- 06 қаз. 2021 00:00
- 271
Фонетика ережесі
Алматы облысы Қарасай ауданы
"Қырғауылды ауылындағы қазақ орта мектебі КММ"
Бастауыш сынып мұғалімі: Кисибаева Зарина Курманкуловна
Фонетика ережесі — дыбыстарды зерттейтін тіл ғылымының бір саласы. Ал жалпы дыбыс — сөздің ең кіші бөлігі болып саналады. Әдетте біз дыбысты естиміз немесе айтамыз. Фонетика ережесінде дыбыс екіге бөлінеді: Дауысты дыбыстар және дауыссыз дыбыстар болып. Дауысты дыбыстар «тілдің қатысына қарай»: жуан және жіңішке болып, «жақтың қатысына қарай»: ашық және қысаң болып, «еріннің қатысына қарай»: еріндік және езулік болып бөлінеді. Фонетика ережесінде дауыссыз дыбыстар болса: «үн мен салдардың қатысына қарай»: қатаң, ұяң, үнді болып 3-ке бөлінеді.
Фонетиканың тағы бір зерттеу саласын — буын дейміз. Буын дегеніміз не? Буын деп сөз айтылғандағы дауыс толқынын айтамыз. Буын түрлері: 1. Ашық буын, 2. Тұйық буын, 3. Бітеу буын.
Онымен қоса фонетика ережесі «үндестік заңын» үйретеді. «Үндестік заңы» дегеніміз не?
Ережесі: Буынның немесе дыбыстың ішіндегі дауысты немесе дауыссыз дыбыстардың бір ретпен айтылуын айтамыз. Үндестік заңы: буын үндестігі және дыбыс үндестігі болып екіге бөлінеді. Буын үндестігі — сөз ішіндегі дауысты дыбыстардың үндесуін айтамыз, ал дыбыс үндестігі — сөз ішіндегі дауыссыз дыбыстардың үндесуін айтамыз.
Дыбыс үндестігінің 3 түрі бар: ілгерінді ықпал, кейінді ықпал, тоғыспалы ықпал.