Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
География сабағындағы пәнаралық байланыс
География сабағындағы пәнаралық байланыс

Жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі екенін қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік - саяси және жаңа технологиялық өзгерістер, тәрбие мен білім беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру үшін білім саласында жаңа, тиімді әдіс - тәсілдерді қолданудың қажеттілігі дәлелдеп отыр.
Жалпы білім беру жүйесіндегі және мектеп мұғалімінің алдында тұрған көлемді әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі – оқушыға тиянақты білім беру болып табылады.
Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс - тәсілдерді ізденіп қолданады.
Мемлекеттің күшеюі мен ұлттық гүлденуі дарындыларға, таланттыларға тәуелді екені белгілі. Ал дарындылар тәлім - тәрбиенің алдыңғы шегінде жүрген мұғалімдер алдынан шығатыны сөзсіз. Оқыту мен тәрбиелеу мақсатында жүргізілген жұмыстың тиімді көрсеткіштерінің бірі – оқушының белсенділік қабілеттері және пәнге деген қызығушылығын ояту, терең де мазмұнды білім беру, ой - өрісін, шығармашылық ізденісін дамытып, қазіргі нарық заманы бәсекесіне төтеп бере алатындай білікті тәрбиелі шәкірт, азамат тәрбиелеу.

Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт - бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.

Сабақта оқушы қызығушылығын арттыру үшін ойын - сабақтарын жүргізу өте тиімді. Ойын жөнінде белгілі педагог В. А. Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл - ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай болуы мүмкін емес. Ойын дегеніміз – ұшқын, білуге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген болатын. Сондықтан да ойын түрлерін кірістіре отырып өтілген сабақ оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі. Яғни, мұғалім оқушымен сабақ барысында үздіксіз жұмыс істеуі керек. Сонымен бірге оқушының сабақ барысындағы ролін арттыра түсу қажет. Сонда ғана оқушының дарындылық қабілеті шыңдала түседі.

Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Балалар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.
Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат – оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді.

Әр сабақтарда «Жәрмеңке сабақ», пресс - конференция, «Сот сабағы», «Ертегі сабағы», «Сахналау сабағы», «Географиялық КВН сабағы», т. б. ойын түрлерін орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы білімге ынта - ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздейді. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.

Оқу саяхаттары - оқушылардың тікелей бақылау және зерттеуіне арналып, өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясы жағдайларында жүргізілетіндіктен өз туған өлкесінің экологиялық жағдайларымен танысуына, тарихи деректер, және ауызекі əдебиет материалдарын жинауға бағытталады. 6 - сыныптармен бірге «Көкшетау қаласының тарихы мұражайына» жүргізілген саяхат сабағы оқушыларға Көкшетау қаласының тарихынан көп сыр шертті. 8 - сыныпта «Орманды дала және дала зоналары» тақырыбын өткенде табиғат аясында Қазақстанның дала зонасы туралы мол материал жинауға болады.

Пікір – сайыс сабақтар жастардың білімдерін жан – жақты жетілдіріп, мәдени деңгейлерін көтереді, басқа адамдарға түсіністікпен қарап, олардың пікірлерімен санасуға үйретеді, шешендік өнерге баулиды.
География сабағын басқа ғылымдармен ұштастыра отырып оқыту білім мен біліктілікті сапалы түрде меңгеруді қамтамасыз ете алады. Сабақты әдебиет, ағылшын тілі, химия, биология, тарих, т. б. пәндермен байланыстыру оқушы білімін тереңдетеді. Мысалы, 8 - сыныпта «Қазақстанның ішкі сулары» тарауын өткенде қазақ ақындарының өлеңдерімен әрлеу маңызды.

Мысалға,
Туған Ертіс
Жуас, баяу толқынымен
Алтайды асып, аққан Ертіс
Суың мөлдір, түбің терең
Құшағыңда еркелегем. (С. Машақов)

Тобыл
Толқы, толқы Тобылым
Толқыта тарт ескегім
Сырласайын сенімен
Есілте жырдың ескегін
Шомылып, жүзіп еркелеп,
Толқыныңды құшайын. (Ж. Сыздықов)

Туған Ертіс
Жуас, баяу толқынымен
Алтайды асып, аққан Ертіс
Суың мөлдір, түбің терең
Құшағыңда еркелегем. (С. Машақов)

Арал
Кіндігім бірге Аралмен,
Теңізден тыныс алам мен
Ақпейіл ана секілді
Алдымда жатыр далам кең. (С. Машақов)

Сырдария
Басым бұлақ
Таудан шығады, атым – Дария – мен анаң,
Суым – сүтің, жерім құтың
Еңбекші елім, кел балам (Қ. Әбдіқадыров)

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама