты көтерді?
- Астынан не шықты? Ол не деді? (Шағамын.)
- Олар біреуге жүгінелік, төреші болсын деді.
- Кімдерге, нелерге барды? Төрешілер не деді? (түйе, жеміс ағашы, итке, балаға).

ҮІІ. Дәптермен жұмыс.
3 қатар жоспар бойынша дәптерге мәтінді көшіріп, өздерінің түсінгендерін баяндайды.
1 – қатар. Ғалым мен жыланның түйеге жолығуы
2 – қатар. Жеміс ағашына жолығуы
3 – қатар. Итке жолығуы.

ҮІІІ. Сергіту сәті.
Қане қанат жазайық,
Қарлығашқа ұқсайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Білімде алда болайық.

Баланың айласы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама