Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
Алматы облысы Ұйғыр ауданы Шонжы ауылы
«Ж. Құдайбергенов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі
шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесінің директоры Абдилова Бибігүл Байжұмақызы

«Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» модулі бойынша коучинг сессия жоспары

№ Коучингтың тақырыбы: Оқыту үшін бағалауда оқушылардың өзін - өзі бағалау түрлерін пайдалану
1 Жалпы мақсаты: Коучинг сессия қатысушыларына «оқуды бағалау»(суммативті бағалау) және «оқыту үшін бағалау» (формативті бағалау), критериалды бағалау түсініктерін қалыптастыру, формативті бағалаудың оқыту үшін тиімділігін үйрету.
2 Күтілетін нәтиже: Коучинг сессия қатысушылары формативті бағалаудың күнделікті сабақта пайдалану арқылы оқу үрдісін жақсарту, оқушыларды оқытуға жетелейтіндігін түсінеді
3 Түйінді идеялар: Формативті бағалау, суммативті бағалау
4 Материалдар және ресурстар 5 сыныптың әдебиет оқулық, түрлі - түсті маркер, үлестірмелі қағаздар, А4 и А3 форматтағы ақ қағаздар, стикерлер таныстырылым

Сабақтың барысы
Ұйымдастыру (таныстыру) 2 мин
Серіктестік орта құру. Коучингке қатысушыларды шеңбер бойына тұрғызып мотивация кезеңін орындату. Басқа қатысушылар оны жалғастырады.
"Мен Жұлдыз жаңашылмын", Мұғалім бір шарды алып өзінің бойындағы бір қасиетті айтып бір қатысушыға береді. Ол соған өзі жайлы қосып айтады. Қатысушылар аяқталғанша осылай жалғаса береді.

Шағын топқа бөлу 3 мин
Коучингке қатысушыларды 3 шағын топқа бөледі. Ол үшін, баға туралы болғандықтан «2000», 5000, 10000 теңгемен бөлінеді.
Топ рөлдерін бөлу және ережені еске түсіру

Бейнематериал көрсету 3 мин
Бір мұғалімнің сабағынан үзінді
Критерий құру
1. Мұғалімнің педагогикалық әдебі.

2. Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті.
3. Жаңа материалдар беру
4. Сабақтың құрылымы мен кезеңдерінің қажеттілігі, олардың уақытқа байланысты арақатынасы.
5. Өмірмен байланыс.
6. Оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы
Оқу үдерісін бағалау қажет пе? Сіз сабақта нені бағалайсыз? Сыныпта жағымды ахуалды қалыптастыру үшін Сіз қандай бағалау түрлерін пайдаланасыз?

Теориялық таныстырылым 5 мин. Слайд
Топтық жұмыс 10 минут

Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққан.
Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін
жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин.
Бағалауды іске асыру үшін сабақтың мақсатының дұрыс қойылып, табыс критерийлерін анықтау. Өзін - өзі бағалау, өзара бағалау, критерийлерді айқындау. кері байланыс жасау
Әр топқа 5 сыныптың әдебиет кітабы беріледі
І топ Үй тапсырмасы кезін түрлі әдіс тәсілмен сұрайды және бағалайды
ІІ топ Жаңа білімді меңгерту кезін көрсетеді және бағалайды
ІІІ топ Бекіту кезеңін көрсетеді және бағалайды

Рефлексия 5 мин

Топтық жұмыс 7мин
Коучтің сұрақтары: Сізге неліктен бұндай баға қойылғаны түсінікті ме? Сізге қойылды... Неге? Сіз жаныңызда отырған әріптесіңізге баға қою кезінде неге көңіл аудардыңыз? Жұмысты бағалау қиын болды ма? Сіздің бағалауыңыз қандай қиындықтар туындатады? Сіздің бағалауыңыз қандай аспектілерді қамтиды? Сіздің оқушыларыңыз не үшін және неге баға алғандығын түсінеді ма?
"Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау"тақырыбында эссе жазу.
Әр топ критерий құру
Критерий дайындау қиыншылық туындатты ма?
Оқушыны бағалауда критериилер ынталандыра ма?
Қалай?

Рефлексия 2 мин
Формативті бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясына сүйене отырып топтың ең жақсы жетістігі және жіберген кемшілігіне ұсыныс айту.

Қорытындылау 5 мин
Коучинг сессия қатысушыларына «Блоб ағашына» бағалайды.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама