Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
ҚР БҒМ: Қазақстандықтар оқулықтардың сапасын арнайы портал арқылы бағалағандары жөн

ҚР Білім және ғылым министрлігі қазақстандықтарды арнайы портал арқылы оқулық сапасын бағалауға белсенді түрде қатысуға шақырды.

«Оқулық сапасын қоғамдық бағалау» порталы қалың жұртшылыққа жаңа оқулықтар жөнінде ескертулер мен ұсыныстар білдіру мүмкіндігін береді. Әзірге порталға мемлекеттік сараптамадан өтіп жатқан 9-сынып оқулықтары ғана енгізілді», - делінген хабарламада.

Мекеменің баспасөз қызметінің хабарлауынша, портал оқулықтардың мазмұны мен сапасын жақсартуға, педагогтар мен ата-аналардың пікірі мен ұсыныстарын назарға алуды қарастырады.

«Портал барлық ниет білдірушілерге қазақстандық оқулықтарды жетілдіру процесінің белсенді қатысушысы болуға мүмкіндік береді. РҒПО сайтында орналасқан www.okulyk-edu.kz мекен-жайындағы «Оқулық сапасын қоғамдық бағалау» баннеріне өту арқылы оқулықтарды қарауға болады», - делінген хабарламада.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама