Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қазіргі заманғы адам және қоғам өміріндегі діннің рөлі

Шет ауданы Акадыр кенті
М. Мәметова атындағы ЖББ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі Жалгабекова Жибек Рысбайқызы

Егемен ел болып қалыптасуымыз, мемлекетіміздің өсіп, өркендеуінде діннің алатын орны зор. Өйткені, дін - имандылықтың, әділдіктің, сыпайылықтың, парасаттылықтың, көпшілдіктің, төзімділіктің кепілі Діні, тілі жоқ халықтың – болашағы жоқ. Діннің жағдайы қоғам дамуына тікелей қатынасы бар. Қазақстан Республикасының тұңғыш  президенті Н. Ə. Назарбаев «Сындарлы он жыл» атты еңбегінде «Бүгінгі күнгі жекеленген елдердегі діни сана- сезімнің өсуі кездейсоқ құбылыс емес. Дін ұлттың жəне мəдени біртектілікті сақтаудың негізіне айналып отыр», — дейді

Қазіргі заманғы адам және қоғам өміріндегі діннің рөлі ерекше деп айтуға да болады. Себебі қазіргі заман жастарының біразы дінге деген көзқкарастары ерекше.

Қазіргі таңда жастардың дінге деген қызығушылығы жыл сайын артып келеді. Бүгінгі күні кез келген діни ғимараттағы жамағаттың көп бөлігін жастар құрайтыны баршамызға мәлім. Бұл қоғамдағы дінді ұстанушы тұрғындардың басым бөлігін жастар құрайтындығын көрсетеді.

Қазіргі замандагы адамдар қоғам өміріндегі діннің ерешелігін - одан оқшаулана алмайтын қоғамдық өмідің бір бөлігі, ол қоғам өміріне соншалықты сіңісіп кеткендігін терең түсіне алады. Солай бола тұра, қоғам мен діннің мұндай байланысының сипаты мен дәрежесі оның дамуының әр түрлі кезеңінде біркелкі болмайды.

Әлеуметтік жіктелудің күшеюімен қатар қоғамдық өмірдің әр түрлі салаларының тәуелсіздігі арта түседі. Қоғам, мамандану және жіктелу жолымен жылжи отырып, онда әлі оның өмір саласын құрайтын бөліктері бір жерде топтасып, оларды айыру мүмкін болмайтын тұтастық жағдайынан көп бейнеліктің бірлігін білдіретін жалпыламалыққа бірте-бірте өзгереді. Қоғам өміріндегі діннің рөлі – ерекше.

Қазіргі қоғамда дінге деген дұрыс, бұрыс  пікірлер жоқ деп айтуға да болмайды. Адамзаттың рухани сұраныстарының түрлілігіне байланысты діндер де әртүрлі аталды. Дүниедегі халықтар, мемелекеттер өз тарихын зерттегенде діни, рухани үдерістерді негізге алады.

Алайда қазір адамзат баласын өзге жаратылыстан ажыратып, өзінің осы жаратылған барша жаратылыстың қожасы екенін, бірақ сол үшін осы әлемнің иесі алдында жауапты екендігін сезіндіретін нәрсе – дін. Көптеген адамдар жүрекке дауа, санаға өріс беретін діннің мәңгілік құндылықтарына жүгінуге мәжбүр болады. Міне, осындай жандар адам өміріндегі, қоғам өміріндегі діннің орнын түсініп, оның мәні мен маңызын ашуға ұмтылады. Адамды осындай биік құлшынысқа, рухани жетілуге жетелейтін қасиеті діннің басты бір маңызы болып табылады.

Басында айтқанымдай дін қоғам өмірінен өз орнын алатыны сөзсіз. Осыған орай жастарымызға дұрыс бағдар, жақсы тәрбие, қоғамымызға тигізер пайдасына байланысты жеке пікір ретінде мына нәрселерді ұсынғым келеді. Қазіргі таңда оқимын, ізденем деген жастарға үлкен жолдар ашылған. Сол нәрсені дұрыс пайдалана білген дұрыс. Діни сауатын арттыратын орын ретінде мешітке бағыт бағдар беретін едім. Өйткені қазір мешіттің жанында жастардың діни сауатын ашу мақсатында курстар ашылған. Сол жерлерден діни білім алса қоғамға да пайдасын тигізер жастарымыз өсіп- өнер еді.

Қазіргі қоғамда адамдар уақыттарын текке өткізбей, мешітке келіп, дін туралы кеңестер жақсы уақыздарды сүйсіне тыңдайтындарына қарап іштей қуанамын. Мен өз ауылымдағы мешіт шағын болса да, келер адамдардың саны артуда.

Қазіргі қоғамда, дамыған заманда, интернет, тунгі клубтарда уақыттарын текке өткізбей, намаз оқып, құран жаттайтын халық саны да аз емес. Алланың үйі мешітке барып, білмегенін имамнан сұрап, білгендерін бөлісіп білімдерін жетілдіреді. Осы жағдайды бізде қолға алып, жастарымыздың діни сауатын арттырсақ қоғамда тыныштық, береке боларына сенімдімін.

Қазіргі кезде жаңартылған əлеуметтік қоғам дамуындағы жеке адамның қалыптасуы, рухани мəдениеттің артуындағы Қазақстандағы діннің бүгінгі жағдайы орасан зор рөл атқарады. Рухани мəдениет — бұл ескіден қалған тарихи мұра, ол қазіргі кездегі қоршаған өмірге, адамгершілікке, тəрбиелікке, бірігіп қимыл жасауға Қазақстандағы діннің шарттарын үйренуге жəне өркендеудегі əлеуметтік мұра ретінде қарастырылады. Расындада бүгінгі күні дінге деген адамдардың көзқарасының сенімдерінің өзіндік ерекшелігі байқалады.

