Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Бекіту
Сабақтың тақырыбы: Бекіту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, өткенді пысықтау, қайталау, қалыптасқан деңгейін анықтау.
Дамытушылық: Оқушылардың математикалық ойлау қабілеттерін дамыту, есептеу дағдыларын жетілдіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, батырлыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, үлестірмелі материалдар, батырлардың суреттері, ребус, сөзжұмбақ.
Сабақтың өту әдісі: Сұрақ – жауап, талдау, жинақтау.
Сабақтың түрі:
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, ана тілі, өзін - өзі тану, музыка.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
Психологиялық кезең.
Бір – бірімізге жылы лебіз тілейік.
- Иманды да, шыншыл болыңдар!
- Еліме тыныштық тілеймін!
- Деніміз сау болсын!
- Білімді азамат болайық!
- Көк туымыз биік болсын!
- Жарайды, балалар! Біз бір – бірімізге жылы тілектерімізді айттық!
Енді маған мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Ой қозғау.
- Не үшін оқимыз?
- Нені оқимыз?
- Қалай оқимыз?

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
№ 7.
79 – (19 +20) = 40
98 – (20 + 39) = 39
45 + ( 46 – 9 ) =8 2
87 + ( 56 – 27 ) = 116
58 – (50 + 8) = 0
60 + (33 + 7)= 100
Берілген сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.
125 = 100 + 20 +5
527 = 500 + 20 +7
978 = 900 + 70 +8
466 = 400 + 60 +6

ІІІ. Жаңа сабақ.
Балам, сенің бұл халқың батыр халық!
Батырлығын жауыңа танытты анық.
Байқағанға осы да осалдық па?
Байтақ мекен көз жетпей жатыр неғып! –
дей отырып, бүгінгі сабағымызды батырлармен байланыстырғым келіп отыр. Осы біздің байтақ жеріміз бізге қалай келгеніне көз жеткіземіз. Біздің батырларымыз, ата – бабаларымыз қандай еңбекпен тәуелсіздікке қол жеткізгеніне куә боламыз. Ондай болса тақтаға назар аударайық.

Қаракерей Қабанбай,
Қанжығалы Бөгенбай,
Шақшақұлы Жәнібек,
Сіргелі қара Тілеуке,
Қарақалпақ Қылышбек,
Тігеден шыққан Естенбек,
Үйсіннен жүр Райымбек
Шапырашты Наурызбай,
Құдаменді Жібекбай,
Секербай мен Шүйбекбай
Жауды қуды түйдектей, - деп Бұқар жырау жырлағандай бұл батырлар ғасырдың батырлары.

Тақтамен және дәптермен жұмыс.
№1. Қысқаша жазбасы бойынша есеп құрастыр және оны шығар.
1) Болды – 500 тг
Жұмсалды – 140 тг және 60 тг
Қалды -?
Шешуі: 140 + 60 = 200
500 – 200 = 300
Жауабы: 300 тг қалды.

2) Болды – 300 тг және 150 тг
Жұмсалды -?
Қалды – 200 тг
Шешуі: 300 + 150 = 450
450 – 200 = 250
Жауабы: 250 тг жұмсалды.

Исатай мен Махамбет. Исатай Өтемісұлы 1836 – 38 жылдары Батыс Қазақстан аймағында өрбіген ұлт – азаттық көтерілістің басшысы болған. Бұл кісілер парасаттылығымен, батырлығымен, шыншылдығымен беделді болған.

№2. а = 100, а =300, а = 520, а = 640 болса, а + 300 өрнегінің мәнін тап.
100 + 300 = 400
300 + 300 = 600
520 + 300 = 820
640 + 300 = 940

Амангелді Иманов – қазақ халқының батыры. 1916 жылы ұлт – азаттық көтерілісін ұйымдастырушылардың бірі. Ол өте мерген және ержүрек болған.

№4. Теңдік тура болатындай бос орынды толтыр.
80 +70 - 136 = 14
60 +60 – 100 = 20
110 – 20 - 40 = 50
120 – 60 + 10 = 70

Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова – Кеңес Одағының Батырлары. 1941 – 1945 жылдары арасындағы болған Ұлы Отан Соғысына қатысқан.

Сергіту сәті
«Жауынгерлер жыры» әні

Ребус. Кесінді
№5. Өз бетінше жұмыс.
Ұзындықтары 50мм және 5см 2мм болатын екі кесінді сыз. Олардың бірінен – бірі қанша ұзын екенін анықта.
5см 2мм = 52мм
52мм – 50мм = 2мм

Қайрат Рысқұлбеков, Ляззат Асанова – 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан.
№6.
1 – сөреде – 320 кітап
2 – сөреде – 400 кітап
Берілді – 120 кітап
Қалды -?
Шешуі: 320 + 400 = 720
720 – 120 = 600
Жауабы: Сөреде 600 кітап қалуы мүмкін.

- Ал балалар, біз тәуелсіздігімізді алдық. Енді тәуелсіздік алғаннан кейін де бейбіт заманда біздің елден батырлар шығыпты. Олармен танысқыларың келсе, мына тапсырманы орындау керек.
Сөзжұмбақ.
Көлденеңінен:
1. Белгісіз бар теңдік.
2. Сегіз ондық.
Тігінен:
1. Жеті ондық.
2. Математикалық таңба.

Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев. Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы сәуірде «Союз ТМ - 13» кемесімен 8 тәулікке ғарышқа ұшты. 1994 жылы қазақтың екінші ғарышкері Талғат Мұсабаев бортинженер ретінде «Союз ТМ – 19» ғарыш кемесімен ғарышқа сапар шекті. 1996 жылы 29 қаңтарда екінші рет ғарышқа аттанды. Ол «Союз ТМ - 27» деп аталатын ғарыш кемесін өзі басқарды.

- ХХІ ғасырдың батырларын білгілерің келсе, мына санамақты жылдап есептеулерін керек.
Математикалық санамақ
«Бәрі қанша құс болды?»
Мынау да бір санамақ
Өздерің көр қаралап:
Төбеден төрт бөктері
Аңдыпты қос кептерді
Шаңқылдаса көп қарға
Секем ап, бір дауыстан
Безектеп бес сауысқан
Алты белден асыпты,
Тым – тырақай қашыпты
Үш үшкі үркіп ұшыпты
Тас құлап түсіпті.
Жарда жеті жапалақ
Отырғанда қаталап,
Топ – топ тоғыз тоқылдақ,
Қарғып кеткен топырлап,
Бүйтіп, қызық іс болды,
Бәрі қанша құс болды?
(Жауабы: 30 құс. )

І V. Сабақты қорыту.
Батырлық туралы мақал – мәтелдер жазу.
Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеу.

V. Үйге тапсырма беру. «№3»
Бағалау

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама