Гендік модификацияланған өнімдер
Кіріспе
Трансгенді өнімдер дегеніміз не?
Негізгі бөлім
А) Гендік инженерияның даму тарихы
Б) Трансгенді өнімдерді алу әдістері
В) Трансгенді өнімдерді табиғи өнімдерден қалай ажыратамыз?
Г)Гендік модификация арқылы алынған өнімдердің денсаулыққа әсері қандай?
Д) Трансгенді өнімдердің тиімділігі
Қорытынды
Гендік модификация және биология ғылымының біздің өміріміздегі алатын орны
Кіріспе:
Трансгенді өнімдер дегеніміз не?
Соңғы жылдарда Жер шарындағы тұрғындар денсаулығына тағамның сапасы мен құрамы тікелей әсерін тигізуде.Жер шары халқының тұтынып жүрген тағамдарының құрамы биологиялық құндылығын күннен-күнге жоғалтуда.
Жер шары халқының саны ғалымдардың болжауы бойынша 2050 жылы 9-11 млрд-қа жетеді екен. Сол себепті,ауылшаруашылық өнімдерін әлем бойынша өндіруді екі-үш есеге арттыру қажеттігінің туындап отырғанын халықаралық ғылыми қауымдастық бүгінгі таңда жақсы түсініп отыр. Ал ол өз кезегінде трансгенді өсімдіктер мен жануарларды қолдану арқылы ғана мүмкін болатын нәрсе.
Трансгенді өсімдіктер мен жануарлар алу әдістері ұқсас болып келеді. Екі жағдайда да ДНҚ-ға бөтен ақпараттар тізбегі енгізіліп,түрдің генетикалық ақпараты түбегейлі өзгертіледі.
Трансгенді өсімдіктер деп басқа түрге жататын өсімдіктің немесе жануардың трансплантацияланған гені сәтті қызмет атқарып тұрған өсімдіктерді атайды. Бұл реципиент өсімдік адам үшін қолайлы қасиеттерге ие болуы үшін,түрлі вирустар мен ауруларға,сыртқы ортаның қолайсыз факторларына төзімді болуы үшін жасалады. Гендік өзгертілген дақылдардан алынған өнімдердің татымдылық сапасы жақсы,әрі ұзақ сақталатын,өнімді мол беретін қасиеттерімен ерекшеленеді.
Жасанды гендік модификация дегеніміз не? Ол лаборатория жағдайында бөлініп алынған геннің басқа ағзаға жасанды жолмен енгізілуі.Американдық іс-тәжірибелерге сүйенсек,қызанақ пен құлпынай суыққа төзімді болуы үшін оларға солтүстік теңіз балықтарының гені енгізіледі,ал жүгері дақылы зиянкестерге жем болмауы үшін оларға жылан уынан алынған өте белсенді ген енгізіледі,ірі-қара тез салмақ қосуы үшін оларға түрлендірілген өсу гормонын енгізеді,сояға гербицидтердің әсерін азайту үшін кейбір бактериялар мен вирустардың және шырайгүлдің генін қосады.
Трансгенді өнімдер алу агроөнеркәсіптің бүгінгі таңдағы тез дамып келе жатқан бағыты. Селекция тәрізді бұрыннан келе жатқан дәстүрлі бағыттың шеше алмайтын мәселелері күннен күнге көбейіп келеді. Сонымен қатар,селекцияны жүзеге асыру үшін ондаған жылдар және көп қаражат жұмсалады.Ал қажетті белгілері мен қасиеттері бар трансгенді өнімдер алу үшін аса көп уақыттың қажеті жоқ.
Трансгенді өнімдер жасау бүгінгі таңда келесідей бағыттар бойынша дамып келеді:
- Алынатын өнім көлемін арттыру
- Жылына бірнеше рет өнім бере алатын дақылдар алу
- Кейбір зиянкестер үшін қауіпті болатын ауылшаруашылық дақылдарын алу
- Қолайсыз климаттық факторларға төзімді дақылдар алу
- Кейбір жануар белоктарын синтездей алатын өсімдіктер алу(мысалы,Қытайда адамның лактоферрин белогын синтездей алатын темекі дақылы алынды).
Гендік инженерия медицинаға,ауыл шаруашылығына, басқа да сааларға пайдасын тигізуі мүмкін.Гендік инженерия көмегімен алынған өнімдердің ішінде пайдалы вакциналар,дәрі-дәрмектер,жетілдіріген талшықтар,отынның жаңа түрлері және басқа да өнеркәсіптік материалдар бар.Биотехнологияны жақтаушылар гендік инженерия көмегімен бірқатар мәселелерді шешуге болатынын айтуда,мәселен:жер шары халқын азық түлікпен қамтамасыз ету,құнарсыз топыраққа егілген дақылдан мол өнім алу,егістік үшін жұмсалатын су мен химикаттар көлемін азайту.
Жаңа пайда болып жатқан технологиялардың ешқайсысы да гендік модификация тәрізді қатты назар аударып отырған жоқ. Себебі ғалымдарды да,қарапайым адамдарды да трансгенді өнімдердің адам ағзасына тигізетін әсері алаңдатып отыр.
Негізгі бөлім
Гендік инженерияның даму тарихы
Гендік инженерия жеке биология ғылымындағы ең жас салалардың бірі.Оның дамуы ХХ ғасырдың 60 жылдары басталды.Бұл кезде ДНҚ молекуласын өзгерте алатын біршама құралдар ашылды.Ал ғалымдар болса геннің құрылымын,қалай жұмыс атқаратынын және қалай пайда болатынын сол кездің өзінде білген болатын.Бұл гендік инженерияның негізі болып табылады. Бірақ алда жаңа гендерді бөліп алу,оларды белсенді, тұрақты түрде тұқым қуалай алатын құрылымға біріктіру міндеттері тұрды.
1969 жылы И.Беквит,Дж.Шапиро,Л Ирвин тірі жасушадан ішек таяқшасының сүт қанты-лактозаны сіңіруіне қажетті ферменттерді синтездейтін генді бөліп алды.
1970 жылы Д.Балтимор, онымен бір мезгілде Г.Темин және С.Мидзутани ДНҚ молекуласының РНҚ матрицасында құрылу процесін қамтамасыз ететін ферментті таза күйінде алды.Бұл ферменттің алынуы жеке гендердің көшірмесін алу жұмыстарын біршама жеңілдетті.Сондықтан, қысқа мерзімде, бірнеше зертханаларда глобин,интерферон және басқа да нәруыздардың синтезделуін басқаратын гендер алынды.
Гендерді жасушаға енгізу үшін бактериялардың генетикалық элементтері–плазмидалар қолданылады.Плазмидалар ядрода емес,цитоплазмада орналасады.Олардың кейбірі бөтен бактериялардың хромосомасына еніп,өз бетінше немесе басқа да факторлардың әсерімен өзімен бірге бактерия иесінің хромосомалық гендерін жабыстырып алып жасушаны тастап шығуға қабілетті болады.Бұл гендер плазмидалар құрамында өздігінен көбейіп,көптеген көшірмелер түзе алады.
Гендік инженерия әдістерімен тек қана ДНҚ молекуласына ғана емес,тұтастай хромосомаға да әсер етуге болады. Осы әдістер арқылы тұтастай хромосоманы бөліп алып, басқа түрдің жасушаны енгізу арқылы түрлі будан тұқымдар зертханалық жағдайда алынды. Гендік материалды бір жасушадан басқа жасушаға тасымалдау үшін жасушалық деңгейде өте нәзік әдіс –микрургия қолданылады.Мысалы, ұрықтанған жұмыртқажасушаға микропипетканың көмегімен геннің көптеген көшірмелерін ядроға енгізеді. Содан кейін бұл жұмыртқа жасушаны жасанды ортада біраз уақыт өсіріп, жануардың жатырына имплантациялайды.
Мұндай тәжірибелер егеуқұйрыққа жасалынды.Егеуқұйрықтардың ұрпақтары ата-аналарынан ірі болуы үшін оларға өсу гормоны енгізілді. Гендік инженерия саласындағы тәжірибелер өте қатаң бақылауда болады. Бірқатар елдерде адамға қауіпті ДНҚ молекуласы пайда болмас үшін гендік инженерия саласында жасалынатын тәжірибелер үшін арнайы ережелер қабылданды
Трансгенді өнімдерді алу әдістері
Гендік өзгерген өнімдерді алу қазіргі кезде гендік инженерлер үшін ешқандай қиындық тудырмайды.
Өсімдік геномына бөтен генді енгізудің бірнеше әдістері бар.
Әдіс №1
Табиғатта өз ДНҚ сының бөлігін өсімдікке енгізе алатын Agrobacterium tumefaciens бактериялары кездеседі. Бұл бактериялар енген соң өсімдіктің зақымдалған жасушалары тез бөліне бастайды да одан ісік пайда болады.Алдымен ғалымдар бұл бактерияның ісік тудырмайтын,бірақ өз ДНҚ сын басқа жасушаға енгізу қабілетінен айрылмаған штаммдарын алды.Одан кейін қажетті генді алдымен клондап алып, осы бактерияны өсімдікке жұқтырды.Зақымдалған өсімдік жасушасы қажетті қасиеттерге ие болды.
Әдіс №2
Қалың жасуша қабықшасын бұза алатын реагенттермен өңделген жасушаларды ДНҚ және ДНҚ ның жасушаға енуіне жағдай туғызатын заттар бар ерітіндіге салады. Осыдан кейін сол жасушалардан тұтас өсімдікті өсіреді.
Әдіс №3
Өсімдік жасушаларын арнайы,өте кішкентай,құрамында ДНҚ сы бар вольфрам оқтармен атқылау арқылы трансгенді өсімдік алады. Бұл оқ өсімдік жасушаларына дұрыс тиген жағдайда генетикалық ақпарат өсімдік жасушасына беріліп,өсімдік жаңа қасиеттерге ие болады.
Сонымен,трансгенді өсімдікті алудағы басты міндеттердің бірібөтенДНҚ дан қажетті генді бөліп алып, өсімдіктің ДНҚ сына енгізу болып табылады. Бұл үрдіс өте күрделі әрі қиын.
Ширек ғасыр бұрын ДНҚ ның ұзын молекуласын жеке бөліктерге –гендерге бөлетін рестриктаза ферменті алынды. Алынған гендердің ұштары тура сондай рестриктаза ферментімен бөлінген бөтен ДНҚ ның гендеріне жабысып,бірігіп кете алатын қасиеттерге ие болады.
Трансгенді өсімдік алуда ең көп қолданылатыны әрі ең тиімдісі №1 әдіс болып табылады.Өсімдіктерде ауру туғызатын Agrobacterium tumefaciens бактериясы өсімдік хромосомасына өз ДНҚ сының бөлігін енгізеді. Одан соң өсімдікте гормондар қарқынды түрде бөліне бастайды да,жасушалары тез бөлініп,ісік пайда болады. Пайда болған ісік бактерия үшін өте қолайлы қоректік орта болғандықтан бактерия тез көбейеді.Ботаниктер үшін өсімдіктің кез келген мүшесінің жасушасынан тұтас өсімдікті өсіру қиын емес.
Бірақ бұл әдіс кейде қолдануға тиімсіз болады.Өйткені агробактерия бидай,жүгері,күріш тәрізді дақылдарды зақымдай алмайды.Ондай жағдайда жоғарыда айтылған әдістердің бірі қолданылады.
Трансгенді өнімдерді табиғи өнімдерден қалай ажыратамыз?
Өнімде өзгерген ген барын тек зертханаларда күрделі зерттеулер нәтижесінде ғана білуге болады.
Кең таралған пікірлерге сүйенетін болсақ,алма,немесе помидор ұзақ уақыт сақталса,және жемісінің түсі ашық бояулы болса,ондай жемістерде міндетті түрде бөтен ДНҚ болуы тиіс.Алайда, бұл пікір дұрыс емес,өйткені химиялық препараттарды қолдану әдісі қазір жоғары деңгейге жеткендіктен мұндай өңдеуден өткен жемістер мен көкөністер ұзақ уақыт сақталады.
Өнімде ГМО бар немесе жоқ екенін білу үшін алдымен оның маркіленуіне назар аудару қажет.Өнімнің орамасындағы құрамы туралы мәліметке қарап,соя немесе жүгері негізінде даярланған өнімдерді қолданудан бас тартқан жөн, себебі,қазіргі таңда ең көп модификацияланған өсімдіктер соя мен жүгері болып табылады.
Біздің еліміздің дүкендерінде гендік модификацияланған өнімдердің бар немесе жоқ екендігін біз қайдан біле аламыз?Ақпарат көздеріне сүйенсек,Қазақ тағамтану академиясынан басқа біздің елімізде ешбір мекеме гендік модификацияланған өнімдерді зерттеумен айналыспайды екен. Және де аккредитацияланған зертханалардың болмауы салдарынан шет елдерден әкелінген тауарлардың құрамындағы трансгендерді ешкім анықтап жатқан жоқ. Сондықтан осы жұмысты жазу барысында мен көрші Ресей Федерациясында бұл жағдайдың қалай шешіліп жатқандығын білуге ұмтылдым. Ресей нарығында ГМ өнімдердің келесідей түрлері сатылымға шығарылған екен.
Mars компания –өндіруші
- M&Ms
- Snikers
- Milky Way
- Twix
- Nestle
- Milk Chocolate Nestle
- Nesquik(шоколадты сусын)
Соса-cola компания –өндіруші
- Coca-cola
- Sprite
- Cherry –coca
- Minut Maid Grape
- Danon –йогурт,сүзбе,айран және балалар тағамын өндіруші
- Nestle-шоколад,кофе,балалар тағамын өндіруші.
Қандай тағамдарда гендік модификацияланған қоспалар болуы мүмкін?
- Соя (бұршақ,концентрат,ұн,сүт)
- Жүгері(ұн,консервілер,поп-корн,май,чипсы,крахмал)
- Картоп (жартылай фабрикаттар,құрғақ пюре,чипсы,крекер т.б)
- Қызанақ (томат пасталары,кетчуп,пюре,соустар)
- Кәді
- Қант қызылшасы (тағамдық қызылша,қант)
- Бидай
- Күнбағыс майы
- Күріш және одан жасалған өнімдер(ұн,чипсы)
- Сәбіз
- Пияз
Ресей нарығында ГМ-өнімдер 90жылдарда пайда болды.Ал қазір бұл елде ГМ-өнімдердің 17 түріне рұқсат берілген. Олар:
Жүгерінің 17 сұрыптамасы
Сояның 3 сұрыптамасы
Картоптың 3 сұрыптамасы
Күріштің 3 сұрыптамасы
Қызылшаның 5сұрыптамасы
Микроағзалардың 5 түрі.
Көрші Қытай Халық Республикасындағы фермаларда зиянкестерге төзімді генетикалық модификацияланған күріш өсіру ауылшаруашылығының тиімді әдісіне айналғанына біраз уақыт болды.Бұл ел генетикалық модификацияланған күрішті өндіру мен бүкіл әлемдік таратуға жақындап қалды деуге де болады. Ал бұл күрішті тағам ретінде пайдаланудың зиян немесе зиян еместігіне ешкімнің көзі жетіп отырған жоқ.Қорытындылай келсек,жоғарыда жазылған деректерге сүйене отырып, біздің еліміздегі ГМ-өнімдер туралы да мәлімет алуға болатынын аңғарамыз.
Трансгенді өнімдердің адам денсаулығына әсері қандай?
Біздің дастарханымыздағы кез келген тағам гендік модификацияланған болуы әбден мүмкін.Ал модификацияланған тағамның зиянды немесе зиянсыздығы туралы таластар әлі ұзақ жылдар бойы жалғаса бермек.Осы мәселені зерттеу үшін құрылған Еуроодаққа қарайтын ұйым трансгенді өнімдерді тағам ретінде пайдаланудың зиянсыздығы туралы шешім қабылдап та қойды. Алайда оған қарамастан Еуроодаққа енген кейбір елдер ғана модификацияланған өнімдерді өз елдерінде өсіруге немесе импорттауға рұқсат берген.Ал ТМД елдерінде бұл мәселеге әлі жеткілікті мөлшерде назар аударылмай келеді,сол себепті трансгенді өнімдер бізге ешбір бақылаусыз еркін түрде әкелінуде. Адамның асқазан жолдарындағы кейбір микроағзалар бөтен гендерді ұстап алып,оларды өз ДНҚ- сына енгізуі мүмкін.Осылайша жаңадан қоныстанған гендер өз қызметтерін жүзеге асыра бастайды.Олар адам ағзасына қалай әсер етеді? Мысалы,өсімдіктердің жасушасының белсенді өсуін туындататын гендер бар.Бұндай гендер түрлі ісіктерді туындатуы мүмкін. Модификацияланған картоп,соя,бұршақ өнімдері ішкі секреция бездерінің қызметін бұзып,аллергиялық ауруларды пайда болдыратыны экспериментальді түрде дәлелденді.
Гендік модификацияланған өнімдердің құрамында адам денсаулығына қауіпті улы заттар болуы мүмкін.
ГМ дақылдарды алудан туындайтын қауіп-қатерлерді келесі сызбанұсқадан көруге болады.
зиянды ағзалардың қорғаныш заттарына резистенттілігінің артуы |
Агроэкологиялық |
|
биоәртүрлілік |
Түрлік құрамның бірігіп кету қаупі |
генетикалық |
ағза геномының өзгеруі |
Жасуша метаболизмінің өзгеруі |
Терминальді технологиялар |
экологиялық-генетикалық |
Гендерді көлденең тасымалдау |
Гендерді тікелей тасымалдау |
Аллергендік,мутагендік |
биологиялық |
Тағамдық құндылығының төмендеуі |
токсиндік |
Гендік инженерия мен сұрыптаудың арасында көптеген айырмашылықтар бар.Гендік құрылымды өзгерту барысында аналық жасуша органоидтарының жұмыс атқару принциптері бұзылады.
Қазіргі таңда гендік инженерия саласы ГМ өнімдерді пайдалану болашақта қандай зардап шеккізетінін әлі анықтап біткен жоқ. Сондықтан да осы бағыттағы зерттеулер мен тәжірибелер әлі жалғасып жатыр.Енгізілетін геннің нақты қайда түсетінін анықтауда қиындықтар туындап отыр,сол себепті бұл процесс болашақта қалай залалын тигізетіні де нақты анықталмауда.
1989 жылы АҚШ-та L-tryptophan тағамдық қоспасының салдарынан 37 адам қайтыс болып, 5000 адам жүрек-қантамыр жүйесінің ауруына шалдықты. Сол себепті АҚШ дәрі және азық-түлік қызметі бұл тағамдық қоспаны сатылымнан алып тастауға мәжбүр болды. Осы өнімді өндіруші жапондық Showa Denko химия фирмасы 1988-1989 жылдары бұл қоспаны генетикалық өзгерген бактерия алу үшін пайдаланған болатын. Сол кезде ДНҚ молекуласының рекомбинациялануы салдарынан бактерия қауіпті қасиеттерге ие болуы мүмкін деп санайды ғалымдар.
1996 жылы АҚШ- тағы Небраска штатының ғалымдары трансгенді өнімді қолданудан адамдардың жаппай өмірге қауіпті аллергияға шалдығуының алдын алды. Олар соя ДНҚ-на енгізілген бразилия жаңғағының гені бұл жаңғаққа сезімтал адамдарда өлімге әкелетін аллергия туындататынын жануарларға жасалған тәжірибелер барысында анықтаған. Тағамдық аллергиясы бар адамдар кәдімгі тағам өнімдерінің ДНҚ молекуласына енгізілген бөтен протеиндердің әсерінен зардап шеге жаздады. Сол себепті аллергиясы бар адамдарға зиян келмеуі үшін генетикалық модификацияланған қоспалары бар тағам өнімдерінің қаптамасында олар туралы ақпарат міндетті түрде болуы тиіс.
Қазіргі таңда келесідей генетикалық модификацияланған тағамдық қоспалар мен ароматизаторлар белгілі.
Е101 және Е101А (В2, рибофлавин) — балалар тағамы мен алкогольсіз сусындарға қосылады.
Е150 (карамель);
Е153 (карбонат);
Е160а (бета-каротин, провитамин А, ретинол);
Е160b (аннатто);
Е160d (ликопин);
Е234 (низин);
Е235 (натамицин);
Е270 (сүт қышқылы);
Е300 (витамин С — аскорбин қышқылы);
с Е301 по Е304 (аскорбаттар);
с Е306 по Е309 (токоферол / витамин Е);
Е320 (ВНА);
Е321 (ВНТ);
Е322 (лецитин);
с Е325 по Е327 (лактаттар);
Е330 (лимон қышқылы);
Е415 (ксантин);
Е459 (бета-циклодекстрин);
с Е460 по Е469 (целлюлоза);
Е470 и Е570 (тұздар мен май қышқылдары);
эфиры жирных кислот (Е471, Е472a&b, Е473, Е475, Е476, Е479b);
Е481 (стеароил-2-натрий лактилаты);
с Е620 по Е633 (глютамин қышқылы мен глютаматтар);
с Е626 по Е629 (гуанил қышқылы мен гуанилаттар);
с Е630 по Е633 (инозин қышқылы мен инозинаттар);
Е951 (аспартам);
Е953 (изомальтит);
Е957 (тауматин);
Аллергиясы бар адамдар міндетті түрде сатып алған өнімдерінің орамасынан осы қоспаларды қарап,сақтықпен қолдануы қажет.
Сонымен,ГМ өнімдердің адам денсаулығына тигізетін зияны толығымен дәлелденбесе де,ғалымдардың зертханада жүргізген тәжірибелері негізінде келесідей тұжырымдар жасалды:
ГМ тағамдар мен көкөністерді пайдаланудан адам мен жануарлар ағзасына келетін зиянды әсерлер
- Бедеулік
- Ішкі ағзалардың салмағының өзгеруі
- Иммундық жүйенің нашарлауы
- Артық салмақ
- Бауыр қызметінің бұзылуы
- Көкбауыр қызметінің өзгеруі
- Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасының өзгеруі
- Аллергиялардың пайда болуы
- Онкологиялық аурулардың көбеюі
- Ұрықтың дұрыс жетілмеуі.
Ағза геномының өзгеруі улы әрі мүлде жаңа бактериялар мен вирустардың пайда болуына себепші болуы мүмкін.
Гендік модификацияланған өсімдіктердің тозаңдары қалыпты өсімдіктерге түссе оларды трансгенді өсімдікке айналдырады. Гендік модификацияланған өсімдіктердің тозаңдары аралар мен көбелектерді, басқа да бунақденелілерді жойып жіберуі мүмкін. Соның салдарынан ғаламшарымыздың биологиялық әртүрлілігі қысқарып кетеді деген болжамдар да жасалуда.
Трансгенді өнімдердің тиімділігі
Гендік модификация және медицина. Ұлыбританиялық ғалымдар бүгінгі таңда трансгенді тауықтар алуды жолға қойып жатыр.Өйткені мұндай тауықтардың жұмыртқасының медициналық үлкен маңызы бар дейді олар. Трансгенді тауықтардың жұмыртқасындағы протеиндерден қатерлі ісікті емдейтін препараттар алуға болады екен.Бұл жаңалық әлемге әйгілі клон қой Доллиді жасап шығарған зерттеу орталығында ашылды.Эдинбург қаласының маңында орналасқан ғылыми орталықтың ғалымдары қазір трансгенді бес тауықты өсіргендері жайлы айтады. Егер де бұл жаңалық қолдау тауып,препараттар кеңінен таратылатын болса адамдар осы бір аты жаман аурудан құлан таза айығып кетуге мүмкіндік алар еді.
Қатерлі ісікпен күресте генетик ғалымдар топырақта тіршілік ететін және анаэробты,оттекті ортада тіршілігін жоятын Clostridium novyi – NT бактерияларын қолдануды ұсынып отыр.Көптеген қатерлі ісіктердің оттегі мөлшері аз болып келетін орталық аймақтары болады.Бұл аймақтағы қатерлі жасушалар тез көбеюге қабілетсіз болып келеді.Бактерия споралары тамырға егіліп,қан айналым жүйесі арқылы мүшелер мен ұлпаларға таралып,қатерлі ісіктің гипоксия аймағына да жеткізіледі. Қолайлы жағдайға тап болған споралар өсіп,дамып –жетілген бактериялар қатерлі ісік жасушаларымен қорек үшін бәсекеге түсе бастайды.Осылайша бірте-бірте ісік жасушалары жойылып кетеді.
Гендік модификация және экология.Вашингтон университетінің ғалымдары табиғатты улап жатқан өндірістік токсиндерді ыдыратып,зиянсыз затқа айналдыра алатын гендік модификацияланған теректі жасады.Фиторемедиация деп аталатын өсімдіктер әлемін табиғаттағы өндірістік қалдықтармен күресуге пайдаланатын бағыт өндірістік ластаушылар мәселесін шешудегі болашағы зор бағыттардың бірі.Бүгінгі күнге дейін фиторемедиация күмән туғызып келген болатын, себебі ластанған аймақтардың беткі қабаттары тек бір емес бірнеше қалдықтармен уланғандықтан,бұл әдіс тиімсіз деп саналды.Бірақ жасап шығарылған теректер органохимиялық улардың біреуін ғана емес,бірнешеуін залалсыздандыра алатыны белгілі болды.Олар хлороформ, бензол,трихлорэтилен тәрізді улы заттарды ыдыратып,суға,көмірқышқыл газына,тұздарға айналдыра алады.Енді ғалымдардың алдында тұрған мәселе-бұл теректердің қоршаған орта үшін зиянсыздығын дәлелдеу.
Гендік модификацияланған балдырлар және автомобиль отыны.
Иллинойс университетінің ғалымдары ірі көлемдегі сутегі өндіру үшін теңіз балдырларын молекулалық деңгейде модификациялаумен айналысуда. Зерттеушілер сутегі балдырлардағы фотосинтез реакциясына қатысатын элементтердің бірі екендігін тапты.Бірақ оны өндірістік көлемде алу үшін сутегінің түзілуіне қажетті процесстер мен гидрогеназа ферменттері мен оттегін алу реакцияларын анықтау қажет.Бұл тізбектерді ашу үшін ғалымдар өте қуатты компьютерлер мен балдырларды модификациялау әдістерін қолдануда.Қажетті модификациялар жасалған соң балдырар табиғи балдырларға қарағанда сутегіні он есе көп өндіретін болады дейді ғалымдар.Яғни,модификацияланған балдырлардың көмегімен барлық жеңіл автокөліктердегі қоршаған ортаға қауіпті жанармайды сутегі отынына ауыстыруға мүмкіндік туар еді.
Қорытынды
Гендік модификацияланған өнімдер қоғамдық қажеттіліктен туындап отыр,себебі қазіргі уақытта Жер шарындағы адамдар санының артып кетуі оларға азық-түлік тауып беру мәселесін туындатты.Гендік модификация әдістерін пайдалана отырып,аз уақытта өте мол өнім алуға болады. Ал ежелден келе жатқан селекция әдістері ұзақ уақыт жұмсалатынына байланысты,және қаражатты көп қажет ететіндігінен ғылымнан және өндірістен шеттетілуде.
Гендік инженерия және биотехнология саласы күннен күнге дамып келе жатқан салалардың бірі. Ол біздің өмірімізге күн санап дендеп еніп келеді.Ал модификацияға ұшыраған өнімдердің адам ағзасына қаншалықты әсер ететіні әлі де болса зерттелу үстінде. Сондықтан да бұл жұмыста қарастырылған мәселер ғылымның,медицинаның,күнделікті өмірдің күн тәртібінен түспейтіні анық.
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Гендік модификацияланған өнімдер туралы мағлұмат жинау арқылы олардың адам ағзасы мен қоршаған ортаға әсері туралы зерттеулер жүргізу.
Жұмыстың кезеңдері:
Кіріспе бөлімі: гендік модификацияланған өнімдерге жалпы сипаттама жасау және олардың пайда болу себебін анықтау.
Негізі бөлімде
А)гендік инженерияның даму тарихы туралы мағлұматтар беру
Б)Трансгенді өнімдерді зертханалық жағдайда алу әдістерін қарастыру,яғни агробактерияларды қолдану әдісі,реагенттер әдісі,вольфрам оқтармен атқылау әдісі туралы мағлұматтар беріледі
В)Табиғи өнімдерді трансгенді өнімдерден ажырату жолдарымен таныстыру
Г) Трансгенді өнімдердің адам ағзасына тигізетін әсері қарастырылады,атап айтсақ,онкологиялық аурулар мен аллергиялардың себебі осы трансгенді өнімдер болуы мүмкін деген болжамдар жасалады
Д)Трансгенді өнімдердің адам өмірі мен өндірістегі тиімділігін қарастыру,яғни гендік модификацияланған өнімдер арқылы қатерлі ісікті емдеуге болатындығына, экологиялық мәселерді шеше алатындығына деректер келтіріледі
Зерттеу әдістері: талдау,сұрыптау,саралау,жинақтау,қорытындылау
Зерттеу нәтижелері:
1.Жұмыста трансгенді өнімдердің пайда болу себептері мен алыну жолдары қарастырылды.
2.Трансгенді өнімдердің адам денсаулығына тигізетін әсері шетелдік ғалымдардың жүргізген тәжірибелері негізінде түйінделді
3.Бұл ғылыми жұмыс барысында трансгенді өнімдердің қаншалықты зиянды екенін және олар біздің еліміздің нарығында қаншалықты таралғанын білуді мақсат еттім
Зерттеудің практикалық маңызы
Зерттеу нәтижелерінде «Гендік модификацияланған өнімдердің адам ағзасына тигізетін әсері» биология пәні бойынша жүргізілді. Адамдар гендік модификацияланған өнімдер туралы жан-жақты хабардар болып,өз денсаулықтарын сақтауы үшін болашақта осы жұмыс болашақта жалғасын табады.
Аnnotation
The purpose of study: to determine the influence of genetically modified products on human health
Stages of work:
Introduction: overview of the genetically modified products.
The main part:
A)a study of the development of genetic engineering
B)Examining ways to produce genetically modified products
In the Path of cognition of the genetically modified products
G) Determine the influence of genetically modified products on human health
E)Determine the benefit for the person and for the production of genetically modified products
Methods of research: the analysis, selection and conclusion
The results of the study:
1. Scientific the work were the reasons of the appearance of transgenic products.
2. The study of a foreign scientists determine the impact of genetically modified products on human health
3 Determine level of the spread of genetically modified products in our country
Бектұрсын Аружанның «Гендік модификацияланған өнімдердің
адам ағзасына әсері» ғылыми жобасына жазылған пікір.
Бұл жұмыста гендік модификацияланған өнімдерге қатысты жалпы ғылыми материалдар жиналған. Көбіне Қазақстан Республикасы нарығында саудаланатын трансгенді өнімдерге баса назар аударылған.
Алдымен автор гендік модификацияланған өнімдердің шығу тарихына,оларды зертхана жағдайында алу әдістеріне кеңірек тоқталады.
Модификацияланған өнімдерді алуда қолданылатын ферменттер мен объектілерге жалпылама тоқталып өткен. Бірақ осы ферменттер туралы әлі де болса толығырақ мағлұмат берілуі керек деп ойлаймын.
Бектұрсынова Аружан бұл жұмысын көбінесе көршілес Ресей Федерациясының ақпарат көздеріне,шетелдік ғалымдардың еңбектері туралы мәліметтерге сүйеніп жазғаны көрініп тұр. Оның себебі біздің елде осы мәселеге әлі де болса жеткілікті назар аударылмауында,деректердің аздығында деп ойлаймын.
Бектұрсынова Аружан гендік модификацияланған тағамдық өнімдердің адам ағзасына тигізетін кері әсеріне қоса олардың медицина мен ғылымдағы алатын өзіндік орнына да тоқталған.
Жалпы, жұмыстың иегері әдебиетпен тыңғылықты жұмыс істеп,қажетті мәліметтерді жинаған.Осы орайда Бектұрсынова Аружан болашақта осы жұмысын әрі қарай жалғастырып,жетістіктерге жетеді деп сенемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Вельков В.В. Оценка риска при интродукции генетически модифицированных микроорганизмов в окружающую среду. Агрохимия, 2000, N8, с. 76-86.
2. Власова З.А. Справочник по биологии. – М., 1998.
3. Зеленин А.В., Генная терапия: этические аспекты и проблемы генетической безопасности. Генетика, 1999, т.35, N 12, с.1605-1612.
4. Красовский О.А. Генетически модифицированная пища: возможности и риски // Человек, 2002, № 5, с. 158–164.
5. Учебник “Основы безопасности жизнедеятельности” 9 класс; М.П. Фролов, Е.Н. Литвинов, А.Т. Смирнов и др.М.: ООО ”Издательство АСТ”, 2002.
6. Большой энциклопедический словарь школьника; составитель А.П. Горкин; М.: научное издательство “Большая российская энциклопедия”, 1999.
7. Популярная медицинская энциклопедия; гл. ред. Б.В. Петровский; М.: “Советская энциклопедия”, 1987.
8. Биологический энциклопедический словарь, -М., 1989 г.
Аннотация
Цель исследования: Определить влияние генномодифицированных продуктов на здоровье человека и на окружающую среду.
Этапы работы:
Введение: Общий обзор генномодифицированных продуктов,определение причины появления этих продуктов.
Основная часть:
А) Информация о развитии генной инженерии
Б) Рассматривать способы получения генномодифицированных продуктов в лабораторных условиях
В) Ознакомить со способами узнавания генномодифицированных продуктов
Г)Определить влияние генномодифицированных продуктов на здоровье человека
Д) Рассматривание пользы генномодифицированных продуктов для человечества
Методы исследования: анализ,отбор,обобщение
Результаты исследования:
1.В этой работе были рассмотрены пути получения генномодифицированных продуктов
2.Опираясь на опыты зарубежных исследователей рассматривалось влияние трансгенных продуктов на организм человека
3.Была поставлена задача определить распространение генномодифицированных продуктов в нашей стране