Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Бөссең, осылай бөс

Бөспелеу бір саятшы әңгіме үстінде:

— Бұйырып тұрған нәрсе қашанда саған кез болады екен, —  деп бастапты сөзін, — өткен жылы ақпанда қар түсе қалған бір күні аңға шықтым. Арғымаққа бергісіз көк атымды құйысқандап мініп біп құмды алқапты ендей бір шоқ қарағаны бар алаңқының шетіне іліне бергенімде, «аңшыға ажалды аң кезігеді» дегендей бір қызыл түлкі қалбаң етіп, іліп барып гу етіп сарт ете түсті.

Жетіп келсем бәлемді бастан шеңгелдеген екен, әрең айырып алып, дереу артқы санын сойып жіберіп, қара етінен құсқа алып беріп тояттатып алдым да, түлкіні қанжығаға байлай салып үйге келдім. Терезеден:

— Кемпір-кемпір, ісмер болсаң, енді көрейін, орман қызыл түлкі әкелдім, — дедім де аттан түсе қалып, қанжығама қарасам, түлкім жоқ, «ей» деп атыма қайта мінбек болғанымда, кемпірім:

— Болды, іздемей-ақ қой, бұйырып тұрған болса, қашан да кездеседі, — деп жібермей қойды.

Келер жылы желтоқсанда тағы бір қар түсе қалған күні аңға шығып, былтырғы сол араға таяй бергенде, бір түлкі шыға келді. Томағаны тартып қалдым, дағдыланып алған қыран дәл былтырғысынша шеңбектей түсті. Жетіп барып, сояйын деп аяғын ұстай алсам, сирақ терісі ғана екен. Абайлап қарасам аппақ болып қурап қалған сүйектері ғана жүр. «О, ғажап, бұл не?» деп ойлана қалсам, бұл бұйрық дегенді қойсаңшы, былтырғы қанжығамнан түсіп қалған түлкінің дәл өзі екен, — деген екен.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама