Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Нағыз адам
Сабақтың тақырыбы: В. Сухомлинский. Нағыз адам.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Оқушыларға жолаушының жасаған қамқорлығы туралы түсіндіру. Жан - жақты ойлауға, ақылды салмақты пікір айтуға, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету. Оқығанын еркін мазмұндай білуге үйрету. Сөздік қорларын молайту жұмыстарын белсенді жүргізу.
Дамытушылық: Шапшаң оқу, шапшаң жазуларын, еске сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың бойына мейрімділік, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Құрал - жабдықтар: мақал - мәтелдер, суреттер.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқу - құралдарын түгендеу,
- түзу – тыныш отырғызу.
- назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Психологиялық дайындық.
Балалар – гүлім менің
Балалар - күйім менің
Балалар нұр сыйлайтын
Бүгінгі күнім менің - дей отырып, балалар сендерді өзіме қуат алатын шуақты күндерге теңеймін!

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- балалар, үйге қандай тапсырма берілді?
- мәтіннің авторы кім?
Мазмұнын 3 - 4 баладан сұрау, сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.
- Шәкәрім Құдайбердіұлының «Бір кесе меруерт» әңгімесінде көпті көрген қария қандай әңгіме айтты? Не туралы?
- «Азықсыз аш адамға ат басындай алтыннан түк пайда жоқ». Сенің өз пікірің?
- Иесіз жерде қайтыс болған адамның тілегін кім орындады деп ойлайсың?
- Неге оған бір кесе меруерттің пайдасы болмады?

Үй тапсырмасын пысықтау:
Тест
1.«Сабыр түбі сары – алтын» негізгі ойын тап
А) сабырлы болу. Ә) білімді болу Б) әдепті болу
2.«Баланың айласы» әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкер?
А) бала Ә) ғалым Б) жылан
3. Көңілің таза бұлақтай ашық болсын деп қай жолаушы айтты?
А) 1 - ші жолаушы Ә) 2 - ші жолаушы Б) 3 - ші жолаушы
4. Қандай адамға алтыннан пайда жоқ
А) бай Ә) тоқ Б) азықсыз аш
- Осы әңгімедегі қарияны қандай адам дейміз? Неге?

ІҮ. Қызығушылығын ояту:
Су туралы жұмбақтар шешу:
1) Жылт - жылт еткен,
Жырадан өткен.
2) Аяғы жоқ қолы жоқ,
Бірақ тыныш тұрмайды.
Сақтамасаң - қорын тек,
Барша тірлік қурайды.

Ү. Жаңа сабақ:
- Балалар, бүгінгі сабақта біз орыс ғалымы, ұлы педагог В. А. Сухомлинскийдің «Нағыз адам» атты әңгімесімен танысамыз.
- Қалай ойлайсың, нағыз адам қандай болу керек?
«Нағыз адам» мәтінін жазған автор В. А. Сухомлинский туралы қысқаша мұғалімнің мәліметі:
Мәтінді жазған Сухомлинский Василий Александрович 1918 жылы 28 қыркүйекте УССР, Кировоград облысында, Онуфриев ауданы, Васильевка селосында дүниеге келген. Сухомлинский Василий Александрович кеңес педагогы. УССР мектептеріне еңбек сіңірген мұғалім, Дарынды мұғалім, талантты ғалым. «Жастарды адамгершілікке» тәрбиелеу туралы проблемаларды зерттеген. Ол барлық жастарға орта білім беруді шешуге ат салысқан.. Ол оқушылардың білім қорын жинақтауға мүмкіндік беру, оқушылар өмір бойы өз білімін толықтырып отыруы қажет деп қарастырған ұлы педагог Сухомлинский: «Адам білім арқылы жұмыс істеуге үйренуі - адамгершіліктің ең жоғарғы мұраты»,- деп тұжырымдаған.

Ой толғаныс
- Адамның жақсы қасиеті өзгелерге қамқорлық жасай білуінен көрінеді
- Қамқорлық дегенді қалай түсінесің?
- Қамқорлық жасаған кездерің болды ма?

Ү. Мәтінмен жұмыс.
- Мәтінді түсініп оқу.
- Оқушыларды тізбектей оқыту.
Мазмұнын ашу.
- Мәтіндегі әңгіме кімдер жайлы екен?
- Бірде қандай жағдайға душар болды?
- Осы жағдай болғанда келген жолаушылар қандай әрекеттер жасады?
Теріп оқу. Мәтіндегі қызыл түспен белгіленген тіркестерді тауып оқы. (Бұл адам емес. Бұны да әлі адам деуге болмайды. Бұл нағыз адамның өзі.)

ҮІ. Суретпен жұмыс

Суретке зер сал. Суреттегі оқиға мәтіндегі қай пікірге сәйкес келеді? Мәтіндегі басқа пікірге сен қандай сурет салар едің?

ҮІІ. Дәптермен жұмыс: Күннің ретін, сабақтың тақырыбын жазу.
Мәтіндегі қызыл түспен белгіленген тіркестерді тауып дәптерге жазу. (Бұл адам емес. Бұны да әлі адам деуге болмайды. Бұл нағыз адамның өзі.)

ҮІІІ. Сергіту сәті:
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір торып,
Біз бір дем алайық.

ІХ. Бекіту:
- Құдыққа бірінші келген адам неліктен су ішпей кетті?
- Екінші келген адам неліктен шелегін тастамай кетті?
- Үшінші адам неліктен шелегін тастап кетті?
Бес жолды өлең.
Үшінші жолушы мейірімді, қайырымды, ақылды шелегін сыйлап кетті.
Болған уақиға
Нағыз адамның бірі туралы – балалар тағы бір қосымша әңгіме айтып берейін. Алаштың арысы Әлихан Бөкейханның анасы Бегім жылда бір тайыншаны өзі бағып, қыстай жем - шөбін беріп, астын тазалап семіртеді екен. Күзде қалаға кетіп бара жатқан қалашыларға қосып жіберіп, тайыншаны саттырып ақшасына мата алдырып, ауылдағы жоқ - жітік, кедей, жетім балаларға өз қолымен көйлектер, киімдер тігіп таратады екен.

Х. Қорытынды:
Қамқорлық жасауды үйрен!
Шамаң келсе көмектес!

Қазақ халқы - жомарт халық. Халық даналығы жомарттық туралы былай дейді: «Жомарт болу үшін бай болу міндетті емес. Керісінше бай болу үшін жомарт болуыңыз қажет. Жомарт адам лақылдаған бұлақ, сараң адам тоспадағы сасық су сияқты. Сондықтан сараңдық - сор, жомарттық - қуаныш, бақыт! Егер сен халқыңа қызмет етуді ұнатсаң, әуелі жомарттық не екенін және оның қайдан келіп шығатынын білгенің жөн. Адамның адамдық қасиетінде үш нәрсе бар. Бұл бірінші - Ақыл, екінші - Әділдік, үшінші - жомарттық. Қазақ халқында «Атымтай жомарт» деген адам болған. Ол барлық қолындағысын аямай беретін болған. Сол себепті қазірде мырза, мәрт адамдарды «Атымтай жомарт» атайды.

ХІ. Үйге тапсырма: Мәтінді оқу, м\а
ХІІ. Бағалау: Сабақта белсенділік көрсеткен оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама