Қызылмия өсімдігінің емдік қасиеттері
Жоспары:
1.Кіріспе
Дәрілік өсімдіктердің маңызы
2.Зерттеу бөлімі
Қызылмия-дәрілік маңызы зор шипалы өсімдік
А\Қызылмия өсімдігіне жалпы сипаттама
Б\Құрамы
В\Емдік қасиеттері
Г\Емдеу тәсілдері
Д\Қызылмия өсімдігін қорғау
3.Қорытынды
Дәрілік өсімдіктердің түрлерін көбейтіп, қорғау
Кіріспе
Тақырыбы: «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ
Табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ»
Табиғат –күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі,құт –берекесі.Ал адам үшін табиғат ең қастерлі де қасиетті ұғым.Өйткені адамның өзін дүниеге келтіретін аяулы анасы,сондықтан да адамның табиғатты Ана деп құрметтеуінде үлкен ұғым жатыр. Адамның өзі сол табиғатпен етене байланысқан тіршілік иесі,Жер Ананың перзенті.
Қазақ халқының бар өмір тіршілігі табиғатпен тікелей байланысты. Сан ғасырлар бойы қазақ халқы сол өзі аялаған табиғат аясында тіршілік ете жүріп оның сан алуан құпия сырларына көңіл бөлді. Табиғат алуан түрлі өсімдікке бай. Өсімдіксіз жер бетінде тіршіліктің болуы мүмкін емес, себебі бүкіл тіршілікке қажетті органикалық заттар өсімдіктен түзіледі. Өсімдік-өмір өзегі деп бекер айтпаған.
«Денсаулық –зор байлық» демекші, денсаулықты сақтаудың басы емдік дәрі-дәрмекті пайдалану. Ал дәрі дәрмектер дәрілік шөптерден жасалады.
Улы деген шөптің өзі пайдалы,одан түрлі ауруларға шипа болатын дәрілер жасалады.Ал, дәрілік өсімдіктердің саны қаншама. Дәрілік ,емдік қасиеті бар өсімдіктерді табиғаттың «жасыл дәріханасы» деп те айтуға болады. Дәрілік өсімдіктермен емдеу сонау ата-бабамыздың кезінен келе жатқан салты. Дәрілік қасиеті бар өсімдіктердің құрамына химиялық заттардың кіруіне байланысты ол сырқат адамның бойындағы ауруды жазады. Алғашқы адамдар өсімдіктерді тамаққа пайдалана жүріп,олардың жарақатты жазу,тер шығару,ұйықтату,құстыру,тәбет ашу т.б қасиеттерінің болатынын білген. Өсімдіктердің емдік қасиеттері өте ертеден- ақ белгілі болды. Оны дәлелдейтін қазба қалдықтар табылған бұйымдардан көне Греция, Египет, Индия, Қытай, Араб т.б елдердің зерттеулерінен қалдырған еңбектерінен білуге болады. Өсімдіктер әлеміне бай өлке Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің бірі болып саналады. Мал бағумен ерте заманнан айналысқан қазақ халқы шөптердің, жалпы өсімдіктердің емдік,дәрілік қасиетін ертеден-ақ білген.
Ертеде өмір сүрген Әбу Насыр Әл-Фараби , Әбу Әли Ибн-Сина, Беруни, Әл-Джуржани орта ғасырда өмір сүрген т.б да шығыс ғалымдарның қазақ медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік шөптерді танып, пайдалануына еткен ықпалдары зор болды. Бұған қоса қазақтың халық медицинасының дәрілік өсімдіктер жөнінде ұғым көршілес Ресей, Иран, Қытай, Монғолия, Тибет сияқты халықтардың медицинасындағы деректкрмен байытылып, одан әрі дамыды. Жер жүзіндегі дәрілердің 50% өсімдіктерден дайындалады. Қазақстанда өсетін 6000-ға жуық өсімдіктер түрінің 500-і дәрілік өсімдіктерге жатады. Соның ішіндегі 20-дан астам түрі өзіміздің тұрған өлкеміз Кеңдала ауылында өседі. Мысалы: көкемарал, адыраспан, ермен, итошаған, шәйшөп, алтынтамыр, өгейшөп, қалайқай, бақ-бақ т.б дәрілік өсімдіктердің құрамында алколойдтар, гликозиттер, эфир майы, түрі дәрумендер болады.
Дәрілік өсімдіктердің құрамы:
- Алколоидтар - арабша «алкам» сілті деген сөз. Сілтілік қасиеті бар азотты күрделі органикалық зат, әсіресе орталық жүйке жүйелеріне әсер етеді.
- Витаминдер -латынша «вит» тіршілік «амин» азоты қосылыс немесе ақуыз деген сөз.
- Гликозиттер – құрамында глюкоза бар күрделі зат.
- Илік заттар- тері илеуге пайдаланатын химиялық зат.
- Каротин немесе Н провитамині сары-қызыл бояу зат.
Ибн Сина былай деп жазды: «Дәрігерде үш қару бар. Олар: жылы сөз, өсімдік және пышақ». Бұл қағида осы күнге дейін қолданылып келеді.
Қытай дәрігері Шин-Жон: «Сенің дененің құрамы өсімдік шырынында» -деп өте орынды айтқан. Сонымен бірге «әр аурудың өз шөбі бар»-дейді.Көптеген дәрі-дәрмектердің де дәрілік өсімдіктерден жасалатыны сондықтан. Ал дәрілік өсімдіктер көптеген аурулардың дертіне дауа, жанына шипа болары сөзсіз.
2.Зерттеу бөлімі
2.1Қызылмия-дәрілік маңызы зор шипалы өсімдік
А\Қызылмия өсімдігіне жалпы сипаттама
Халық медицинасында пайдаланылып жүрген өлкемізде өсетін өсімдіктердің бірі-қызылмия. Қызылмия-Мия (Glycyrrhіza, Солодка, Лакричник) – бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Қызылорда облысының барлық аймақтарында кездеседі. Биіктігі 10 – 80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2 – 3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, сахароза, эфир майы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.
Таралу аймақтары:Жабайы түрлері Францияда, Италияда, Оңтүстік Шығыс Еуропада (Украина мен Молдавияда), Солтүстік Африкада (негізінен Ливияда), Батыс және Орталық Азияда өседі. Қазақстан территориясында далалы және шөлейтті аймақтарда,Жайық, Іле өзендерінің аңғары, Оңтүстік Қазақстан облысының далалы аймақтарында көп кездеседі. Республикамыздағы ең ірі өзендерінің бойындағы Орал, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысында қызыл мияның қоры зерттелген. Жалпы, бұл өсімдік қоңыржай климатты аймақтардың барлығында кездеседі деуге болады.Жазық және шөлейтті аймақтардың өзен аңғарларында,теңіз жағасындағы құмды тастақ жерлерде,шалғындар мен бұталы аймақтарда,жол жағасы мен арықтардың,каналдардың жағасынан көптеп кездестіруге болады. Құмды,тұзды топырақта жақсы өседі,сондай ақ қара топырақта және батпақты жерлерде де жақсы өседі.
Жинау және өңдеу әдістері: әдетте күз айларында жемісі піскен кезде жинап алып кептіреді. Емдік мақсатта тамырын көбірек пайдаланады. Гүлінен де дәрі жасауға болады.
Химиялық құрамы: Глицирризин қышқылының калий кальций тұздары болып табылатын глицирризин глюкозиды,глицириззин қышқылы глицирризин қышқылы (тритерпенді сапонин),флаваноидтар(27түрлі),ликвиритин,ликвиритозид, ликурозид,глицирет қышқылы,диоксистигмастерин,бетаситостерин, цирризин,аспарагин, сары пигмент,эфир майы, стероид, камедь,қарамай.
Ғылыми топтастырылуы
Дүниесі: Өсімдіктер
(unranked) Қос жарнақтылар
Тұқымдасы: Бұршақ тұқымдасы
Тегі: Мия (Glycyrrhіza)
Түрі: Қызылмия
Екі-есімді атауы
Glycyrrhіza glabra
Өсімдік аты |
Биіктігі |
Тіршілік формасы |
Өсетін орны |
Пайдаланатын бөлігі |
Жинау мерзімі |
Қандай ауруға ем |
Мөл шері |
Қызылмия |
3 м |
Көп жылдық шөптесін |
Жазықта Шөлейтте Далалы шалғында Қоңыржай климатта |
Тамыры Жемісі Гүлі |
Қыркүйек қазан |
Асқазан, өт жолдары
|
5-10г Жемісі Тамыры 15-30г
|
Зерттелуі: Орал қызылмия өсімдігінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері.Саурамбаев Батырғали Рүстембекұлы Хабаршы. ҚазмемҚызПИ 2010.Қызылмияны жан-жақты зерттеу жұмыстарын И.А. Муравьев,К.К. Закиров,В.И. Литвиненко сияқты ғалымдар жүргізді. 1964 жылы Бүкілодақтық Дәрілік Өсімдіктер институтында (ВИЛР) зерттеулер барысында қызылмияның кортизонның әсеріне ұқсайтын қабынуға қарсы қасиеті бар екендігі дәлелденді. Мәскеу мемлекеттік тағам өндірісі институтында қызымияның ұсақталған тамырының және қызылмия экстрактысының нан,ұн, кондитер өнімдерінде(бисквитті жартылай фабрикаттар,крекер,халва) қолдану мүмкіндігі зерттелді. Бұл зерттеулер қызылмия тамырының ұнтағы мен экстрактісін ұнға қосқанда ұнның клейковина нәруызының сапасы арта түсетінін көрсетті.
Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында голландиялық дәрігер Ф.Э. Риверс асқазан жарасымен ауыратын науқастарының ауруынан тез арада айығып жатқандарын байқайды.Бұл құбылысты әрі қарай зерттеу барысында ол жергілікті фармацевттің науқастарға 40% қызылмия тамырының ұнтағы қосылған қоспаны бергенін біледі. Осыдан соң Риверс асқазан жарасына шалдыққан науқастарына қызылмия тамырының ұнтағын тағайындап,нәтижесін күтеді. Қызылмия тамыры асқазан жарасын емдеуге көмектескенімен, ағзадағы натрийдің шамадан тыс жиналуын туғызады, сол себепті науқастардың қан қысымы көтеріліп,жүрек демікпесіне шалдықтырады. Риверс бұл жағымсыз әсерлерді қызылмияның мөлшерін азайта отырып жояды. Осындай бірқатар зерттеулердің нәтижесінде Риверс қызылмияның кортизон гормонына ұқсас қасиеттері бар екендігін және сондықтан да асқазан жарасын емдеуге көмектесетінін дәлелдеп шықты.
The New England Journal of Medicine журналының 1951 жылы 29 наурызда жарық көрген санында қызылмияның емдік қасиетінің тек қана асқазан жарасын емдеумен шектелмейтіні жайлы ғылыми мақала жарық көрді. Мақаланың аты: "Қызылмия экстрактісін Аддисон ауруын емдеуде қолдану"("Extract of Licorice for the Treatment of Addison's Disease"). Аддисон ауруы дегеніміз бүйрекүсті бездерінің қызметінің нашарлауы,оған себепші фактор ретінде бүйрекүсті безінің туберкулезін айтуға болады.
Осыдан жүздеген жылдар бұрын грек ғалымы Теофраст мияны балмен араластырып түрлі жараларды емдеуге қолданғаны жайлы дереккөздер бар. Уильям A. Р. Томсон(Dr. Wm. A. R. Thomson) сияқты ғалымдар мияның кортизондық әсері туралы таластар басылғаннан кейін ғалымдар қызылмияның псориаз сияқты тері ауруларын емдеуде әсерінің жоғары екендігіне көз жеткізеді дейді.
Шөл және тәбетті басатын қасиетімен қатар қызылмия темекі мен акогольде деген құмарлықты да басады. Көптеген дәрігерлер мұны баяғыда білген. Бір дәрігер наубайхананың бірнеше жұмыскерін емдеген. Олар темекіні тастай алмағандықтан дәрігер оларға қызылмияның тамырын шайнауға кеңес береді. Наубайхана қожайыны оларға жұмыс орнында темекі шегуге тыйым салады, сондықтан олар жұмыс кезінде темекіні тартқызбайтын әдіс ретінде мияның тамырын пайдаланады. Нәтижесінде жұмыскерлердің барлығы темекіден бас тартып, жаман әдеттерінен мүлде арылады.
Қызылмия өсімдігінде 27 флавоноид ,аскорбин қышқылы, стероидтар,эстриол,камедь,қарамай,эфир майлары мен аспарагиннің бар екені анықталған.Флаваноидтар адам ағзасына түрліше әсер етеді. Бырыстырғыш,жараны жазатын,қабынуға қарсы қасиеттерін халық емшілері көп ғасырдан бері қолданылып келеді.Тамырындағы глицирризин жоғарғы тыныс жолдарының секреторлық қызметін арттырып,трахея мен бронхылардағы кірпікшелі эпителийдің белсенділігін арттырады,сол себепті қызылмия тұнбасын қақырық түсіретін дәрі ретінде де қолданады. Өсімдік құрамындағы сапониндер тек қана тыныс жолдары ғана емес,басқа мүшелердің де сілемейлі эпителийін тітіркендіріп, сөл бөліну қызметін жақсартады,сондықтан мияны қақырық түсіретін,зәр айдайтын, іш жүргізетін дәрілердің құрамына қосады. Флавоноидты қосылыстардың арқасында қызылмия бронхылардың бірыңғай салалы бұлшықеттерінің жиырылуына әсер етеді.Қызылмияда сондай ақ құрамы жағынан да,қасиеттері жағынан да бүйрекүсті безінің қыртысты қабатынан бөлінетін стероидты гормондарға ұқсас заттар бар. Бұл заттар қабынуға қарсы өте күшті емдік қасиеттерге ие.Қызылмиядан қандағы холестериннің деңгейін азайтып,қантамырлардың қабырғаларына жиналып қалған холестериннің қалдықтарын ерітетін биологиялық белсенді заттар бөлініп алынды.
Орта ғасырларда өмір сүрген энциклопедист дәрігер Амирдовлаи Амасиаци мияның шырыны « ащы дәрілердің ащылығын азайтып, олардың жағымсыз әсерін жояды» деп жазған. Ол қызылмияны бал тәрізді әмбебап у қайтарғыш дәрілердің қатарына қосқан. Безгек ауруы кезіндегі қалтырап дірілдеу кезінде,дәрілер қабылдаған кезде және қояншық ауруы кезінде ол келесідей ем түрін ұсынады:
-қызылмия тамыры
-шегіргүл гүлдері
-кепкен жүзім жемістері
(құрамындағы барлық заттар теңдей мөлшерде болуы қажет. Бұл жинақтағы шөптердің барлығы қабынуға қарсы және қақырық түсіретін құралдар болып табылады.
Тыныс жолдарының қабынуы
Г\Емдеу тәсілдері
Қандай ауруларға ем |
Асқазан жарасы |
Зәршығару Жүйесінің аурулары |
Гипертония |
Іш жүргізу |
Бауыр ауруларын емдеуге |
Қызылмияны дәстүрлі медицина да мойындаған,соның нәтижесінде қызылмияның негізінде көптеген дәрі дәрмектер жасалып шығарылды. Қызылмия тамырын қан қысымы жоғары адамдарға және жүректің ишемиялық ауруымен ауыраты науқастарға қосымша ем ретінде ұсынады.
Сондай ақ лейкемия,агранулоцитоз,тромбоцитопения,лимфогранулематоз,
Сәулелік ауру кезінде,рентген және химиотерапия кезінде емдік мақсаттарға қолданады. Химио және рентгенотерапияны көтере алмайтын науқастардың ағзасының қорғаныстық қызметінің арта түскені және зиянды сәулелердің әсеріне қарсылық көрсету қабілеті артқандығы байқалған.
Тромбоцитопенияға шалдыққан науқас балалардың тромбоциттерінің көрсеткіші 20 дан 200 000 ға дейін көтерілген.
Қызылмия ішкі секреция бездерінің қызметін жақсарта түседі, адам
Ағзасының биохимиялық гомеостазын реттейді. Атеросклероз және қан қысымының жоғарылауы кезінде қызылмия тамырын бір ай бойы қолдану атерогендің липопротеидтердің деңгейінің төмендегенін көрсетеді. Бірақ,қызылмия тамырын қабылдауды тоқтатқаннан кейін липопротеидтердің деңгейінің бір аптадан кейін қайтадан артқандығы байқалады.Қытай медицинасында қызылмияны бауыр циррозы кезінде,жедел және созылмалы гепатитттерді емдеуге қолданады.
Халықтық медицинада қолданылатын емдік тәсілдер
- Лимфаны тазалау үшін: Қызылмия тамырының шәрбатынан 1 ас қасықтай мөлшерін ыстық сумен араластырып,аш қарынға ішеді.Бұл тәсілді лимфотоксикоз кезінде қолданады.Лимфотоксикоз адам ағзасындағы аса маңызды мүшелер бүйрек,бауыр,ішектері зақымдайды.Нәтижесінде метабалиттік өнімдердің ағзадан шығарылуы тежеліп,өт жиналады,іш қатуы мен қуықтың қабынуы байқалады.Теріде әртүрлі бөрткендер пайда болып,нейродермиттер,псориаз дамиды.
- Гастрит және асқазан жарасы кезінде:Қызылмия шырынынң 1грамын жарты стақан қайнаған сумен араластырып,жылы күйінде күніне 2-3рет
қабылдау қажет.
3.Артрит және бүйрекүсті безінің ауруларында: 2ас қасық қызылмия
Тамырын екі стақан қайнаған су құйып 6–8 сағат тұндырады.Күніне 30-
40 тамшыдан қабылдайды.
4.Суық тигенде және жөтелгенде:10грамм өсімдік тамырына 200мл
Қайнаған су құйып бу моншасында 20 мин қыздырады.Дайын болған
тұнбаны сүзіп алып,қайнаған сумен 200мл ге жеткізеді. Бір ас қасықтан
күніне үш рет қабылдайды.
5.көкжөтелді емдеу үшін: 10грамм –өсімдік тамырын сүтке қайнату қажет
6. Ларингит,фарингит ауруларын емдеу үшін қызылмия тамырын шикідей
Шайнау қажет.
Ғалымдар қызылмия тамырының трансминаза ферментінің қандағы
Концентрациясын төмендететінін анықтады. Бұл ферменттердің қанда көп мөлшерде болуы бауырдың зақымданғанын білдіреді.Яғни қызылмия тамыры цирроз,бауырдың қатерлі ісігі сияқты аурулардың
пайда болу қаупін төмендетеді деп айтуға болады.
Қызылмия тамыры өте ертеден белгілі дәрілік өсімдік. Бұл өсімдік ертедегі шумерлерге,үндістерге,қытай және тибет емшілеріне белгілі болған. Ол туралы Гиппократ,Феофраст сияқты ғалымдар « Скифтік тамыр» деп жазған.Қызылмияның тәтті тамырын кәмпиттің орнына Америкаға қоныс аударған еуропалықтар шайнаған. Қызылмия тамыры оларға жаңа құрлыққа бейімделіп ,көптеген аураларға қарсы тұруға көмектесті.
Олар қызылмия тамырының аллергияға қарсы күресіп, тіпті ЖИТС жұқтырған науқастардың да ауруларғаиқарсы тұру қабілетін арттыратынын және өкпенің қабынуын емдейтінін анықтады.
Аюрведа ілімі бойынша қызылмия алдыңғы қатарда тұратын өсімдіктердің бірі, себебі ол ағзаның барлық жүйелеріне әсер етеді. Эстрогендік құрамы жараларға қарсы әсер етеді,сапониндер қақырық түсіруге көмектеседі.Құрамында ликвиритин гликозидінің болуына байланысты іш айдайтын, өт айдайтын, бырыстырғыш әсерге ие.Бета-cитостеарин простата безінің аденомасының алдын алып,зәр бөлінуін реттейді. Глицириизин мен глициризин қышқылының әсерінен иммуномодуляциялық және қабынуға қарсы,ағзаның қарсы тұру қабілетін арттырады. Аюрведа қызылмияны «кілт өсімдік» ретінде көптеген фиторецепттерінде пайдаланады. Дегенмен де қызылмияны барлық жағдайда қолдана беруге болмайды,өйткені адам ағзасының жекелей қасиеттеріне байланысты кейбір дәрілердің жаға бермейтінін білеміз. Қызылмияның келесідей қарсы көрсетілімдері бар. ҚАРСЫ КӨРСЕТІЛІМДЕРІ
Созылмалы гепатиттер,бауыр холестазы,бауыр циррозы, бүйректің жетіспеушілігі, қант диабеті,жүрек соғысының бұзылуы,артериялық гипертензия,гипокалиемия,жүктілік, қызылмияға аллергиялық реакциялар.
Қызылмия өсімдігің негізінде жасалған дәрілік препараттар
Қызылмия фармацияда,косметологияда кеңінен қолданылатын өсімдік. Ол көптеген дәрілік препараттардың, косметикалық құралдардың құрамына кіреді.Мысалы,қызылмияның негізінде герпесті емдейтін көптеген препараттар жасалған, атап айтсақ,Эпигенинтим,Герпигенин кремдері герпеске,папилломавирустық инфекцияға, несеп жолдарының инфекцияларына, және кольпит пен вагинозы емдеуге қолданылады.Вирусид герпес пен цитомегаловирустық инфекцияны,созылмалы шаршаңқылықты, папилломавирустық инфекцияны емдеуге қолданылады.Ресейде осы дәрілік препараттардың баламасы ретінде Лакринат дәрісі шығарылады.
Халықаралық атауы: Қызылмия тамыры (Glycyrrhizae radiсes)
Дәрілік түрі: шәрбат, ұнтақталған өсімдік шикізаты, сырье брикеттер,ұнтақ.
Фармакологиялық әсері: бырыстырғыш,қабынуға қарсы
Көрсетілім: Жоғарғы тыныс алу жолдарының инфекциялық аурулары,созылмалы бронхит, трахеит,гиперацидті гастрит,асқазан және онекі елі ішек жарасы.
Қызылмия тамыры ұнтағы қоспа
Халықаралық атауы: Сенна жапырағы+Күкірт+Қызылмия тамыры+Фенхель жемістері экстракт (Sennae folia+Sulfur+Glycyrrhizae radiсes+Foeniculi fructuum extract)
Дәрілік түрі: ерітінді даярлауға арналған суспензия
Фармакологиялық әсері: - Өсімдіктекті көпқұрамды препарат, іш жүргізуге пайдаланады.
Көрсетілім: Іш қату, геморрой.
Жөтелге арналған таблеткалар
Халықаралық атауы: Кодеин+Натрий гидрокарбонат+Қызылмия тамыры+Термопсис шөбі (Codeine+Sodium hydrocarbonate+Glycyrrhizae radiсes+Thermopsidis herba)
Дәрілік түрі: таблеткалар
Фармакологиялық әсері: Жөтелге арналған таблеткалар – қақырық түсіретін, жөтелді басатын дәрі
Көрсетілім: 2 жастан асқан балалар мен ересектердің жөтел аурулары
Тыныштандыратын жинақ N2
Халықаралық атауы: Валериана тамырсабақтары+Бұрыш жалбыз жапырағы +Сасықшөп шөбі+Қызылмия тамыры+Құлмақ бүрі (Valerianae rhizomata+Meliloti herba+Leonuri herba+Glycyrrhizae radiсes+Humuli lupuli cones)
Дәрілік формасы: ұнтақталған өсімдік шикізаты,
Фармакологиялық әсері: Өсімдіктекті тыныштандыратын құрал. Әлсіз бырыстырғыш және тыныштандыратын әсері бар.
Көрсетілім: Комплексті ем шарада – жүйке жүйесінің қозғыштығы, Ұйқының бұзылуы, артериалық гипертензия .
Элекасол
Халықаралық атауы Қырмызыгүл гүлдері+Түймедақ+Қызылмия тамыры корни+Алатікен +Шалфей жапырағы+Эвкалипта жапырағы(Calendulae flores+Chamomillae flores+Glycyrrhizae radiсes+Bidentis herba+Salviae folia+Eucalypti viminalis folia)
Дәрілік формасы : Ішуге арналған брикеттер, сбор ұнтақталған өсімдік шикізаты
Фармакологиялық әсері: Элекасол –өсімдіктекті көпқұрамды препарат, микробқа және қабынуға қарсы әсері бар. Стафилококктарды, ішек таяқшасын, протейді жоюға қабілетті.
Көрсетілім: Жоғары тыныс жолдарының инфекциялық және қабыну аурулары.(созылмалы тонзиллит,жедел тонзиллит жедел ларингофарингит,жедел және созылмалы фарингит, ...
Қақырық түсіретін жинақ
Халықаралық атауы: Аюқұлақ+Қырмызыгүл гүлдері+Өгейшөп жапырақтары листья+Бұрышжалбыз жапырағы+Жолжелкен жапырағы+Түймедақ гүлдері+Қызылмия тамыры(Ledi palustris cormus+Inulae rhizomata+Calendulae flores+Farfarae folia+Menthae piperitae folia+Plantaginis folia+Chamomillae flores+Glycyrrhizae radi)
Дәрілік формасы: ұнтақталған өсімдік шикізаты немесе ішуге арналған брикеттер
Фармакологиялық әсері: Жөтелге қарсы, бронхолитикалық және қабынуға қарсы; ішектің бірыңғай салалы бұлшықетін бырыстырғыш.іш жүргізетін, тыныштандыратын қасиеті бар
Көрсетілім: Бронгхоспазм,жөтел, жоғары тыныс жолдарының қабынуы(бронхит, трахеит, трахеобронхит, пневмония).
Простанорм
Халықаралық атауы: Шайшөп шөбі+Канадалық золотарник шөбі+Қызылмия тамыры+Алқызыл эхинацея (Hyperici herba+Solidaginis canadensis herba+Glycyrrhizae radiсes+Echinaceae purpurea rhisomata)
Дәрілік формасы: ішуге арналған үлбірлі қаптамалары бар дәрілік препараттар
Фармакологиялық әсері: көпқұрамды жинақ, қабынуға қарсы, диуретикалық әсері бар.
Көрсетілім: Созылмалы простатит, простата безінің гиперплазиясы.
Геморройға қарсы жинақ
Халықаралық атауы: Кориандр жемістері++Сенна жапырағы+Қызылмия тамыры+Мыңжапырақ шөбі (Coriandri fructus+Frangulae cortex+Sennae folia+Glycyrrhizae radiсes+Millefolii herba)
Дәрілік түрі: өсімдік ұнтағы жинақ,
Фармакологиялық әсері, гемостатикалық, бырыстырғыш,босаңсысатын,іш жүргізетін,қабынуға қарсы препарат
Показания: Геморрой (іш жүргізгіш), атониялық іш қату.
