Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Психологиялық ойындар
Психологиялық ойындар
«Суреттерді аяқтайық» жаттығуы
Мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту.
Алдын - ала тақтаға мысықтың және қоянның құлақтары салынған плакат ілініп дайындалады. Оқушылардың көздері шарфпен байланады да, олар кезек - кезекпен шығып, бірі денесін, бірі басын, бірі аяғын салады, осылайша жалғаса береді.
«Түрлі – түсті доптар» жаттығуы
Мақсаты: оқушылардың есту арқылы есте сақтауын дамыту
Қағаз бетіне екі кішкентай қызыл және жасыл доп, қызыл доп пен жасыл доптың ортасына үлкен көк доп сал, ал жасыл доптың жанына кішкентай сары доп сал.
«Менің көңіл - күйім» жаттығуы
Мақсаты: көңіл - күйін игере білуге және басқаруға, қадағалауға, дұрыс бағалай білуге тәрбиелеу
Алдарыңдағы бланкіге өз көңіл - күйлеріңді суреттеп салыңдар.

«Мен басқаның көзімен»
Ортаға бір оқушыдан кезекпен шығып, қалған қатысушылар ол жайлы қандай ой - пікірде екенін айтады. Оқушы өзін басқаның көзімен қандай адам екенін анықтайды.
« Атомдар мен молекулалар»
Әр қатысушы - жеке атомдар. Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі, бір - бірімен жеңіл қақтығысқа түседі. Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады, сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек. Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады.
Афирмациялар
«Ол жасаған іс менің де қолымнан келеді»,« Мен жетістіктің адамымын»,« Менің жағдайым күннен – күнге жақсаруда»
«Таңғажайып дорба» ойыны
Дорбада бірнеше жеміс, көкөніс бөліктері бар. Бала көзі жабылып, дорбадағы заттың дәмін татып, оның қай жеміс екенін, дәмі, исі, формасы, түсі жайында ажырата баяндайды.

Мен қандай адаммын?
Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Сол бойынша қорытынды жүргізіледі.

Менің қиыншылықтарым
Қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды естеріне түсіріп, ортаға салады, өзгелермен ой бөліседі.

Есте қалған қызықты оқиға
Топ дөңгеленіп отырып, қатысушыларға доп беріледі Допты бір - біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады.

Ұқсастық шегі
Қатысушылар жұптасып отырады. Жұбыңа қарап, ұқсастықты тауып жазады. Ұқсастығын оқып, ой бөліседі Мен саған сенемін

Әуен ойнап тұрады. Жұп құрып, бір - бірінің көздеріне қарап отырады. «Мен саған сенемін...» өйткені сен жақсы адамсың.

«Сиқырлы сөздер» ойыны
Мұғалім кез - келген өтінішті айтады, ал оқушы оны әдепті түрде айтуы керек. Мысалы: Айнаш, дәптерді бер. «Айнаш, өтінемін дәптерді берші» Ізеттілік туралы ертегі тыңдау

Психологиялық ойындар. жүктеу
Психологиялық ойындар №1жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама