Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бастауыш сыныптарда ағылшын тілін оқытудың маңызы мен ерекшеліктері

Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚУ-нің
«Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының​
IV курс студенті Мизамбаева Гүлжайна Ниетбайқызы
Ғылыми жетекшісі: аға оқытушы, магистр  Турежанова Гулаим Айдынғалиевна

XXI ғасыр - білім мен ғылымның жаңа инновациялық технологиямен қарыштап дамитын заманы. Сондықтан еліміздің болашағы жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі  болуына тікелей байланысты. Ұрпақ білім мен ғылымды терең меңгерсе, халқымыздың болашағы жарқын болады. Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаевтың: «Біз алдағы уақытта осы алған бағытымыздан таймай әлемдік биіктерді бағындыра беретін боламыз. Сондай биік белестердің бірі – Қазақстанның дүние жүзіндегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі. Ол мақсатқа жету үшін, ең алдымен, әрбір қазақстандық бәсекеге қабілетті  болу керек», - деген сөзі білімі, ғылымы мықты ел болуымызға бағытталған. Елбасы жаңа өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың үш тіл білу керектігін баса айтты. Ағылшын тілін үйрену, оны жетік меңгеру - бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде маңызды.

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап, Қазақстанның оқу орындарында ағылшын тілі оқытыла бастады. Ағылшын тілінің мамандары дайындалып, білім алушыларға сабақ берді. Қазіргі кезде мемлекетіміздің көптеген мемлекеттермен қарым-қатынасы артуда. Тұңғыш президентіміз Н. Ә. Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» - деп айтқан еді. Тілді үйреніп, білудің  пайдасы орасан зор. Ана тілімізді білу – әрбір адамның парызы. Шет тілін білу - өмір қажеттілігі. Сонымен қатар еліміздің білім дәрежесін көтеруге ықпал етеді. Соған байланысты экономикамыздың артуы үшін, мәдениетімізді дамыту үшін ағылшын тілін мектептен жақсы меңгерген, болашақ қызметінде еркін пайдалана алатын шәкірт дайындау – бүгінгі басты міндетіміз.

Бастауыш сынып – білімнің алтын қазығы. Бастауыш сыныпта оқушылар мұғалімнің айтқанын тез меңгеріп, тез жадына сақтайды. Ағылшын тілін де бастауыш сынып оқушылары тез меңгереді. Қазіргі кезде ағылшын тілін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер бастап оқытады. Айту, есту арқылы білуге ынталанған балалардың есте сақтау қабілеті жоғары болады. Сондықтан тілді үйретуді ерте бастаған өте тиімді. Бастауыш сынып оқушылары ағылшын тілін білуге қызығады [2]. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру үшін сабақта жаңа технология әдіс-тәсілдерін қолданып, білімдерін шыңдау әрбір мұғалімнің міндеті. Сабақта түрлі ойындар қолданып, оқушылардың ағылшын тіліне деген белсенділігін арттыруға болады.

Мектептегі ерте жастан оқыту бұл бастауыш сынып оқушыларын оқытудың бірінші сатысы. Осы сатыда оқушылардың бойында келесі кезеңде шет тілін қарым қатынас құралы ретінде меңгеру қажетті тілдік және сөйлеу қабілеттерінің негізі қаланады.

Бүгінгі таңда шет тілін бастауыш сыныптан бастап оқыту отандық және шетелдік мектептердегі бастауыш сатының айырылмас бөлігі деп сеніммен айтуға болады. Қазіргі тұлғалық бағытталған оқыту концепциясына сәйкес оқушы, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктері білім беру жүйесінің дәл ортасына қойылған.

Бастауыш этап маңыздылығы - әрі карай бұл пәнді меңгеру жетістіктері мен келесі этаптардағы білім дағдыларының қалыптасуы бұл этаптагы оқу үрдісінің қалай өткізілетіндігіне байланысты болады [5]. Оқытудың мақсаты оқу бағдарламасымен айқындалады. Сондықтан мұғалім өзінің оқыту-тәрбие жұмысын осы бағдарламаға сүйене отырып жоспарлап, жүзеге асыруы тиіс. Бағдарламаның түпкі және қосалқы мақсаттарын ажырата білу керек, себебі әр сабақтың негізгі және қосалқы мақсаттары болады.

