- 26 жел. 2023 00:00
- 281
Жаңа жыл туралы ең қызықты деректер
Жаңа жыл – әлемдегі ең көне мейрам. Ежелгі мысырлық пирамидаларда жүргізілген қазба жұмыстарында біздің заманымыздан III мың жыл бұрын жасалған ыдыс табылған. Онда «Жаңа жылдың басы» деген жазу бар. Алайда Месопотамия халқы Жаңа жылды мысырлықтардан бұрын мерекелей бастаған екен.
Ғалымдардың пікірінше, бұл дәстүр біздің заманымыздан бұрынғы IV мыңыншы жылдың соңында өркениет пайда болған Месопотамия жерінен бастау алады. Ежелгі халықтар Жаңа жылды наурыз айында мерекелеген. Дәл осы наурыз айында алқаптағы жұмыстар басталады. Сондықтан ежелгі римдіктер наурызды жылдың алғашқы айы деп санапты. Тек біздің заманымызға дейінгі 46-жылда Рим императоры Юлий Цезарь жылдың басы саналатын күнді 1 қаңтарға ауыстырған. Оның атымен аталған Юлиандық күнтізбе бүкіл Еуропаға таралды.
Кеңес Одағында 1927-1936 жылдары жаңа жылды тойлап, шырша тігуге тыйым салынған болатын. Тек 1937 жылы ғана Сталиннің бұйрығымен 1 қаңтарда шырша тігіліп, жаңа жылды тойлауға рұқсат берілді. 1937 жылға дейінгі шыршалардың басында 8 бұрышты жұлдыз болған, тек 1937 жылы Кеңес Одағының үкімі бойынша 8 жұлдыздың орнына 5 жұлдыз қолданылатын болды.
Жаңа жыл мен Рождество екеуі екі бөлек. Рождество – христиандардың діни мейрамы.
Францияда 755 жылға дейін жыл басы – 25 желтоқсан саналған екен. 1564 жылдан бастап ІХ Карл патшасының бұйрығымен жыл басы 1 қаңтар деп белгіленді.
Англияда жаңа жыл 25 наурыз тойланды, тек 1752 жылы ғана 1 қантарға ауысты.
Еврейлердің Жаңа жыл - Рош Хошан қазан, қараша айларында тойланады. Бұл күні адамдар алма мен нанға бал жағып жейді. Жаңа жыл таңы діндарлардың қойдың мүйізінен жасалған труба арқылы адамдарды синагогқа құдайдың алдында өткен жылда жасаған кемшіліктері, күнәлары болса кешірім сұрауға шақырудан басталады. Осыдан кейін Жаңа жылды күнәдан тазарып, жаңадан бастауға мүмкіндік туады.
Қытайда Жаңа жыл мерекесі көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, жаңа жыл салтанатын билеген айдаһарлар шеруі бастайды екен. Дастарқанға туралған нарцис гүлін қою дәстүрге айналған. Жаңа жыл мерекесі он бес күнге созылады. Бұл қаңтардың аяғы мен ақпан айының басына келеді.
Хижри жаңа жыл
Хижри қамари күнтізбе Мұхаммед пайғамбардың Меккеден Мәдинаға көшкен жылынан басталады. Мухаррам айының бірінші күні болған алғашқы қамари жылбасы, григориан күнтізбесі бойынша милади 622 жылдың тамыз айының 16 жұлдызына сай келетін жұма күні болатын. Қамари күнтізбеде бір жылда 354,367 күн бар. Бұл кезең айдың жерді 12 рет айналған кезеңі. Күн жылынан 10,875 күн қысқа. Сол себептен 32,5 жылда бір жыл артық болады.