Роглидис
Халықаралық атауы: +Қызылмия тамыры+Итмұрын жемістері (Hedysari herba+Glycyrrhizae radiсes+Rozae fructus)
Дәрілік формасы: ішуге арналғае брикеттер
Фармакологиялық әсері: Ағзаның қарсы тұру қабілетін арттырады; қантамырлар қабырғасын бекітеді, Қақырық түсіргіш әсері бар.
Көрсетілім: күз, көктем айларындағы респираторлық аурулардың алдын алу Ұзаққа созылатын созылмалы ауруларда, реконвалесценция, әлсіреген науқастарға, егде жастағы адамдарға.
Бронхофит
Халықаралық атауы: Анис жемістері+Батпақтық аюқұлақ өркендері+Үлкен жолжелкен жапырағы+Қызылмия тамыры+шегіргүл гүлдері+Шалфея жапырағы(Anisi vulgaris fructus+Ledi palustris cormus+Plantaginis majoris folia+Glycyrrhizae radiсes+Violae herba+Thymi serpylli herba+Salviae folia)
Дәрілік формасы: эликсир
Фармакологиялық әсері: Бронхофит – қақырық түсіретін,жоғарғы тыныс алу жолдарының ауруларын емдейтін дәрі
Көрсетілім: Қақырық және жөтелмен бірге жүретін тыны салу жолдарының аурулары
Кеудеге арнал5ан жинақ N2
Халықаралық атауы: Өгейшөп жапырақтары +Жолжелкен жапырақтары+Қызылмия тамыры (Farfarae folia+Plantaginis folia+Glycyrrhizae radiсes)
Дәрілік түрі: ұнтақталған өсімдік шикізаты
Фармакологиялық әсері: Кеудеге арналған жинақ N2 –өсімдіктекті ұнтақталған шикізат, қақырық түсіретін және қабынуға қарсы әсері бар..
Көрсетілім: Тыныс алу жолдарының қабынуы мен инфекциялық аурулары, (в т.ч. трахеит, бронхит, трахеобронхит, пневмония, ЖРВИ).
Коделак
Халықаралық атауы: Кодеин+Натриий гидрокарбонаты+Қызылмия тамыры +Термопсис шөбі (Codeine+Sodium hydrocarbonate+Glycyrrhizae radiсes+Thermopsidis herba)
Дәрілік түрі: таблетка
Фармакологиялық әсері: Коделак – жөтелге қарсы әсер ететін дәрілік препарат
Көрсетілім: Балалар мен ересектердің тыныс алу жолдарының қабыну ауруларында. қолданылады.
Көріп, тұрғанымыздай қызылмия өсімдігінің қолданылу аясы бұл жазылғандармен шектелмейді. Сондықтан да химиялық жолмен алынған дәрілік өнімдерді қолданудан гөрі табиғаттың өзі берген дәрілік шөптерді пайдалану әлдеқайды зиянсыз болар еді деп ойлаймыз.
Қызылмия өсімдігін қорғау
Қызыл кітапқа енген бұл дәрілік өсімдік Іле,Шу, Сырдария, Қаратал өзендерінің алқаптарында өседі. Оның ішінде қызылмия Қызылорданың барлық аймақтарында да кездеседі.Бұл өсімдіктің адам ағзасына тигізер пайдасына жоғарыда барынша тоқталдық. Алайда соңғы жылдарда «сақтың алтын тамыры» аталған өсімдіктің елімізде күрт азайып бара жатқандығын біреу білсе,біреу білмейді. Қызылмияға шетелдіктердің, әсіресе көршілес Қытай Халық Республикасының аса қызығушылық танытуы контрабандалық әрекеттердің белең алуына әкеп соқтыруда. Бұл туралы біраз ақпарат көздері жазып, дабыл қағып жатқандығы тағы белгілі.Бұл үдеріс елімізде «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық дәлізінің құрылысы басталған тұста белең алып,әлі де толастамай келеді.Иесіз жатқан ен даланы құрылыс алаңына айналдырған техникалар Сыр өңіріндегі ағаштарды тамырымен қопарып тастады. Оның ішінде, өзі аса құнды,өзі аз қызылмия өсімдігі де келмеске кетті.Сонымен қатар қызылмияға қырғидай тиюшілер жергілікті жұртшылық арасынан да бой көрсетті.Сырдария өзенін жағалай қоныстанған халық жүк көліктермен өызылмияны тамырымен қопарып әкетіп жатқандығын айтып,өңір жұртшылығы дабыл қаққан болатын.Олардың сөзіне құлақ түрсек,бұл өсімдік медицинасы жоғары дамыған Қытай елінде зор сұранысқа ие екен. Бағасы да қымбат көрінеді. Сондықтан оңай олжаға кенелуді көздеген кейбіреулер еш аяушылық танытпастан баға жетпес байлықты тамырымен қопарып,көзін құртып жатыр.Бұлай жалғаса берсе ,табиғат ана берген байлығымызды шет ел асырып,ертеңгі күні бармақ тістеп қалмасымызға ешкім де кепілдік бере алмайды.Елімізде қызылмияны өңдейтін зауыттар бар болғанымен саусақпен санарлық қана екен. Ендеше, қызылмияны өңдеп,одан дәрі дәрмек алуды өз елімізде жолға қоюға болмас па еді деген сұрақ мазалайды. Осы мақсатта біраз ақпарат алу үшін ақпарат көздерінен қызылмияға қатысты деректер іздеп көрдік. «Алаш айнасы» газетіндегі дерекке сүйенсек 2014 жылы Қызылорда облысы Жалағаш ауданында қызылмияны өңдейтін зауыттың іргетасы қаланыпты. «Мия өсімдігін өсіру және мия тамырын өңдейтін зауыт салу» жобасын «БИС-ГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұсынған. Жоба жетекшісі «БИС ГРУПП» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ділдахан Ахметов былай дейді: «Жобаны ұсынбас бұрын қызымия тамырын тереңдей зерттеп сараптама жасадық.Осы өнімді шығарумен айналысып жатқан елдерде болдық.Қалай жұмыс істеп жатқандарымен таныстық. Сөйтіп,тәуекел етіп,осы істі қолға алдық.(Алаш Айнасы,20.09.2014). Яғни,түрлі ақпарат көздерінен біз қызылмия өсімдігінің қазіргі жағдайы көзі ашық,көкірегі ояу азаматтарды бейжай қалдырмағанын білдік. Ендеше,жеріміздің байлығын дұрыс пайдалана білу үшін тек қызыл мия ғана емес,басқа да емдік шөптердің қасиетін бағалап, оларды зерттеуді қолға алсақ, өзімізге де,өзгеге де,оның ішінде Қазақстан ғылымының дамуына да даңғыл жол ашылар еді деп ойлаймыз.
Қорытынды бөлім.
Дәрілік өсімдіктердің түрлерін көбейтіп,қорғау
Өсімдіктер биосферадағы заттар мен энергия алмасуында басты рөл атқарады. Басқа тірі организмдердің тіршілік әрекеттері өсімдіктерде түзілетін органикалық заттарға тікелей байланысты. Биосферадағы заттардың биологиялық айналымы өсімдіктер арқылы ғана жүріп отырады. Жер атмосферасындағы оттектің қазіргі мөлшері де жасыл өсімдіктер тіршілігінің жемісі. Сондықтан да жасыл өсімдіктерді бейнелі түрде Жер ғаламшарының "өкпесі" деп атайды. Сонымен бірге өсімдіктердің адам өмірінде де алатын орны ерекше. Әсіресе адам денсаулығы үшін қажетті таза ауаның болуы да жасыл өсімдіктерде жүретін фотосинтез процесіне тәуелді. Адам күнделікті өзіне қажетті тамағын, киімін және тұрмысына қажетті бұйымдар мен заттарды да өсімдіктерден алады.
Әрбір халықтың өсімдіктерді аялауға және корғай білуге қатысты тарихи дәуірлерде қалыптасқан салт-дәстүрлері, даналық қағидалары бар. Мысалы, наурыз мейрамының негізгі қағидасы табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға арналған. "Атаңнан мал қалғанша тал қалсын", "бір ағаш кессең он ағаш отырғыз" және т.б. нақыл сөздер наурыз мейрамының басты ережесі. Наурыз мейрамы кезінде бұлақтардың көзі ашылып, жағалауына жасыл көшеттер егіледі. Бұл мыңдаған жылдар жалғасып келе жатқан халықтық экология үлгі-өнегелік дәстүр. Тіпті халықтық экологиялық тыйым сөздердің көпшілігі өсімдіктерді аялай білуге арналған. Мысалы, "жалғыз ағашты кеспе", "орманды отама", "орманды өртеме", "құракка орақ салма" "көкті таптама", "көкті жүлма", "бұтақты сындырма", "гүлді жұлма" және т.б. бұлардан басқа өсімдіктерді қорғай білуге арналған қаншама мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер, даналық нақыл сөздер бар. "Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір" және т.б. көптеген өсиетті сөздердің әрі танымдық, әрі тәрбиелік мәні зор.
Қазақ емшілерінің ауру - сырқауларымен ұзақ жылдар күресу барысында қолданып келе жатқан алуан түрлі дәрі - дәрмектердің қайнар көзі – ұлы табиғатты өсімдіктер дүниесі. Қазақ емшілерінің қолданатын дәрілерінің басым көпшілігі - өсімдіктер. Өсімдіктердің әрбір бөлігінің, мәселен, тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс тұқымдарының дәрілік қуаты әртүрлі болып келеді. Сондықтан оларды емдік қуаты ең күшті болатын мезгілде жинағанда ғана сапалы дәрі - дәрмек алуға болады.
Дәрілік өсімдіктер жиналып алғаннан кейін, жас күйінде бірден пайдаланудан қалғандарын кептіріп, жақсы сақтай білу оның емдік қасиеті мен сапасының жоғалмауының басты кепілі болып табылады.
Қазіргі кездің өзінде отандық ғылыми медицинада 216-дан астам дәрілік өсімдік түрлері қолданылады. Оларды қалай болса солай ысырапсыз жинап, тұқымын құртып алудан әрқашанда сақ болғанымыз абзал.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Сәтімбеков Р. Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық гуманитарлық бағытындағы 11 сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп баспасы,2007
2. П.Э.Розенцвейг «Технология лекарств и Фармакология»М:Агропромиздат 1985
3. Алаш Айнасы газеті, 2014 жыл, №4
4. Орал қызылмия өсімдігінің биологиялық және экологиялық ерекшеліктері. Саурамбаев Батырғали Рүстембекұлы Хабаршы. ҚазмемҚызПИ 2010
5. «Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы» (Ә.Ә. Әметов, П.М. Мырзақұлов) «Қазақ университеті »Алматы 2000 ж
6. «Ботаника и систематика растений. Москва «Просвещение »1975 г ((Н.А. Комарницкий, Л.В. Кудряшов, А.М. Уранов)
Аннотация
Зерттеудің мақсаты: Емдік қасиеті жағынан алғанда женьшенмен парапар, «скифтік тамыр» аталған қызылмия өсімдігінің емдік қасиеттерін және құрылысын,таралуын зерттеу,қорғалуына баса назар аудару
Жұмыстың кезеңдері:
Кіріспе бөлімі: Жалпы дәрілік өсімдіктердің адам өміріндегі маңызына шолу жасалады
Негізі бөлімде
А)Қызылмия өсімдігіне жалпы сипаттама беріледі
Б) Қызылмия өсімдігінің құрамы сипатталады
В)Емдік қасиеттері,халық медицинасында ем болатын аурулары туралы айтылады
Г) Қызылмия тамырының пайдаланылуы,емдеу тәсілдері қарастырылады
Д)Соңғы кездегі елімізде орын алып жатқан қызылмияны жаппай жинау деректеріне байланысты ақпарат көздеріне шолу жасалып,қорғау шараларының қажеттілігі айтылады
Зерттеу әдістері: талдау,сұрыптау,саралау,жинақтау,қорытындылау
Зерттеу нәтижелері:
1.Жұмыста қызылмия өсімдігінің емдік қасиеттері қарастырылды.
2.Қызылмия өсімдігінің аса бағалы шикізат екендігі ғылыми әдебиеттер негізінде түйінделді
3.Бұл ғылыми жұмыс барысында жұртшылық өз жерімізде өсетін шипалы шөптер жайлы білсін деген мақсатты көздедім.
Зерттеудің практикалық маңызы
Қызылмия өсімдігін дәрілік шикізат ретінде пайдаланатын және өңдейтін өнеркәсіп орындарының ашылуы,қызылмияның бізге белгісіз басқа да қасиеттерінің ашылуы үшін болашақта осы жұмыс жалғасын табады.
Аннотация
Цель исследования:Раскрыть лечебные свойства солодки
Этапы работы:
Введение: Общий обзор лекраственных растении,которые растут в нашей стране
Основная часть:
А) Общая характеристика лекарственного растения,ареал распространения
Б) Химический состав
В) Раскрыть лечебные свойства,и область применения растения
Г)Рассматривается способы лечения применямые в народной и традиционной медицине
Д) В связи с массовым уничтожением солодки,наблюдаемые в последние годы в стране,предлагаетя пути сохранения этого ценнейшего сырья.
Методы исследования: анализ,отбор,обобщение
Результаты исследования:
1.В этой работе были рассмотрены лечебные свойства солодки(лакричника)
2.Опираясь на опыты народа,с испокон веков использовавших это растение в народной медицине и на ислледовательские работу ученых,была раскрыта ценность солодки как фармакологическое и промышленное сырье.
3.Была поставлена задача защитить растение,массово уничтожаемое в последнее время
Аnnotation
The purpose of the study:to Reveal the healing properties of licorice
Stages of work:
Introduction: overview lekarstvennyh plants that grow in our country
The main part:
A) General characteristics of medicinal plants,area of distribution
B) Chemical composition
B) to Reveal the therapeutic properties and application of plants
G)Considers the methods of treatment used in folk and traditional medicine
D) In connection with the mass destruction of licorice,observed in recent years in the country,offered ways to preserve this valuable material.
Research methods: analysis,selection,compilation
The results of the study:
1.In this work there were considered medicinal properties of licorice(licorice)
2.Based on the experience of people from time immemorial have used this plant in folk medicine and in research and education for scientists,reveal the value of licorice as a pharmaceutical and industrial raw materials.
3.The task was to protect the plant,massively destroying lately
Бектурсынова Аружанның «Қызылмия өсімдігінің емдік қасиеттері» атты ғылыми жобасына жазылған пікір.
Бұл жұмыста Қазақстанның көп аймақтарында өсетін дәрілік қасиеті мол өсімдік –қызылмия туралы деректер жинақталған.Алдымен автор дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеттеріне,олардың бағзы заманнан бері практикада кеңінен қолданылып келе жатқандығына,оларды сақтап,қорғау қажеттігіне тоқталады. Негізгі бөлімде қызылмия өсімдігінің жалпы анатомиялық-морфологиялық сипаттамасы,таралуы,ғылыми топтастырылуы жазылған. Қызылмия өсімдігің халық емшілеріне бағзыдан бері таныс екендігі жайлы тарихтан да біраз мағлұматтар берілген. Қызылмия өсімдігінің химиялық құрамы барынша ашылып жазылған және автор осындай құрамындағы түрлі химиялық заттардың молдығына байланысты қызылмияның көптеген ауруларға шипа болатындығына тоқталып өткен.Қазіргі кезде фармакология өндірісінде қызылмиядан жасалатын биологиялық белсенді қоспалар мен дәрі дәрмектерге сипаттама берілген. Айта кетерлік бір жайт,бұл жұмыстың авторы қызылмияны жаппай жинауға байланысты кейінгі кезде белең алған бірқатар жағдайларды айта келіп,бұл үрдіске жуық арада тыйым салынбаса,шипалы,бағалы өсімдіктің жерімізден мүлде жойылып кету қаупі барына қоғам назарын аудартуға тырысқан. Қазақстанның біраз аймақтарында болып жатқан осындай келеңсіздікке Үкімет тарапынан қолдау көрсетіліп,қызылмияны жойылып бара жатқан өсімдіктердің қатарына қосу керектігі де назардан тыс қалмаған.
Жалпы, жұмыстың иегері әдебиетпен тыңғылықты жұмыс істеп,қажетті мәліметтерді жинаған.Осы орайда Дүйсенбаев Нұрбол болашақта осы жұмысын әрі қарай жалғастырып,жетістіктерге жетеді деп сенемін.