Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
“Дала уәлаятының газетіндегі” ауыз әдебиеті үлгілері және көтерілген мәселелері

“Дала уәлаятының газеті” 1888 жылдың 1 қаңтарынан бастап 1902 жылдың 12 сәуіріне дейін жарық көріп тұрған. “Дала уәлаятының газеті” патша үкіметінің органы болғанымен, қазақ халқының өмір-тұрмысында үлкен рөл атқарған басылым. Газет авторларының құрамында Қорабай Жапанов, Асылқожа Құрманбаев, Мұхаметжан Сералин сынды халық арасынан шыққан адамдар да болған. «Дала уәлаяты газетінің»  редакторлары болған И.Козлов, К.Михайлов, Г.Абаза, Д.Лавров. Газетті қазақша  шығару ісін басқарушылар: Е.Абылайханов, Д.Сұлтанғазин. “Дала уәлаятының газеті” ауыз әдебиеті үлгілерін де жариялап отырған. Атап өтсек, Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсариндардың аударуымен Л.Н. Толстойдың “Ұзақ пен көгершін”, “Өтпес пышақ” сияқты әңгімелері жарияланып отырған. Газете тіл мәселесі, әйел теңдігі сынды халықтық мәселелер көтерілген.

Газеттің 1891 жылғы 13-санында тілге байланысты ұстанымы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы өзекті мәселе екендігін анықтайтын “Мемлекеттік тіл” деген мақала жарияланған.

“Дала уәлаяты” газетінің 1899 жылғы 22-23 сандарында жарияланған “Қазақ сөзін қалайша жазу турасы” атты мақалаларда орыс әрпін пайдалану проблемалары көтерілген. Мақала авторы Д.Сұлтанғазин бұл тақырып бойынша газет бетінде бірнеше авторлардың мақалалары жарық көргенін айта келіп, оқырмандар қауымының қазақ сөзін жазуда туған проблемаларды шешуге атсалысуын сұраған екен.

“Дала уәлаяты” газетін жинақтап кітапқа түсіруге, жалпы оқырмандардың аудиториясының қолына жетуіне аса зор күш-қуатын, білімін жұмсаған Д.Суханбердинаның түсіндірмесінде келтірілген мақала соңында “Байқау” аудармашы Дүйсенбаевтың қазақтардың білім алуға ұмтылысын құптап, білімдену жолындағы мынадай мәселелерге көңіл бөлуді ұсынғандығын атап көрсеткен:

1) Қазақтар әзірше хат тануға қол жеткізді, нақты білім мен ғылымды үйрену үшін жақсы салынған және керекті құрал-жабдықтары бар мектеп және білімді мұғаліммен қамтамасыз ету.

2) Құран көлемінде білім алу адамның жалпы дүние-танымдық көзқарасын қалыптастырып, имандылыққа, адамгершілікке жеткізгенімен, қоғамдық қатынастар талаптарына сай саяси, экономикалық және жалпы әлеуметтік ахуалдар ауқымында тереңдеп, кәсіптік білім алудың өміршеңдігіне жету.

Қорытындылай келе, газетте ел мен жерді қастерлеп, салт-дәстүрге берік болуға және осылардың негізінде қазақ тілі мен дінінің, халық деген қасиетті ұғымды жоғалтпай көздің қарашығындай сақтауға пәрмені бар мәтіндердің ғылыми негіздері айғақталды.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. "Дала уәлаяты" газеті : жеке тұлға және қоғам. /монография/ -Павлодар: Типография Сытина,2014.–396 б.

2. Аллаберген Қырықбай, Нұсқабайұлы Жарылқасын, Оразбай Файзолла. Қазақ журналистикасының тарихы. –Алматы: Білім,2010. –308 б.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Балғабек Қарлығаш Журналистика 1-курс студенті


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама