Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Ғарыш әлемі
Дүниетану 4 - сынып

Сабақтың тақырыбы: Ғарыш әлемі
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ғарыш әлемі туралы білімдерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
1. Ғарыш әлемі туралы неғұрлым жан - жақты ақпарат жинауына қолайлы орта туғызу.
2. Оқушылар мәтінмен таныса отырып, саралау, сипаттау, зерттеу, салыстыру, талдау жұмыстарын жүргізуге жағдай жасау.
3. Оқушылардың жеке, жұпта, топта жұмыс жасауын, пікір алмасу ортасын ұйымдастыру.
4. Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
1. Сабақ соңында оқушылар ғарыш әлемі туралы алған білімдерін өзгелермен бөлісе алады.
2. Ғарыш әлеміне сипаттау, саралау, талдау жұмыстарын жүргізе алады.
3. Жеке ойларын ортаға сала алу.
Сабақтың әдісі:
«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту», АКТ
Көрнекіліктер:
Ғарыш туралы буклет, интерактивті тақта, мәтін, маркер т. б.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Суреттерге көңіл аударту арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту.

Қызығушылықты ояту. Суреттен қандай ақпарат алдыңдар? Бұл не деп ойлайсыңдар? Топқа бөлінген балалардан ақпарат жинау.
Мұғалім. Сұрақ:
- Ғарыш туралы не білесіңдер?
Оқушының іс әрекеті. Балалардың ойларын тақтаға тізбектеп жазады.
Ғарыш - күн - жылу - жер - глобус - ай - Ю. Гагарин - жер серігі т. б

Әр оқушы жеке ойларын жазып, алғашқы білімдерімен бөліселі.
Жеке ойларын жазады, жазған ойларын жұптарына оқып беріп, топта талқылайды. Құнды деген оймен сыныпта бөліседі.
Ескерту. Жазған сұрақтарына сабақтың соңында қайта оралу және сол сұрақтарымен жұмыс жасайды.
Ой қозғау. Оқушыларға мәтіндер беріледі. Топта отырып мәтіндермен танысады. Топтан 1 оқушы келесі топқа барып өз мәтіні туралы айтып береді.

1 - топ. Жұлдыздар жерден өте көп қашықтықта орналасқан. Жай көзбен қарағанда аспан әлемінде 3мыңға тара жұлдыз көрінеді. Ал қазіргі заманда ең жаңа құралдармен есепке алынғандарының саны бірнеше миллион. Ғалымдардың болжауынша, жұлдыздардың жалпы саны әлденеше миллиардтан асып кетеді. Жерге ең жақын жұлдыз - Күн. Оның төңірегінде ірі аспан денелері планеталар айналып жүреді. Планеталар өзінен жарық шығармайын салқын денелер. Жердің серігі - Ай. Дегенмен олар да жұлдыз сияқты жылтырап көрінеді. Өз кезегінде планеталардың төңірегінде олардың серіктері айналып жүреді. Жердің серігі – Ай. Күн және оны айналып жүретін планеталар мен олардың серіктері Күн жүйесін құрайды. Ғарыш кеңістігінде шек жоқ. Оның кендігі соншалық аспан денелерінің бір - бірінен қашықтығын Жердегі өлшеммен, айталық
километрмен өлшеу мүмкін емес.

Бұлай өлшеу Жер шарындағы қалалардың арақашықтығын милиметрмен есептеумен бірдей болар еді. Сондықтан ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады.

2 - топ. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады. Ол Жерге Айдан 1, 3секудта, Күннен 8 минуттан сәл астам уақытта жетеді. Бізге ең жақын жұлдызға дейінгі аралықты 4 жылда жүріп өтеді. Ол да ештеңе емес. Әлем кеңістігімен салыстырғанда қас қағымдай дерлік. Құрамына Күн жүйесі кіретін Әлемінің шағың ғана бөлігі - Галактиканың бір шетіндегі екінші шетіне жарық жұз мың жылда әрең жетеді. Ал алыстағы Галактикалар бізден бірнеше миллиард жарық жылындай қашықтықта тұрады.
Адам ерте кезден - ақ ғарыш денелерін жердегі құбылысарға әсерін зереп білуге тырысқан. Ол әзірге жер төңірегіндегі жақын ғарышқа аяқ аттап басты. Ғарышқа жол 1957 жылы4 қазанда ашылды.
Дәптермен жұмыс. Оқушылар өз ойларын бір – екі сөйлеммен жазады.
Соңында әр топтан 1 оқушыдан оқып береді. Бұл күні бұрынғы Кеңес Одағындағы Жердің жасанды серігі ұшырылды. Ал 1961 жылы 12 сәуірде адам баласы тарихында бірінші рет Ю. Гагарин ғарыш кемесімен Жер шарын айнала ұшты. 1 2 сәуір тарихқа «ғарышкерлер күні» деген атпен енді. Қазіргі кезде ғарышты игеру тез алға басуда. Аз ғана уақытта Жер төңірегінде екі мыңға жуық жасанды серік ұшырылды. Солардың ішінде адам ұзақ уақыт тұрып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге арналған орбиталық станциялар да бар.
Ғарыш құрал жабдықтары Жердің табиғи серігі Ай ды да зерттей бастады. Автоматтардың көмегімен адамдардың қатысуынсыз ақ Айдың топырақ үлгісі алынып, Жерге жеткізілді, бедері суретке түсірілді. Адам айға тікелей барып та қайтты. Автомат станциялар Күн жүйесінің алты планетасына жіберіліп, олар туралы ғылыми деректер алынды. Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді.
Ой толғау жазу..
«Таза болсын табиғат, аман болсын адамзат»
Оқушылар өз ойларымен тақтаға шығып бөліседі.

Қорытындылау
Жұмбақ шешу. Көктемде көгереді,
Жазда ырысқа бөленеді.
Күзде пісіп марқаяды,
Қыста бірден қартаяды. (Жер)

Топтарға сауалнама беру арқылы сурет дәптерге жоба жасату.
1 - топ. Табиғатты қорғау туралы маман болсаң не істер едіңдер?
2 - топ. Келешекте бірнеше жылдар өткен соң біздің қаламыздың табиғатын қалай елестетер едіңдер?

Бағалау.
Үйге тапсырма. Ғарыш денесі. Жер.( суретін салу)
Сабақта қолданылатын қосымша материалдар, слайдтар
Жерден Күнге дейінгі қашықтық шамамен 150 000 000 км.
Жер шары, күн жүйесі, галактика, галактикалар тобы, әлем (ғарыш)
Жарық секундына 300000 км жылдамдықпен таралады.
Күн жүйесі суреттері

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама