Ислам ілімінің таралуы. Исламның ғылым мен мәдениеттің дамуына әсері
Павлодар облысы, Лебяжі ауданы,
Потанин жалпы орта білім беретін мектебінің
тарих және география пәнінің мұғалімі
Елеусизова Нуркамал Мухтархановна
Дінтану негіздері 9 - сынып
Сабақтың тақырыбы. Ислам ілімінің таралуы. Исламның ғылым мен мәдениеттің дамуына әсері
Сабақтың білімділік мақсаты. Ислам ілімінің шығу тарихы, ғылым мен мәдениеттің дамуына әсерін дереккөздерге сүйене отырып, даму тарихын түсіндіру.
Дамытушылық мақсаты. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдыларын дамыту, ислам дінінің ерекшелігін, миссионерлікпен айналыспау себебін талдау.
Тәрбиелік мақсаты. Оқушыларды ислам және басқа діндерді құрметтеуге, мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі. Жаңа білімді меңгеру.
Сабақтың ақпараттандырылуы. Интернет, интерактивті тақта.
Көрнекіліктер. қосымша газет – журналдар, «Егеменді Қазақстан» газеті.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2Ассоциация. Қызығушылығын арттыру.
Сұрақ. Ислам діні туралы не білеміз?
Оқушылар өз ойларын айтады.
Ислам
↓
Дін
Мұсылман
Мекке
Мұхаммед (с. ғ. с.)
Жаңа білімді беру.
Ислам діні туралы жалпы түсінік беру.
Орта Азия және Қазақстан территориясында Ислам 7 ғ. екінші жартысында Омеядтық халифа Мауави Ибн - Суфианның тұсында енді. Ислам біздің территориямызда Алтын орданың мұсылмандықты қабылдауымен нығая түсті. Алдымен Ислам еліміздің оңтүстік өңірінде орналасқан отырықшы халықтың арасында етек алды. Өйткені бұл елді мекендер сол кездегі Орта Азиядағы Ислам мәдени орталықтары аталған бірқатар қалалармен көршілес орналасқандықтан, үнемі тығыз экономикалық байланыста болды. Біздің елімізге, негізінен, дін таратушылардың әкелген бағыты Ислам дінінің имам Ағзам бастаған Ханифит мазхабындағы сунниттік бағыты. Ал қазақ ұлты өзінше ел болып хандық құрған кездің өзінде 15ғ. көпшілік хандардың мұсылман болғандықтан, белгілі шығыстанушы Әлкей Марғұлан «Таңбалы тас жазуы» еңбегінен алынған мына бір үзінділер нақтылай түседі. Онда былай делінген: «Осыған орай бұрыннан көріп жүрген ғажайып тасты жаңадан тауып, онда қазақ тілімен 14 - 15ғ. тасқа жазыған ұран сөзін Кузнецовпен бірлесіп көшіріп алады. Таста араб харпымен жазылған мынадай сөз: қыпшақ, найман, алшын, арғын, қаракесек, үйсін, табын. Иләһи кәр рә - сиге һамиша хайа рахмет қыл сен алтауын». «О, ием! Үмітіңе жету үшін осы алтауына рахметіңді бере гөр».
Қазақ хандарының Ресейге қосылуына байланысты патша үкіметі жергілікті тұрғындар арасында христиандандыру шараларын жүргізіп, іске аспайтындығына көздері жеткен соң 18 -/- 19ғ бас кезінде өздері еріксіз Исламды қолдайтын болды. Жер - жерлерде мешіттер ашылып, Уфа қаласында муфият ұйымдастырылды. Орта ғасырларда орта және таяу шығыста қалыптасқан мұсылман әлемі» деген мәдени - саяси қауымдастықтан, қазақ тектес тайпалар географиялық орналасуы жағынан шалғай болғандықтан, едәуір шеткері болды.
Ислам мәдениеті сонымен қатар түркі мәдениетінің негізгі бағыттарының бірі әдеби поэзияға да елеулі әсерін тигізді. Осы жанрдың ең әуелгілерінің бірі - ең негізгі 9ғ. жазылған Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі. Ал мистикалық - сопылық поэзияның көрнекті шығармаларына түркі тайпаларының арасында Ислам дінін дәріптеуші мистик ақын әрі ойшыл Ахмет Йассауи шығармаларын жатқызуға болады. Оның «Диуани Хикмет» еңбегі. Қазақ халқының поэзиялық және қара сөздік дәстүрінде Ислам дінінің өзіндік әсері бар. Қазақтың ұлттық салт - дәстүрлерлік поэзиясы да, оның ішінде бата жанры Құран аяттарымен кеңейтіліп, исламдандырылған. Бойында араб, иран мәдениеттерінің нышандары бар ислам мәдениеті орта ғасырдағы қазақ мәдениетінің қолөнерлік, зергерлік салаларына әсерін тигізбей қоймады. Мұны біз Оңтүстік Қазақстанда, Жетісу өңірінде көре аламыз.
Интерактивті тақтадан слайдпен көрсету.
Сол сияқты нағыз құлшылық орындары мешіт, медреселер. Ең алғашқы салынған мешіт ғимараттары Оңтүстік Қазақстан облысындағы Құйрық - Төбе (Хғ.) елді мекенінде табылған. Соның нәтижесінде әйгілі ғұламалар мүрделерінің басына кесенелер тұрғызып, оларға сиыну, жалбарыну дәстүрі қалыптасты. Ондай кесенелер атап айтар болсақ, Қожа Ахмет Йассауи (ХІV). Арыстан баб, Бабажы - Хатун (Х), Қарахан(Х) кесенелері.
Қазақстандағы Ислам мәдениеті жайлы айтқанда оның Исламға дейінгі мәдениетпен кіргізіп өзінше бір түркі дүниесіне тән мәдени орта қалыптастырғанын көреміз. Бұл қалыптасқан мәдениет Қазақстан халқының барлық шаруашылық, тұрмыстық жағдайларына лайық ыңғайластырылған - болды.
Кестемен жұмыс
Мәдениет
Әдебиет
Ескерткіштер
Сабақты бекіту мақсатында
Оқушыларға сұрақтар қойылады.
Не білдік? -----------------------------------------------------------------------------
Үйге тапсырма: