Әлеуметтік серіктестік – бәсекеге қабілетті мамандарды дайындаудың негізі
БҚО Орал қаласы Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы, ветеринария ғылымдарының магистрі: Токтамысова Самал Каиргалиевна
Негізгі сөздер: бəсекелесуге қабілетті тұлға, білім кеңістігі, əлеуметтік серіктестік.
Ключевые слова: конкуретноспособная личность, образовательное пространство, социальное партнерство.
Keywords: competitive personality, educational space, social partnership.
Аннотация: В этой статье рассматривается пути подготовки и роль социального партнерства в достижении конкурентноспособной личности.
Еліміздің келешегі – жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше назар аударуы біздің көкейіміздегі көп сауалдардың бірі. Елбасымыз жастардың, техникалық және кәсіптік білім алуының мемлекетпен кепілдендірілген жүйесіне көшіруді мәлім етті.
Сондықтан Республикада өндіріске қажетті мамандар әзірлеу деңгейін көтеру, оның сапасын арттыру қажеттілігі туып отыр. Бұл міндет ендігі жерде әлеуметтік серіктестік және теория мен практиканың үйлесімділігі негізінде жүзеге асырылмақ. Сонымен қатар бүгінде елімізде мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда әлеуметтік серіктестікпен білім беру жүйесін де жан жақты өрістету өмір мен өндірістің өз сұранысын туындатып отырғаны да аян. Бұл техникалық жұмысшы кадрлар әзірлеу ісінің бүгінгі заманға озық жүйесі. Мұндай жағдайда арнаулы оқу орындарындағы теориялық білім беру тәсілдері өндірістік кәсіп орындарда практикалық қадамдар мен тығыз ұштастырыла жүргізіледі. Осындай бүгінгі заман талабына сай Жоғары агарарлық-техникалық колледжі бірқатар кәсіпорындармен бірлесе отырып оқыту әдісін жүргізіп отырмыз. Яғни атап айтатын болсақ ветеринария мамандығы бойынша «Бәйтерек аудандық ветеринарлық станциясымен бірлесіп жұмыс атқаруда. Қазіргі таңда мекеме басшысы А.С.Аубекеровтың қолдауымен осы ауданға қарасты ауылдарға білім алушыларымыз тәжірибе жинақтауға барып, мамандыққа байланысты теориялық білімдерін бекітуде.
Барлық елді-мекендерде жоспарға сай орындалу керек жұмыстарға білім алушыларымыз барынша ат салысып,атап айтсақ, қан алу, жоспарлы түрде дегельминтизация, вакцинация жұмыстарын жүргізіп, сол жерге қарасты ветеринарлық дәрігерлер мен басшылықтың көңілінен шығып, өз білімдерін теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық жағынан да дәлелдеуде.
Қазіргі заманда экономиканы дамыту, өндірісті-технологиялы мәдениетті жоғарлату, нарықтық құрылымдарды, техникалық, ақпараттық және әлеуметтік сервистерді дамыту орта буынды мамандардың қажеттілігі тудырады. Жоғары білікті және кәсіби мамандарды даярлау міндеттерін шешу қазіргі заманда әлеуметтік серіктестіктерсіз мүмкін емес. Негізгі әлеуметтік серіктестіктердің мақсаты өнеркәсіптік орындар мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастық мәселелері және осы бірлестік келешегі «Бәсекеге қабілетті мамандарды даярлаудың сапасын арттыруда әлеуметтік серіктестіктің ролі» маңызды. Студенттер әлеуметтік серіктесімізге тәжірибе алмасуға шыққанда төмендегідей құжаттар дайындалады: келісім – шарт, бұйрық, жолдама, күнделік, т.б
Болашақ мамандардың кәсіби дайындығының ең басты құрамды бөлігі - тәжірибелік дайындық болып есептеледі. Өндірістік тәжірибе Мемлекеттік жалпыміндетті стандарттарға сәйкес ұйымдастырылады және кәсіби біліктілік деңгейінің тәжірибенің барлық түрін қамтиды. Ел экономикасының қарыштап дамып, бәсекелестікке төтеп беруі үшін сапалы маман қажет. Білім ордамызда оқу-өндірістік жұмысы білікті, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, қызметінің ұқсас салаларына да бағдарланған, үнемі кәсіптік өсуге дайын, әлеуметтік және кәсіптік бейімділігі жоғары мамандарды дайындау үшін жағдайлар жасауға бағытталған.
Олар өндіріске маман ретінде бекітіле отырып, оқу барысында ерекше көзқарас қалыптастырып, жауапкершілікті түсініп, қызыға оқиды. Сонымен қатар студент өндірістік ұжымдағы қарым-қатынасқа ерте бейімделіп, әлеуметтік ортаға үйренетіндігін айтып өтті. Бұл жерде еңбек нарығында сұраныс болса, жаңа бітірген жас маман жұмысқа тез-ақ орналасатынын ерекше айтып өткім келеді.
Кәсіптік білім саласындағы әлеуметтік серіктестік дегеніміз – оқу үрдісіне қатысты тұлғалардың сұранысын қанағаттандыруға және оны жүзеге асыруға мақсатталған оқу орындары мен еңбек нарығының арасындағы байланыс. Әлеуметтік серіктестіктің мақсаты: білім алушылардың таңдаған мамандық туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған және кәсіби қызметін практикалық меңгеруіне мүмкіндік беру; оқу барысында алған теориялық кәсіби білімдерін тәжірибеде пайдалану дағдыларын тереңдету және бекіту; практикалық және басқару мәселелерін шешу дағдыларына үйрену; өзіне мақсат қою, кәсіби іс-әректінің мәселелерін анықтап, олардың өндірістік жағдайда шешу іскерлігін қалыпатстыру; өз ісін жақсы меңгерген, жан-жақты, бәсекеге қабілетті маман даярлау.
Колледждің әлеуметтік серіктестікті ұйымдастырудың негізгі мақсаттары:
білім алушылардың тұлға ретінде нақты қасиеттерін қалыптастырып, тәрбиелеу, яғни:
– өзгеріліп тұратын экономикалық жағдайларда икемді бейімделе білу;
– өз бетінше білім алып, оны тәжірибеде, түрлі мәселелерді шешуде дұрыс қолдана білуі;
– өз бетінше сыни тұрғыдан ойлай білу, өмірдегі кездесетін қиындықтарды жеңе білу, оларды жеңу үшін қазіргі технологияларды тиімді пайдалану жолдардын іздеу;
– жаңа идеяларды генерациялалауға қабілетті болу, шығармашылық тұрғыдан ойлай білу.
– теория жүзінде алған білімдерін практика барысында байланыстыра білу. Әлеуметтік серіктестік - бұл еңбек қатынастарын және басқа да соларға байланысты қарым-қатынасты реттеу мәселесі бойынша екі жақ көзқарастарын келістіруді қамтамасыз етуге бағытталған және олардың өкілдерінің арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі.
Қорыта айтқанда, заман жетістіктері негізінде жас ұрпаққа сапалы білім беруді мақсат ете отырып, жаңа қоғамға лайықты өмірден өз орнын табатын, бәсекеге қабілетті талапты ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты ерекшелігі, сол талап тұрғысынан шығу жолы – сапалы да нәтижелі білім беру. Білімді практикалық негізінде нығайту жолында әлеуметтік серіктестіктердің маңызы зор.
ӘДЕБИЕТ
1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауы, А., 14.12.2012.
2. Турдалиева А.С., Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы ОҚО бойынша ПҚБАИ «Басқару мен білім беру сапасы» кафедрасының аға оқытушысы