Оқытудың бірінші сатысында келесі міндеттер орындалады:

1) шет тілін қарым-қатынас кұралы ретінде колданудың психологиялық барьерін сезінбеген кезде ерте жастай оқушыларды шет тілдік әлемге кірістіруге ықпал ету; балалардың шет тілде қарым-қатынас жасауға дайындықтарын және оны әрі қарай меңгеруге деген ерік-жігерлерін қалыптастыру;

2) сөйлеу қабілеттерінің мүмкіндіктері мен басты ерекшеліктері оқушының қажеттіліктерін ескере отырып сөйлеу әрекетінің 4 түрінде де элементарлық коммуникативтік қабілеттіліктерді қалыптастыру (сөйлеу, тындау, оқу, жазу);

3) балаларды шетел оқушыларының өмірімен, өлең, таппак, ертегі түріндегі фольклорымен және балаларға арналған көркем әдебиет үлгілерімен таныстыру;

4) ана тілінде және шет тілінде көрініс табатын әмбебап лингвистикалық ұғымдарды, интеллектуалды және танымдық қабілеттіліктерді қалыптастыру;

5) балаларды жаңа әлеуметтік тәжірибеге қатынастыруды отбасылық, тұрмыстық, оқу қарым-қатынастарына катысты рөлдік ойындар арқылы, олардың ана тілі мен шет тілінде қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін, айырмашылықтарын ескере отырып ұйымдастыру.

Шет тіліне ерте жастан үйрену окушыларға келесі мүмкіндіктерді береді:

1) шет тіліндегі дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс айту мен есту арқылы айыруға, сөйлемнің негізгі түрлерінің интонациясын сақтауға;

2) бастауыш сынып тақырыптары шегінде ең қолданбалы лексиканы үйрену. 500 лексикалық бірліктен кем емес продуктивті лексикалық минимумдарды игеру; лексиканың жалпы көлемі, рецептивті лексикалық минимумды қосқанда, 600 лексикалық бірліктен кем болмауы керек;

3) оқылып отырған тілдің негізгі грамматикалық категориялары жайлы ақпарат алу, оқыған лексиканы және грамматиканы оқу, тыңдау кезінде және қарым-қатынаста қолдануға;

4) мұғалімнің, сыныптастарының, көрнекіліктер мен тілдік болжамдар арқылы жеңілдетілген тексттердің мазмұнын есту арқылы түсінуге;

5) диалогтық қарым-қатынасқа қатысу: екі жақты және этикетті диалог жүргізуге;

Оқудың табыстылығы мен оқушылардың пәнге деген қатынасы мұғалімнің сабақты қаншалықты қызықты және эмоционалды өткізуіне байланысты. Әрине, шет тіліне бастауыш сынып оқушысын оқытуда ойындар маңызды рөл атқарады. Ұстаз қаншалықты ойындар мен көрнекіліктерді сабакта жиі қолданса, соншалықты берік түрде материал меңгеріледі [4].

Шет тілінде оқу, есту, көру, сөйлеу анализаторларын белсендендіріп, естің, ойлаудың, елестетудің дамуына маңызды үлес қосады. Бастауыш сынып оқушыларының ой-өрісі кең және бұл қабілетті окыту тәрбиелік үрдісінде қолдану қажет, екінші жағынан - бұл қабілетке сүйену олардың ойлау қабілетттерін дамытады. Оқу-ұйымдастыру білігі мен дағдысын қалыптастыру дамытушылық мақсаттардың негізі болып табылады. Себебі, оқушының тіл білімі деңгейін жоғарылату және сол тілде ойлауды дамыту - тіл білімін дамытудың басты мақсаты.

Шет тілін бастауыш этапта оқыту оқушының логикалық ойлауын дамытуы мүмкін. Кітаптарда ойлау әрекеттерін жүзеге асыруды кажет ететін тапсырмалар беріледі. Мысалы:

Look at the picture and agree or disagree. – Талдау.

Choose the right sentence. – Салыстыру-талдау.

Arrange sentences in a logical order. – Талдау-салыстыру.

What do you think about Pit? Is it good to do things like that? – Талдау-саралау, ой-қорытындылау [6].

Оқытудың ағартушылық максаттары. Кез келген тілдің ағартушылык қызметі өте зор. Оқушылар екінші тілді меңгереді, сәйкесінше, ойды білдірудің жаңа кұралын игереді және бұның өзінде оқу пәнінің ағартушылық рөлінің негізі жатыр. Әрбір тіл сол тілде сөйлейтін халықтың мәдениетінің тікелей көрсеткіші. Оқушылар жаңа тілді оқып үйренуі үшін сол тілде сөйлейтін халық туралы хабардар болады, өз ойын дұрыс жеткізе алуды үйренеді, осының бәрі - тілді оқытудың ағартушылық мақсаты.

Ана тілін оқып үйренгенде тілдін негізгі құралдары - сөздер мен грамматикалық формалар туралы түсінік қалыптасады. Ал, шет тілінің терминдерімен салыстыру арқылы оқушы туған тілінің сөздері мен грамматикасының категориясын толық түсіне алады. Сондықтан, бірінші сабақтан бастап ана тілі мен шет тілін салыстыра отырып оқытқан жөн [1].

Тіл - сыртқы дүние мен қоршаған орта туралы білім алу көзі. Бұл пәнді оқытуда оқушылар шет тіліндегі атаулармен, кұбылыстармен танысады [3]. Танысу ауызша және жазбаша түрде жүреді. Осы екі түрді меңгеру шет тілін игерудің тәжірибелік мақсаты болып табылады. Яғни, оқушы шет тілін ауызша және жазбаша түрде пайдалана білуі тиіс. Шет тілін тыңдап түсіне білу және сөйлей білу ауызша түрге жатады. Жазбаша түрге тілдің жазбаша түрін пайдалана білу немесе жазу және шет тілінде жазылған мәтінді оқи білу жатады. Тыңдау, сөйлеу, жазу және оқу дағдыларын калыптастыру оқушының тілді ауызша да, жазбаша да жақсы меңгеруіне тікелей әсер етеді. Тілді жақсы меңгеру үшін бастауыш сыныптарда осы төрт дағдының негізін берік қалыптастыру кажет.

Ағылшын тілі – қазіргі ғасырдың тілі. Ағылшын тілінің маңызы ерекше. Қоғамның қай саласында қолданыс табуда. Шет елге шығатын студенттер, қызметкерлер үшін ең қажетті тіл – ағылшын тілі. Қазір тіпті мектеп оқушыларының ағылшын тіліне қызығушылықтары артып, соңғы жылдары көбі ағылшын тілін  таңдап, оқуға түсіп, мамандықтарының иесі болып жатыр. Ағылшын тілі  - дүние жүзіне кең таралған тілдердің бірі. Ағылшын тілі Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Австралия, Жаңа Зеландия елдерінің мемлекеттік тілі. Ағылшын тілінде 400 млн-нан адам сөйлейді. Ағылшын тілі екіге бөлінеді: британдық. американдық. Шотландиялық, солтүстік, батыс, шығыс, оңтүстік диалектілері болып британдық ағылшын тілі бөлінеді.

Болашағымыздың жарқын болуы білімнің қарыштап дамуына тікелей байланысты. Сондықтан білімді шәкірт – ел болашағының тұтқасы. Шәкірттерге сапалы білім мен саналы тәрбие беру – мұғалімдер еншісінде.

Пайданылған әдебиеттер

1. Дуненкулова Р. Г. , Қайырбаева А. Қ. Шетел тілдерін оқытудың әдістемесі  2013. 14-17бб.
2. Зимняя И. А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М. : Просвещение, 1991. - 227 с.
3. Колесникова И. Л. , Долгина О. А. Англо-русский терминологический справочник по методике преподавания иностранных языков. - СПб. , 2001. - 214 с.
4. Рогова Г. В. Методика обучения аиглийскому языку. - М. , 1975. -205 с.      
5. Рогова Г. В. Верещагина И. Н. Методика обучения английскому языку на начальном этапе. - М. : Просвещение, 1988. - 215 с.      
6. Пассов Е. И. Урок английского языка в средней школе. - М. :Просвещение, 1988. - 235 с.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама