Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мақал – сөздің азығы, Жұмбақ – ойдың қазығы
"Мақал – сөздің азығы,
Жұмбақ – ойдың қазығы"- өнер сайысы.
Мақсаты:
1. Оқушыларды «Сөз мәйегі - мақал» дегендей, ата - бабамыздан қалған өсиет сөздері арқылы адамгершілікке, ойын нақты, дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге үйрету.
2. Сөз өнері арқылы оқушылардың дүниетанымын кеңейтуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қанатты сөздер жазылған плакаттар, шарлар.

Өтілу барысы:
Құрметті ұстаздар, оқушылар, қонақтар!
Бүгін біздің кітапханамызда "Мақал – сөздің азығы,
Жұмбақ – ойдың қазығы"- өнер сайысы.
Бұл сайысқа екі топ қатысады: 1. «Сұңқар» тобы. 2. «Барыс» тобы.
Құрметті ұстаздар сіздердің іштеріңізден әділ қазыларды сайлап алсақ.
Алдымен мақал - мәтел дегеніміз не? Қысқаша тоқталып өтсек:
Мақал - мәтел – ата бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанмен, уақыт өткен сайын мағынасы тереңдеп, құны артып, қымбат қазынаға айналып келеді. Мақал - мәтел – тәрбиелік мәні зор, рухани байлық. Осы тұста мен осы мақал мен мәтел айырмашылығын түсіндіріп өткім келіп отыр.
Мысалы: Мақалда қорытынды, тұжырымды түйін айтылады. Айтылар ой нақты толық жеткізіледі. Мысалы: «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» деген мақалда елді қорғау, жерді қорғау нағыз жігіттің ісі екендігі айтылып тұр.
Ал, мәтелде ой тікелей білдірілмей тұспалдап, жанамалап айтылады.
Мысалы: «Көппен көрген ұлы той». Мұнда не көрсең де халықпен бірге көр, өз басыңның ғана қамын ойлама деген сөз тұспалдап айтылып тұр.
Біздің мақсатымыз, оқушының білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, оқу деңгейін және ойын нақты дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге салмақты ой айтуға үйрету болып табылады. Ендеше біз бүгінгі сайысымызды бастайық.

1 - тур: «Кім көп біледі?» Қатысушы топтар мақал – мәтел айтудан жарысады.(1 минут уақыт беріледі, сол уақыттың ішінде топтар қанша мақал айтса, ұпай саны да соған қарап қойылады)
2 - тур: Мақал – сөздің мәйегі
(тақтада мақал - мәтелдің басы беріледі, қатысушы топтар мақалды жалғастырады)
1. Жақсы кісі байқап сөйлер,...(жаман кісі шайқап сөйлер)
2. Ер еліне,...(ит иесіне)
3. Балапан ұяда не көрсе... (ұшқанда соны іледі)
4. Өнер - ағып жатқан бұлақ,...(Білім – жанып тұрған шырақ)
5. Жақсының аты өлмейді...(Ғалымның хаты өлмейді)
6. Көз жетпеген жерге,...(сөз жетеді)
7. Отыз тістен шыққан сөз,...(отыз рулы елге тарайды)
8. Дұшпаны көптер сақтана жүреді,...(Досы көптер мақтана біледі)
9. Жалған достан...(жау артық)
10. Өнерлінің қолы алтын,...(өлеңшінің сөзі алтын)
11. Еңбек етсең ерінбей,...(тояды қарның тіленбей)
12. Отан үшін күрес -...(елге тиген үлес)
3 – тур: Кім тапқыр?
- Ал балалар, мен Сіздерге жұмбақ айтамын. Жұмбақ деген алақанды жұмудан, яғни қолдың ішінде бір нәрсені жасырып, жұмып тұрып, соны тап дегеннен шыққан. Жұмбақ жасырғанда айтылар нәрсені ойда бүгіп қалып, соған ұқсас нәрселерге теңеп, тұспалдап сипаттап айтады. Мысалы:
Тұрғанмен жырақ өзі,
Таусылмайтын шырақ көзі. (Күн)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама