Буддизм. Буддизм ілімі, пайда болуы, таралуы, негізгі тармақтары
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің
тарих және география пәнінің мұғалімі
Елеусизова Нуркамал Мухтархановна
Дінтану негіздері 9 класс
Тақырыбы: Буддизм. Буддизм ілімі, пайда болуы, таралуы, негізгі тармақтары.
/ 2 сағат/
Мақсаты: - Оқушыларды Буддизм ілімі, пайда болуы, таралуы, негізгі тармақтарымен таныстыру.
- Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеп қорытынды шығару дағдыларын қалыптастыру, ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту.
- Оқушыларды жауапкершілікке, дербестікке, белсенді азаматтық көзқарасына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: модулдік.
Сабақтың әдісі: өз бетінше жұмыс, топпен жұмыс.
Құрал - жабдықтар: ҚР Конституциясы, энциклопедия, дүние жүзі тарихы 6 класс, оқулық
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау: Сұрақ – жауап ойыны.
1. Иудаизмнің пайда болуының теориялық негізі не?
2. Иудаизм ілімінің ерекшеліктері қандай?
3. Иудаизмнің қандай қасиетті кітаптарын білесіңдер?
4. Иудаизмнің тарихи кезеңдерін атаңдар?
5. Иудаизмнің қандай дәстүрлері мен мерекелері бар?
ІІІ. Жаңа тақырыптың жоспары:
1. Буддизм ілімі, пайда болуы, таралуы.
2. Негізгі тармақтары.
3. Қазіргі Буддизмнің ерекшеліктері.
4. Буддизмнің Қазақстандағы тарихы.
Негізгі сөздер: Буддизм, Гаутама, Карма, Нирвана, Хинаяна, Махаяна
ІҮ. Жаңа тақырыпты тірек – кесте арқылы түсіндіру:
Буддизм
Таралуы
↓
Негізгі тармақтары
↓
• Хинаяна
• Махаяна
↓
дзен - буддизм
ламаизм
Ілімі: негізіне айналған «төрт ақиқат»:
1. Өмір деген – қасірет. Адамның өмірінің барлық кезеңдері – оның тууы, есеюі, қартаюі, өлуі – бәрі қасірет.
2. Адамдар бұл дүниеде рахат көрсем, бай болсам дейді. Қасірет себептері осында жатыр. Демек, адамның қасірет көруі оның қанағатсыз тілектерінен
3. Барлық дүниелік тілектерден толық бас тартып, нирванаға жеткенде ғана қасіреттен арылуға болады.
4. Нирванаға және құдіретті ақиқатқа «ортаңғы» немесе «сегіз түрлі» жолмен жетуге болады. Олар: 1. қасіреттің себептерін дұрыс түсіне білу;
2. дұрыс ойлай білу;
3. сөзді дұрыс құру;
4. дұрыс әрекеттер жасау;
5. салауатты өмір сүру;
6. адал еңбек ету;
7. ізгі нәрселерді ойға сақтау;
8. дене күші мен психиканы дұрыс арнаға салу.
Пайда болуы: Б. з. д ҮІ ғасырда көне Үндістанда пайда болды. Дінің негізін салушы Сидхартха Гаутама 567 жылы Оңтүстік Непалдағы ру басының отбасында дүниеге келді.
Негізгі тармақтары: Хинаяна діни ілімі мен ғұрыптардың мызғымастығын жақтады.
Махаяна оған қосымшалар енгізуді, буддизмге кеңірек және еркінірек түсіндірме беруді қолдады.
Таралуы: Хинаяна Шри - Ланкада, Тайландта, Бирмада, Лаоста, Камбоджада кең тарады.
Үндістанда, Бангладеште, Вьетнамда, Малазияда, Непалда ықпалы ілгерілерге қарағанда солғындау болды.
Махаяна Қытай, Жапония, Корея, Непал, Бутан, ламаизм түрінде Монғолияда, Тибетте, Бурятияда, Жоңғарияда.
Айырмашылықтары: махаянада Будданы құдай бейнесінде мойындайды, ал хинаянада
Будданы мұғалім деп санайды.
Ү. Оқушылардың шағын топпен мәтінмен жұмыс істеуі:
1 топқа берілетін мәтін «Буддизмнің пайда болу алғышарттарын сипаттау.
ІІ топқа «Буддизмнің тарихы, таралуы».
ІІІ топқа «Негізгі тармақтары».
ІҮ топқа «Қазақстандағы Будда діні».
ҮІ. Оқушылардың топта істеген жұмыстарын тыңдау.
ҮІІ. Оқушылардың алған білімін тексеру.
Блиц – турнир ойыны.
1-сұрақ. Буддизм дінінің негізін салушы кім? (Сиддхартха Гаутама).
2- сұрақ Үнді мемлекетінің негізін қалаған Маурия әулетінен шыққан патша кім? (Ашок)
3 -сұрақ Буддизм ілімі неше «ақиқаттан» тұрады? (Төрт)
4- сұрақ Нирванаға жету жолы нешеу? (Сегіз)
5- сұрақ Негізгі тармақтарын атаңдар. (Хинаяна мен махаяна).
6- сұрақ Қазақстанға буддизм қашан келді? (ІІ - ІІІ ғасырларда).
7 -сұрақ Ресейге буддизм нешінші ғасырда келді? (ХҮІІ – ХҮІІІ ғ. ғ).
8 -сұрақ Чан - буддизм деген не? (Қытайда махаяна мен жергілігті діндердің синтезі).
9 -сұрақ Махаянаның екі бөлігі қалай аталады? (Ламаизм және дзен – буддизм).
10- сұрақ Буддизм діни басшыларының жиналысы қалай аталады? (Сангити).
11 -сұрақ Сиддхартха Гаутама қай жылы өмірге келді? (567 жылы)
12- сұрақ Карма деген не? (Адамның тағдыры)
ҮІІІ. Оқушылардың топпен жұмыс істеп тақырыпқа байланысты сөзжұмбақ, тестер құрастыру.
ІХ. Оқушылардың істеген жұмыстарын тексеру, талдау.
қорытынды шығару.
Х. Үйге: Оқулықтың 83 бетіндегі сұрақтарға жауап беру.
Толық нұсқасын жүктеу