Діннің жағдайы бүгінгі күнгі əрбір адамға таныс. Діни тұжырым барлық діни-ғұламалық жəне діни-философиялық əдебиеттерде қарастырылған. Оның негізгі мəні діннің құдіретті күшінен туындап отырғандығы «Адамның бойында бір күш бар. Ол күшті жақсыға да, жаманға да қолдануға болады. Оны Алла тек қана жақсылыққа қолдануын қолдайды» Бұл пікірдің мағынасы, барлық нəрсе Алланың тағдыры мен қазасы бойынша жүзеге асады. Əрине, адам өз өмірін жүйелі түрде реттей алады. Дін — адам тарихының үлкен тағылым-тәрбиесінің бірі және сарқылмас даналық көзі. Халықты тұрмыс- тірлікке тəн əдет-ғұрыпқа, салтқа тəрбиелеу — бүгінгі жағдайдың міндеті. Тəрбиенің арасында əрбір адамның өз талғамы, ой-толғауы, түйгені болуы керек. Сонда ғана ол өркениеттік деңгейде көтеріледі, алды-артына үніледі.

Болашақта өсіп келе жатқан жастарымызға үлгі бола алатындай, өзімізді көрсете білуіміз керек. Дін туралы дұрыс ұғым беруіміз керек. Өйткені дін санаға әсер ететін күш. Ал сана жастардың өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, ынта мен күш-жігерлерін арттырушы. Саналық негіз қалай қалыптасса, үйдің іргетасы секілді жастарда солай қарай бой түземек.

Бұл туралы данышпан Абай атамыз: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде. Тәрбие ата –анасы, ұстазы, ортасы арқылы қалыптасады. Жас өсе келе қай ортаны жақсы көрсе, сол ортаның ықпалы жастардың санасына көп ықпал етеді», деген болатын қара сөзінде.

Тәрбиедегі қамқорлық маңызды құбылыс. Сонымен қатар, көппен бірге адаспай, жалғыз жүріп жол тауып, сол дұрыс жол арқылы көпті тәрбиелеудің маңыздылығының жоғары екенін ұққандаймыз.

Заман талабына сай мемлекет тарапынан дәстүрлі рухани құндылықтарды насихаттау жұмыстары үздіксіз жалғасып келеді. Ал, тәрбиелік мәселелерде мемлекет тарапынан өнер, қоғамдық салалы мекемелер арқылы жаңаша жолдарға ден қойып, қоғамдық институттар арқылы жастарды тәрбиелеу жолдары іске асырылып келеді.

Тарқатып айтсақ, кино саласындағы тарихи-рухани туындылар, театр сахнасындағы қоғамдық тәрбиеге үн қосатын көрсетілімдер, тәрбиелік мазмұндағы еңбектер мен газеттер, интернет пен әлеуметтік желілерде тәрбиелік мәні зор парақшаларды тапсырыспен ұйымдастыру, рухани танымдық кештер мен іргелі іс-шараларды жүзеге асыру жалғасып келеді. Дегенмен бұл бағытта ата-аналардың тәрбие саласына аса мән беру керектігін үндейді. Неге, өйткені әр ата-ана өз балдарының тәрбиесіне аса мән беріп, отаншылдық бағытта тәрбиелесе, ол баланың болашақта игілікті істер идеясымен өмір сүретіні белгілі.

Елбасымыз Н. Назарбаев тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізді өркендету жолында іргелі әлеуметтік реформалар жасап келеді. «Біздің басты мақсатымыз — əлеуметтік қауіпсіздік жəне азаматтарымыздың байқуаттылығы.

Бұл — қоғамдағы тұрақтылықтың ең жақсы кепілі. Нағыз пəрменді əлеуметтік саясат — ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты» делінген Президент Жолдауында.

Ендеше, мемлекеттің жастарды әрдайым әлеуметтік әрі рухани қолдау жауапкершілігін сеніммен жүзеге асырып келе жатқанына сеніміміз мол болуы тиіс.

Əрбір қазаққа ойланатын уақыт жеткен сияқты. Мыңжылдаған тарихы бар ата-бабаларымыздың жолымен жүріп, салт-дəстүрімізді сыйлап, қолға алып, болашақ жастарға насихаттауға бейімдеу.

Батысқа қарап еліктемеу, өз дінімізді қадірлеп қастерлеу. Дін де адамның барлық іс-əрекеттерінің сапалығына ықпал етіп, адамның «адам» деген атауға лайықты болуына қадағалайды.

Енді ғана өркендеп келе жатқан дінімізді орнықтыра түссек, одан ұтпасақ, ұтылмаймыз. Өйткені ислам діні тарихи дамуымыздың негізі. Дінімізді бекем ұстап, дұрыс түсіну, жастарды ұлттық рухпен тəрбиелеу бүгінгі жағдайдың ісі. Ислам кез келген уақытқа, жағдайға, толыққанды тіршілікке арналған дін.

Қазіргі заманғы адам және қоғам өміріндегі діннің маңыздылын, ерекшелігін дұрыс түсіне білетін, ұрпақтан-ұрпаққа дұрыс жеткізіп, тәлім-тәрбие беретін, өсіп келе жатқан жастарымызды да  дұрыс жолға салатын да өзіміз. Сонымен қатар, көппен бірге адаспай, жалғыз жүріп жол тауып, сол дұрыс жол арқылы көпті тәрбиелеудің маңыздылығының жоғары екенін түсіне  білейік.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама