Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Кестелік қосу мен азайтуды қайталау
Сабақтың тақырыбы: Кестелік қосу мен азайтуды қайталау.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Қосу мен азайтудың мән мағынасын ашуды және он
Көлеміндегі кестелік қосу мен азайту сияқты мәселелерді
қайталау.
Дамытушылық: Оқушылардың ақыл - ойын, ой - өрісін дамыту. Өздігінен
жұмыс істеуін қалыптастыру. Шапшаң есептеуге
дағдыландыру. Пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелігі: Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру

Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Кесте, елді - мекен картасы, деңгейлік тапсырмалар
бақылау картасы.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
1. Сабаққа әзірлік
2. Сабақтың мақсатын хабарлау.

Балалар мына суреттен кімді көріп отырсыздар?
- Н. Ә. Назарбаев
Дұрыс, ел басымыз Н. Ә. Назарбаев. Еліміздің экономикасы мен халқымыздың
Әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін жыл сайын Қазақстан халқына жолдау жолдайды.
Біздің бүгінгі сабағымыз ел басы жолдауындағыдай өркендеген дамыған, елді - мекендерге саяхат жасау
арқылы өтеді, сондықтан білімдерімізді көтерейік. Сонымен кестелік қосу мен азайтуды еске түсіруді қайталаймыз.
Жетібайдан Сенекке бару үшін дамыған бірнеше ауылға соғамыз. Сондықтан пойызбен барамыз.
- Пойызға міну үшін не керек?
- Билет
- Дұрыс, билет орнына білімдерімізді тексеру үшін бақылау картасы бар, картадағы тапсырманы орындасақ пойызға мінеміз.
Бақылау картасы
Өрнек ------------- Өрнектің мәні
2+3 -------------- 10
5+5 ----------------5
4 - 2 -------------- 1
7 - 6 -------------- 2

- Жақсы тапсырманы орындадық: Өзен қаласына бет алдық. Өзен қаласы бизнес орталығы.
Тапсырма: Қосу мен азайту компоненттерін еске түсіру.
1. Оқулықтағы 1 - 2 тапсырмалар
2+2=4 --------------- 3+3=6 -------------------- 4+4=8
5+5=10 ------------- 8 - 4=4 -------------------- 6 - 3=3
4 - 2=2 -------------- 10 - 5=5 ------------------ 1+1=2
Тапсырманы орындадық. Жаңа өзен халқы риза болды.
Келесі. «Құланды» ауылына келе жатырмыз. Құланды компьютерленген, дамыған ауыл.

Тапсырма. Оқулықтағы №3
1. Мәні 0-ге тең болатын айырмаларды жазу.
Бос әйнекшелерге тиісті санды қою.

2. Сергіту сәті.
Ары қарай мәдениет орталығы Бостан ауылына келдік.
Тапсырма. Оқулықтағы 4 - 5 тапсырма.
1. Қосындының мәні қосылғыштардың біреуіне тең болатын қосындыны жазу.

4+0=4 -------- 0+3=3 ----------- 6+0=6
5+0=5 -------- 0+2=2 ----------- 7+0=7
2. Айырманың мәні азайғышқа тең болатын қосындыларды жазу.
6 - 0=6 -------- 8 - 0=8 -------- 9 - 0=9
Санды 0-ге қосқанда, саннан 0-ді азайтқанда санның өзі шығады екен.
Балалар соңғы Сенек ауылы. Жолдауда айтылғандай көгалдандырылған, ауасы таза мөлдір суы бар Сенек ауылына да келдік. Пойыздан түсіп Сенек ауылын аралаймыз.
Тапсырма. Өзіндік жұмыс.
3 қатарға бағандарды бөліп беріп, орындарына отырып шығарады.
3+2=5 ----------- 5 - 2=3 ------------- 4+3=7
6 - 2=4 ---------- 4+2=6 -------------- 8 - 3=5
5+2=7 ------------ 7 - 2=5 ------------ 6+3=9
8 - 2=6 ----------- 6+2=8 ------------- 10 - 3=7

Қорытындылау: Деңгейлік тапсырма.
I - деңгей. ------------------ II - деңгей.
3, □, □, □, □, 8 ----------------- 6+1=7
9, □,□,□,□,□,□, 2 ----------- 9 - 1=7
III - деңгей.
Жұлдызшаның орнына ,=таңбасын қой.
7*10 - 4 -------------- 4+3*4+2 ---------------- 10 - 6*8+1
Балалар, міне біз саяхатымызды аяқтадық. Жаңарған дамыған ауылдар ұнады ма?
- Ұнады.
Сіздер болашақта осындай елде өмір сүресіңдер. Егер осылай жақсы оқып білімді азамат болсаңдар, Қазақстанның жалауын биікте ұстайтын ұрпағысыңдар.

Бағалау.
Жалау тарату.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама