Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 23 сағат бұрын)
Бейнелеу өнері бойынша пайдаланатын дидактикалық ойындардың маңызы
Бейнелеу өнері бойынша пайдаланатын дидактикалық ойындардың маңызы.

Мектепке дейінгі кезеңде бейнелеу іс - әрекеті баланың жеке басының жан – жақты дамуына, айналадағы дүниені белсенді түрде тануына, алған әсерлерін сурет салуға, мүсіндеуге және қиып жапсыруда пайдалана білу қабілетін жетілдіруге жәрдемдеседі.
Бейнелеу өнері – эстетикалық тәрбиенің ең ықпалды және өзгермейтін басты құралы. Эстетикалық тәрбие барысында мына міндеттерді шешу қажет:
- баланың эстетикалық қабылдауын, сезімі мен ұғымын, көркемдікті қабылдау қабілетін үздіксіз дамыту және талғамын қалыптастыру;
- баланы өмірдің көңілді сәттерін сезе білуге, айналадағы әдеміліктерді көре білуге, жағымды да сазды әуендерді тыңдай білуге және оларды сүйе білуге баулу;
Бейнелеу іс - әрекеті барысында тәрбиенің сенсорлық, ақыл - ой, эстетикалық, адамгершілік және еңбек пен дене тәрбиесінің алуан түрлі жақтары жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар тәрбиелеудің аса маңызды құралының бірі болғандықтан, ол балалар меңгерген дағдыларды бекіту немесе үйрету үшін ғана емес, сол алған білімдерін іс - әрекетте пайдалана білуге, жұмыс барысындағы икемділік – дағдыларымен қарулануға, ақыл – ойының дамуына, белсенділігінің арттыруына, өз бетінше әрекет етуіне жәрдемдеседі.
Дидактикалық ойынның маңызы:
- дидактикалық ойын балалардың ақыл – ойына күш түсіретін міндеттерді, қызықты тапсырмаларды қиындықсыз орындауға мүмкіндік береді;
- дидактикалық ойын бүлдіршіндердің танымын қалыптастырады. Өйткені олар әр түрлі ойыншықтармен, заттармен, қосалқы суреттермен, кесінді үлгілермен ойнайды. Осындай ойын үстінде олар түстерді ажыратуға, заттардың пішінін, көлемін, ерекше белгісін, сипатын білуге және құрылымын жасауға дағдыланады;
- ойын балалардың зейінін тұрақтандырады, есте сақтауын, Іс-әрекетке икемділігін, қабілетін дамытып, байқағыштығын арттырады;
- ойын үстінде бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдарын жеңіл меңгеріп, әсемдік пен сұлулықты сезініп, көркемдік талғамы артады.

Сәбилердің бірінші тобына арналған
дидактикалық ойындар.
Барлық жас топтарына берілген ойындардың мазмұнында берілген түстерді ажырату, салыстыру, түс үйлесімділігін сезіну, бояу түстерін қолдану дағдыларын қалыптастыру міндеттерін іс - әрекетті ұйымдастыру барысында тәрбиеші таңдап, талғап, бағдарлама талаптарына сай қолдану ескеріледі.
Жапсыруға бейімдеу дағдыларын қалыптастыру үшін әр топ бүлдіршіндерін төмендегідей ойындар ұйымдастыруға болады.

«Мысықтың баласы доппен ойнайды» ойыны.
Ойының тәрбиелік мәні: Дөңгелекшелерді фланелеграфта орналастыра білу дағдыларын қалыптастыру; кеңістікті бағдарлауға бейімде; берілген тапсырмалар бойынша қимыл-қозғалысын жетілдіру.
Ойынға басшылық: Тәрбиеші балаларды көркем өнер бұрышына шақырып, олардың назарын фланелеграфтағы мысықтың баласына аударады. Мысықтың балаласының түр-түсін, дене мүшелерін атап беруді сұрайды.
Тәрбиеші: Мысықтың баласының сүт ішкісі келіп тұр екен, балалар, мына ыдыстағы сүтті алдына қояйық, - деп мысықтың баласына сүт беретін ыдысты фланелеграфқа орналастырады. Мысық жан – жағына қарап, ыдыстағы сүтті енді көрді. Ол сүт ішкісі келіп тұр.
- Мысықтың баласы сүтті қайтып ішеді, көргендерің бар ма?

Тәрбиеші: - Мысық қалай ішеді?
- Көзін жұмып көлгірсіп,
Жалап-жалап ішеді,
Бәрін өзі білгірсіп,
Санап-санап ішеді,
Себебі не сондағы?
Сонша сараң болғаны, деп аңқиып тұрып мысыққа сүт ішкізгендей болады. Енді, әбден тойып алған соң, оның ойнағысы келеді. Мысықтың баласы немен ойнайды? Мысықтың баласын қалай атаймыз? (Марғау).

Қостанай қаласы
Алия Сарсенбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама