Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Түбір мен қосымша
Түбір мен қосымша қайталау сабағы
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға түбір мен қосымшадан алған білімдерін пысықтап, жұрнақ пен жалғауды ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру, шығармашылық қабілеттерін дамытып, сауатты жазуға дағдыландыру.
Тәрбиелігі: Оқушыларды ұйымшылдыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу
Көрнекілігі: интербелсенді тақта
Әдісі: сұрақ - жауап, өзіндік. сөздік
Түрі: саяхат сабақ.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Психологиялық хал - ахуал
Амансың ба көк аспан!
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, достарым!
Сендерді көрсем, қуанам!
ІІ. Мақсат қою кезеңі Сабақ саяхат түрінде өтеді. Жыл мезгілдеріне саяхатқа шығу
1 - күз мезгіліне саяхат (күзге байланысты сұрақтар, тақпақ оқу)
ІІІ. Ой қозғау (екі топ бір - біріне түбір мен қосымшадан алған білімдері бойынша сұрақтар қояды)
ІІІ. Білімдерін тексеру. Көркем жазу Қар жауды: Күн суытты
Терме диктант (1 топ: түбір сөз 2 топ қосымшалы сөз жазады) тексеру
Сурет Күрішші әжесіне әлем
Көршілер жаңалықтар көгершін күзеу Бала көктем
ІІ Қыс мезгілі
Кітаппен жұмыс 356 - жаттығу үлгі бойынша жазу
1 - топ

Суретпен жұмыс 354 - жаттығу
1 топ эссе 2топ әңгіме құру

ІІІ - көктем мезгілі: Көктем туралы сұрақтар қойып, тақпақ айту.
1тапсырма сәйкестендіру Дарынды және төмен оқитын оқушылармен жұмыс

(дарынды оқушыға)
1 - оқушы Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құра.
Күшіктің көкірегі ақ болғандықтан оған Ақтөс деп ат қойды. Күшік Кәмшатқа бірден ұнады. Бір күні әкесі Кәмшатқа күшік әкелді. Күшік доп - домалақ, өте әдемі және тыным таппайды
2 - оқушы
Орны ауыстырылған сөздерден сөйлем құра және сөйлемдегі сөздердің байланысын тап.

Бауырсақ, апам, ұннан, пісірді.
Алдым, кітап, қызық, кітапханадан.

2 - тапсырма 358 жаттығу ауызша талдау

(Үлгерімі төмен оқушыларға)
1 - оқушы: Берілген сөздерге тиісті қосымша жалғап, сөйлемді аяқта.
Сиырды сауын... сауады. Қойды қой... бағады. Киімді тігін... тігеді.

Ребус шеш 2 - оқушы

Сергіту сәті (Көзге жаттығу жасау) презентациядан

360 жаттығу Көшіріп қарамен жазылған сөздерді сөз құрамына талдау

ІҮ жаз мезгілі Сұрақтар қою тақпақ айту

1 тапсырма деңгейлік тапсырмалар
Қорытынды
- Бүгінгі сабақта не өттік?
- Қайда саяхат жасадық?
- Түбір сөз деген не?
- Қосымша нешеге бөлінеді?
- Саяхатшылар сөзін сөз құрамына талда?
- Жұрнақ пен жалғауды бір - бірінен қалай ажыратамыз?
Бекіту: Семантикалық карта

Үйге тапсырма 117 бет 359 - жаттығу
Бағалау

Қостанай қаласы, № 11 орта мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Есингожина Зибагүл Пішенбайқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама