Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Жаңартылған білім аясында оқытудың инновациялық технологиялары

Инновациялық технологиялар арқылы оқытудың да түп тамыры – сапалы білімге ие, бәсекеге қабілетті болашақ маман иелерін дайындау. 

Оқушылардың мектепте игерген білімі болашақта өздеріне жұмыс жасауы қажет деген пікірді ұстанамын. Қазіргі шетел тәжірибесіне зер салсақ, алдымен оқушының психологиялық тұрғыда дамуын бірінші орынға қояды. 

Біздің тарихи ұлттық оқыту жүйемізде де осы мәселеге нақты тоқталған. Мысал ретінде өзіміздің ақын, ұстаз М. Жұмабайұлының да оқушыларды тәрбиелеу мен оқыту үшін ұсынған бірқатар тұжырымдары бар. Оқушы білім алу барысында оқудың қиын емес, керісінше жеңіл әрі қызықты екенін ұғынуы керек. Ұстаздың оқушыға сабақты түсіндіру кезінде әр баламен жеке жұмыс жасап, деңгейлеріне сай жұмыс жасауы қажет. 

Ал қазақтың ұлы ақыны Абайдың да сыни ойлауинновациялық технологиясына қосар үлесі зор. Оның «Қара сөздерінен» бөлек, жазған өлеңдері мен аудармаларында жас ұрпаққа қажет ілім бар. 

Қазір ақпараттық даму заманында оқушының бұрыс жаққа қарай «еліктеп» кетпеуі үшін және өзіндік жеке пікірі қалыптасу үшін сыни тұрғыда ойлау маңызды. Ұлы ақын Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: 

Ақыл сенбей, сенбеңіз,

Бір іске кез келсеңіз.

Ақсақал айтты, бай айтты,

Кім болса, мейлі сол айтты,

Ақылменен жеңсеңіз- дейді. Бұл нағыз менің ойымша, нағыз ХХІ ғасырдың ұрпағына арналған ақыл-кеңес. Қазақ тілді емес мектептегі оқушылардың қазақ тілі мен әдебиетін оқыту барысында, Абайдың осы өлеңін оқи отырып, сыни ойлау дағдысын қалыптастыра алады. Әр оқушы қандай да бір ақпаратты яки білімді санасына қабылдау кезінде ойланып, ақылмен әрекет қылады. Демек оқушының миында: «қандай?», «не себепті?», «не үшін?» деген сияқты сауалдар туындап, одан әрі пәнді оқуға деген ынтасы артады. Осылайша бәсекеге қабілетті болашақ маман мектеп қабырғасынан бастап ақпаратты «сүзгіден өткізуге» дағдыланады. 

Орта білім берудің жаңартылған білім мазмұны аясында қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың инновациялық технологияларын дамыту үшін ұстаздар анағұрлым білікті болуы шарт. Заманның талабына сай шет елдің тәжірибесін де өзіміздің ұлттық тәжірибиемізді де ұштастыру қажет деп ойлаймын.

Таженова Гүлжан


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама