Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Сабақтың тақырыбы: Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: тіліміздегі дыбыстардың, соның ішіндегі дауысты дыбыстардың жіктелуін оқушылардың өздерін қатыстыра отырып түсіндіру.
2. Тәрбиелік: оқушыларды ел тарихы мен дәстүрін қастерлеуге, сөз өнерін ардақтауға тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: оқушылардың жалпы сауаттылықтары мен логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, лингвистикалық дүниетанымдарын кеңейту, грамматикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: аралас
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Сабақтың әдіс - тәсілі: түсіндіру, сұрақ - жауап, жаттығу, салыстыру.
Сабақтың көрнекілігі: тақырыпқа байланысты кесте, үлестірмелер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен сәлемдесу
2. Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру
3. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару

Сабақ топтық жұмыс түрінде ұйымдастырылады. Топ аты мен басшылары сайланады. «Бағалау парағын» жүргізу ескертіледі.
І топ «Әдебиет»
ІІ топ «Мектеп»
ІІІ топ «Тіл»

II. Үй тапсырмасын тексеру:
1 Қазақ әліпбиі туралы түсінік
2. 238 – жаттығу.
Слайд №1 (Тексеру үшін) Ертеректе. Әйтімбет. Бір. Достық. Сонда. Достықтың. Дұрыс - ақ. Адал.
Ертеде. Бір. Жалғыз. Оны. Әй. Атқа. Өзін. Мұны. Бұл.
2. Әліпбиді жатқа 3 оқушыдан сұрау (әр топтан 1 оқушыдан).

ІІІ Білім тексеру:
Мына сандардың мәнісін айтыңдар (Слайдпен көрсетіледі)
42 -
37 -
9 -
12 -
26 -
1912 -
1929 -
1940 -

ІVЖаңа сабаққа дайындық
1. Сабақ тақырыбын, мақсатын түсіндіру
Адасқан әріптердің орнын тап. «Кім жылдам?»
Ы, а, с, у, т, д, ы
Б, т, р, д, ы, с, ы, а.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру:
Мұғалімнің жаңа материалды түсіндіруі
- Ауа өкпеден еш кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады.
Дауысты дыбыстар саны – 12. Олар: а, ә, о, ө, ы, і, ұ, ү, е, и, э, у
- Тілдің, жақтың, еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстар үш топқа бөлінеді:
• жуан және жіңішке
• ашық және қысаң
• еріндік және езулік
Слайд №4
Тілдің қатысына қарай:
жуан: а, о, ы, ұ,(у)
жіңішке: ә, ө, і, ү, е, и, э, (у)
Жақтың қатысына қарай:
ашық
қысаң
Еріннің қатысына қарай:
еріндік
Езулік

Слайд №5
М: Жуан дауыстылар тілдің кейін шегініп, үсті дөңестену арқылы жасалады.
Жіңішке дауыстылар тілдің ілгері созылуы арқылы жасалады.
Мысалы: Астана – жуан буынды сөз.
Бәйтерек – жіңішке буынды сөз.
Кітап – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (араб сөзі).
Телефон – аралас буынды сөз, себебі кірме сөз (орыс тілінен енген сөз).
Ботагөз – аралас сөз, біріккен сөз.
Аз - кем – аралас буынды сөз, қос сөз.
У – ерекше дыбыс. Ол - бірде дауыссыз, бірде дауысты, бірде жуан, бірде жіңішке дауысты.
Мысалы: сұлу, тура (У дыбысы – жуан дыбысты дыбыс.)
куәлік, жүру (У дыбысы – жіңішке дыбысты дыбыс.)
жауын, қауын (У дыбысы – дауыссыз дыбыс)
Дауысты дыбыстар, жуан, жіңішке дауыстылар жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама