Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Дастарқан
Сабақтың тақырыбы: Дастарқан
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, олармен үлгі бойынша сөз тіркестерін, сөйлем құруға үйрету. Алған білімдерін диалог, сөзжұмбақ,, «Тур по галерей» тапсырмалар арқылы бекіту.
2. Тәрбиелік: Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу. Адамдардың еңбегін қадірлеуге, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу. Ас-тамақты баспауға, шашпауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту. Анықтау, ажырату, ойлау қабілеттерін арттыру. Ауызша және жазбаша тілдерін әр түрлі тапсырмалар арқылы дамыту. Сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге үйрету.

Сабақтың жабдықталуы: Сөйлесу, суреттер, оқулық, жаңа сөздер, сөзжұмбақ, ойын «дұрыс айт», графопроект, үнтаспа, «Тур по галерей».
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттықтыру, бекіту, әңгімелеу, сөйлесу, ойландыру т. б.
Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі
а) Амандасу
ә) Кезекшімен сұхбаттасу

2. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Дастарқан». Ал дастарқан сөзінде қандай тән дыбысы бар?
- Қ қ
- Дұрыс, бүгін сауат ашу минутында осы Қ қ дыбысын қайталаймыз. Дәптерлеріңізді ашыңыз бүгінгі күнді жазыңыз.
Ққ Ққ Ққ Ққ Ққ Қоян қоян қоян қоян қоян
- Жарайсыңдар! Яғни бүгін сабақта жаңа сөздермен танысамыз, олармен сөз тіркесін, сөйлем құрастырамыз. Сөзжұмбақ шешу, сөйлесу арқылы жаңа тақырыпты бекітеміз.

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
а) Сөздік жұмыс
- Енді, балалар, осы сабағымыздың жаңа сөздермен танысайық.
Дастарқан – скатерть
Май - масло
Қант – сахар
Нан - хлеб
Тұз - соль
Көмектес - помоги
ә) Ойын « Дұрыс айт»
- Балалар, енді жаңа сөздерді «Дұрыс айт» ойыны арқылы бекітеміз.
(Мұғалім жаңа сөздерді араластырып, оқушыға айтып, доп лақтырады. Ал оқушылар жауап береді).
в) Сөз тіркесін құрастыру.
- Қазір жаңа сөздерге сөз тіркесін құрастырайық. Мысалы: үлкен дастарқан, сары май, тәтті нан т. б.
г) Сөйлем құрастыру.
Енді осы сөздермен сөйлем құрастырып көрейік.
кесе
Сен дастарқанға қасық қой.
май
нан
5. Жаңа тақырыпты бекіту.
а) диалогпен жұмыс
1) кітаппен оқу
- Оқулығымыздың 108 бетін ашып диалогқа назар аударыңыз. Диалогты іштеріңізден сұрақ - жауаптарын оқыңыз.
2) мұғалім оқу.
- Ал енді мен диалогты дауыстап оқимын, ал сіздер кітаптан тексеріп отырыңыздар.

- Сен маған көмектес.
- Мен саған көмектесемін.
- Сен дастарқанға кесе қойдың ба?
- Мен дастарқанға кесе қойдым.
- Сен неше кесе қойдың?
- Мен екі кесе қойдым.
- Дұрыс, енді майлық қой.
- Мен майлық қойдым.
- Сен қандай майлық қойдың?
- Мен қағаз майлық қойдым.
- Дастарқанда қант бар ма?
- Дастарқанда қант жоқ.
- Сен дастарқанға қант қой.
- Мен дастарқанға қант қойдым.
- Сен дастарқанға кел, ас іш.

3) орыс тіліне аудару
- Балалар, енді жаңа сөздерді қолданып, диалогты орыс тіліне аударайық.

- Ты мне помоги.
- Я тебе помогу.
- Ты поставил на скатерть чашки?
- Да, я поставил на скатерть чашки.
- Сколько чашек ты поставил?
- Я поставил две чашки.
- Правильно. Теперь поставь салфетку.
- Я поставил салфетку.
- Ты какую поставил салфетку?
- Я поставил бумажную салфетку.
- На столе есть сахар?
- На столе сахара нет.
- Ты на стол поставь сахар.
- Я на стол поставлю сахар.
- Садись за стол, угощайся.

3) тізбектеп оқу
- Ал енді диалогты тізбектеу арқылы оқиық. (оқушылар бір - бір сөйлемнен оқиды)
4) топпен оқу - Ал енді бәріміз бірге оқиық.
6. Сергіту кезеңі
- Шаршап қалған шығарсыңдар? Сергіту сәтін өткізіп жіберейік.

Ормандағы аюдың,
Құлпынайы бар екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.
Теріп - теріп аламыз,
Аузымызға саламыз.
Жеп болғаннан кейін,
Отырамыз тып - тыныш.

Балалар, енді графопроектірге назар аударайық. Қазір біз «Нан» тақпағымен танысамыз.(Мұғалім графопроекті қосады, үнтаспадан тақпақ оқылады)
- Мұсылман халқы дастарқан әзірлеген кезде қандай асты бірінші қояды? (нанды)
Нан
Ей, балалар, балалар,
Бар қасиет нанда бар.
Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.
(Ө. Тұрманжанов)
- Балалар, сіздерге тақпақ ұнады ма?
- Иә, біздерге тақпақ ұнады.
- Неліктен ұнады?
- Бұл тақпақта нанды қастерлеу, қоқымын шашпау, жерде жатса баспау және теріп алып торғайларға тастау туралы айтылады.
- Дұрыс, балалар. Нан дастарқанға оңай келмейді. Көктемде таркторшылар жер жыртып, сеялкашы тұқым себеді. Егіншілер оны күтіп, баптайды. Көп еңбек сіңіреді. Нан еңбек арқылы табылады. Сондықтан нанды қадірлеу керек, жерге тастамау керек.(тақпақты дәптерге жазу).

7. Сөзжұмбақ шешу
- Қазір сөзжұмбақ шешеміз.
дәмді
алма
сен
тәтті
анар
алмұрт
қарбыз
қауын
үлкен
8. «Тур по галерей».
Мына берілген қағазға топ арқылы дастарқанды әзірлейсіздер. Сосын қорғайсыздар.

9. Сабақтың қорытындысы.
- Балалар, бүгін не істедік? Қандай жаңа сөздермен таныстық? Қандай Ойын ойнадық? Тағы не істедік?

10. Бағалау.
- Жарайсыңдар. Бәріңіз жақсы жұмыс істедіңіз. Тек... оқушылар... баға алды.
11. Үйге тапсырма беру.
Ө. Тұрманжановтың «Нан»өлеңін оқу.
Көмекші тапсырма
1. Мақал « НАН - АС АТАСЫ»
2. Ойын «Кім тез?»

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама