Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Альдегидтер және карбон қышқылдары
Сабақ жоспары
Химия
Сабақтың тақырыбы: Альдегидтер және карбон қышқылдары
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға альдегидтер және карбон қышқылдарының анықтамасын түсіндіру молекула құрылысын жазып көрсету. Альдегидтер мен карбон қышқылдарының құрылымдық формуласын, алыну жолдарын қолдану салаларын ұғындыру.
Дамытушылық: өздігінен талдауға, салыстыруға, қорытынды шығаруға ой қорытындысын жасауға жаттықтыру.
Тәрбиелік: Альдегидтердің және карбон қышқылдарының гомологтық қатарын қолданылуы мен алынуы туралы түсініктерін, ғылыми дүниетанымын тереңдету; пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Кәсібилік: ғылыми – ізденіс жұмыстарымен айналысуға қызығушылықтарын ояту, сабақта қолданылған оқыту әдістері мен оқушылар жұмысын ұйымдастыру формаларын өздерінің болашақ кәсіби қызметтерінде пайдалануға ынтасын тудыру.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: Альдегидтер және карбон қышқылдарын анықтамасын
Молекула құрылысын
Альдегидтерді және карбон қышқылдарын алу жолдарын
Қолдану салаларын
Істей алу керек: Альдегидтердің және карбон қышқылдарының құрылымдық формулаларын құрастыра алуды
Оларды жүйелік номенклатура бойынша атауды
Альдегидтердің және карбон қышқылдарының химиялық қасиеттерін дәлелдей алуды
Реакция теідеулерін жаза алуды
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы
Сабақтың түрі: лекция
Сабақтың технологиясы, әдіс – тәсілдері:
Дамыта оқыту, тірек сызбалар әдісі, кесте толтыру, өзіндік жқмыс, топтыө жұмыс, оқулықпен жұмыс
Қолданылатын Әдебиеттер:
1. А. Л. Цветков Органикалық химия 10 сынып
2. Г. Абкин Химия есептері мен жаттығулары Алматы «Мектеп» 1984
3. Шың кітап Химия Жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық - тест

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Мақсаты: Оқушыларды сабақтағы жұмысқа дайындау. Өзара салемдесу оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, құрал – жабдықтарды түгендеу журналға белгі соғу
ІІ. Мақсат қою: Жаңа сабақ тақырыбын хабарлау, мақсат – міндеттерін қою жоспармен таныстыру
ІІІ. Тірек білімдерді өзектілеу, жаңа материалды қабылдауға дайындау:
Мақсаты: Оқушылардың тірек білімдерін өзектілеу, жаңғырту арқылы негізгі кезеңдегі белсенді оқу – танымдық әрекетке дайындау
1! Негізгі тірек ұғымдарды қайталау:
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру:

Пән мұғалімі: А. Нұржанова
Альдегидтер және карбон қышқылдары жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама