Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Қатаған қырғыны
Қазақ хандары мен батырлары туралы жазған дастанымның үзіндісін оқырмандарға ұсынғанды жөн көрдім. Қазақ тарихында ең бірінші және соңғы тақ таласы, бақ таласы 1627 жылы болған оқиға.
Автор: Сәлімбаев Тілекқали

Қатаған трагедиясы.

Қатаған - қазақ руы көне шақтан,
Ел шетіне жау келсе қорған болған.
Кең далада еркін өскен айбынды жұрт.
Мәуренахр, Бұқарды талай шапқан.
Қатағанда Тұрсын хан деген болған,
Алған ойы ту баста болған жаман.
Екі сан қатағанды елден бөліп,
Жеке хандық құруды ойына алған.
Бұқар ханы Имамқұлы мұны сезген,
Көктен іздегені табылып жерден.
Қолтығына су бүркіп қайрай түскен,
Таяз ойлы зердесізді елден безген.
* * *
Көне қала Түркістан қазақтың астанасы,
Бар қазақтың киелі бас қаласы.
Ұлы хандар заманынан күллі қазақ,
Тәуіп еткен қасиетті баспанасы.
* * *
Тұрсын хан Ташкентті Орда еткен,
Өз теңгесін шығарып бөлектенген.
Бұқардың өзбек ханын жақын тартып,
Өз ұлтынан өзі жеріп елден безген.
Есім ханға алауыздық ұнамайды,
Тұрсын ханның алдына талай барды.
«Бөлінгенді қашан да бөрі жейді,
Алауыздықты Тұрсын хан қойсаң - дейді -
Адасқанның арты құз, алды тік жар,
Ақарыс, Бекарыс, Жанарыс бір туғандар.
Ұлтымыздың ар - намысын мазақ етпей,
Серттесейік, риза болсын аруақтар».
Ақсақалдар, алқа билер, хас батырлар,
Талай серттің куәсі болғаны бар.
Сырттан тиген жау болса көріп бағар,
Іштен шыққан жау жаман, оңбағандар.
Есім, Тұрсын екі хан құдай қолдап,
Татулыққа серттеседі семсер ұстап.
Бірге жорық жолына аттанады,
Бұқар ханын қауіпті жауға санап.
Әндіжан, Шахрухия қамалдарының сұлтандары,
Имамқұлы отырғызған қазақ бәрі.
Алаш қолы хас дұшпанды бетке алғанда,
Қамал кілтін өз жұртына қуана тапсырады.
Бұқардың қамалдары құлайды бағы тайған,
Қаралы күн таяйды ұрпағына Шағатайдың.
Шибандықтар олардың жолын құшып,
Жер бетінен жойылуға аз ақ қалған.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама