Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бәсіре. Авторы: Ә.Табылды
Сауат ашу. 1 - класс.
Сабақтың тақырыбы: Бәсіре. Авторы: Ә. Табылды.
Сабақтың мақсаты: Мәтіннің мазмұнымен таныстыру.
1. Әңгіме мазмұны мен идеясын ашу.
2. Ой - өрісін, сөздік қорын, дүниетанымын дамыту.
3. Қазақтың ырымдарын білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Биоақпараттандыру және синергетика.
Ауызша - 1 картасы:
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрнекілік, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта.

Сабақтың барысы:
I. Алғашқы ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
II. Ұғынуды ұйымдастыру.
III. Қабылдауды ұйымдастыру.
IV. Түсініктің 1 - ші тексерілуі.
V. Алғашқы бекіту.
VI. Талдау және рефлексия.
Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

Мәтінмен жұмыс. (Мұғалімнің оқуы)
Сөздікпен жұмыс.
Бәсіре – балаларға меншіктеген, арнайы ен салынған мал.
Тірек сөздер: бәсіре, Бекжан, Аңсар, жуас құнан, жауқазын, қонақ.

Қарама - қарсы сұрақтар.
1. Мәтін қалай аталады?
2. Мәтіннің авторы кім?
3. Алты жасар Аңсар қайда келді?
4. Аңсар кіммен еріп келді?
5. Оларды кімдер қарсы алды?
6. Қонақтарды қалай қарсы алды?
7. Қонақтардың келгеніне кім қуанды?
8. Қонақтарға арнап не жайылды?
9. Қонақ күту кәдесі қалай іске асырылды?
10. Аңсар мен Бекжан қайда шықты?
11. Бекжан Аңсарға нені көрсетті?
12. Жуас құнан қай жерде тұрды?
13. Бекжан Аңсарға не айтты?
14. Аңсар бұрын атқа мініп көрді ме?
15. Бекжан Аңсарды қайда мінгізді?
16. Құнанның тізгінін кім ұстады?
17. Бекжан қайда мінді?
18. Шүу деп кім тебініп қалды?
19. Құнан әуелі қалай жүрді?
20. Сонан соң құнанды қалай жүргізді?
21. Олар қайда шықты?
22. Аңсар мен Бекжан не терді?
23. Жауқазын қай кезде өсіп шығады?
24. Гүл тергенде балалар қандай сезімде болады?
25. Аңсарға құнанға мінген ұнады ма?
26. Бәсіре деген не?
27. Төрт түлік малды ата.
28. Қарақасқа құнан кімнің бәсіресі?
29. Өзіңе аталған бәсірең бар ма?
30. Жылқының қандай пайдасы бар?

Сын тұрғысынан сұрақтар.
1. Мәтін «Бәсіре» деп аталады.
2. Мәтіннің авторы Әдібай Табылды.
3. Аңсар жеті жаста.
4. Алты жасар Аңсар атасымен қонаққа келді.
5. Оларды әке - шешесімен бірге Бекжан қарсы алды.
6. Меймандардың келгеніне үй иелері онша қуана қоймады.
7. Қонақтарға арналып дастархан жайылды.
8. Қонақтарға арнап қымыз шұбат құйылды.
9. Қонақ күту кәдесі іске асырылды.
10. Аңсар мен Бекжан далаға ойнауға шықпады.
11. Бекжан желінің басында тұрған құнанды Аңсарға көрсетті.
12. Құнан өте асау еді.
13. «Мынау Қарақасқа құнан - менің бәсірем»,- деді Бекжан.
14. «Кел, құнанға мін!»,- деді Бекжан.
15. Бәсіре – балаларға меншіктеген арнайы ен салынған мал.
16. Аңсар құнанға мінбеді.
17. Бекжан мен Аңсар Қарақасқаға мінгесіп алды.
18. Бекжан Аңсарды құнанға бірінші мінгізді.
19. Аңсар бұрын атқа мініп көрмеген бала.
20. Аңсар қорқып құнанға мінбеді.
21. Құнанның тізгінін Аңсар ұстады.
22. Оның артына Бекжан мінді.
23. Бекжан құнанды қамшымен ұрып жіберді.
24. Бекжан «шүу» деп тебініп қалды.
25. Құнан бірден қатты жүрді.
26. Құнанды балалар желдірте жөнелді.
27. Олар ағып жатқан өзенге барды.
28. Бекжан мен Аңсар жерге түсті.
29. Олар қызғалдақ терді.
30. Балалар гүлді көріп қуанды.
Жалпы сөздік қор

Матрица бойынша бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама