Жергілікті жердегі өсімдіктің адамға тигізер пайдасы
Алматы облысы, Алакөл ауданы
"Ә.Әлімжанов атындағы орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар" КММ
4-сынып оқушысы: Тоқтасын Жігер Айдосұлы
Жетекшісі: Касымбаева Гулим Шапиолдаевна
Зерттеудің негізгі мақсаты:
- Жергілікті жергеді емдік шөп, ағаштардың адамға тигізер пайдасы туралы ұғым беру, білімін кеңейту. Адамның денсаулығына шипа болатын табиғат ерекшелігін меңгерту;
- Табиғат қадірін, байлықты бағалай білуге, туған табиғатты сүюге және қамкорлық, жанашырлық сезімге баулу, оқушылардың табиғат жөнінде ой-өрісін кеңейту;
- Табиғат пен жергілікті жерді аялауға, қорғауға тәрбиелеу. Адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу, білімге құштарлығын, логикалық ойлау қабілетін, сөйлеу тілін дамыту; оны қорғауға, ұйымшылдыкка, өзара сыйластықка тәрбиелеу
Зерттеудің кезеңдері:
1. Әдебиеттер жинақталып, зерттеу материалдары жүйеленді.
2. Жиналған материалдар оқылып, талқыланып, жоспарланды.
3. Көрнекіліктер дайындалды.
Зерттеудің жаңалығы:
- Жергілікті жердегі табиғат байлығының адамға тигізер пайдасын ұғындыру
Қорытынды:
Елбасының Жолдауындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруда денсаулықты қорғау, нығайту, талабы, бағытында, сондай-ақ Жолдауда атап кеткен ұрпақтық саулығы үшін аталған міндеттер мен нормаларға сәйкес іс-қимылды жүргізудің біздің елімізде қолға алынған. Дені сау ұрпақ қатарын көбейтуде атқарылар шаралардың өзіндік маңызы өте зор.
Жоспар
1. Кіріспе бөлім.
2. Зерттеу бөлімі
2.1. Дәрілік өсімдіктермен емделу артықшылығы
2.2. Адыраспанның пайдасы
2.3. Жуаның, сарымсақтың пайдасы
3. Қорытынды бөлім
4. Пайдаланылған әдебиеттер.
Кіріспе бөлім
Табиғат ол бізді коршаған орта, байлыктың көзі. Табиғат - күллі тіршілік атаулының кұтты коныс-мекені, алтын ұя тал бесігі. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адам біртұтас, бір-бірінен бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін ғана алып, қалғанына еш уакытта зиян тигізбеген.
Жалпы табиғат — күллі тіршілік атаулының құтты коныс-мекені, алтын ұятал бесігі. Барша адамзат өкіліне ауа, су, жер ортақ. Сондықтан жердің қадірін, байлығын бағалай білу, жалпы табиғатты қорғау - баршамыздың міндетіміз. Халқымыздың мактанышы болып саналатын ғалым, этнограф, зерттеуші Ш.Уәлиханов былай деген екен: "Табиғат пен адам егіз! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап,олардан кұпия не бар?! Қазақтар дүниеге үлкен мән берді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды,өсімдіктер мен шөптерді, ағаштарды, көшпелі тұрмыска қажетті заттарды киелі деп қастерледі. Осы айтылғандарды құрмет тұту адам баласына байлық пен бақыт, кұт әкеледі".
Шынында да халқымыз табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді "әулие бұлақ", "әулие ағаш" деп бағалаған. Осындай қасиетті "әулие бұлақта", "әулие ағашта", адамға пайдасын тигізетін емдік өсімдіктер мен шөптерде біздің жергілікті жерімізде кездеседі.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік- тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз жергілікті жерімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз.
Табиғат - асыл қазына, адамға баға жетпес байлық. Осы байлықтарды қорғап, оны мұқият сақтай білу бәріміздің міндетіміз.
Зерттеу бөлімі
2.1. Дәрілік өсімдіктермен емделу артықшылығы.
Жер шарында өсімдіктердің 500 млн. астам түрі бар. Жыл сайын ғылыми-лабораторияларда олардың бірнеше жаңа түрлерін өсіріп шығарады. Өсімдік – жер шарының «өкпесі» деп бекер айтылмаған. Тіршілік атаулыны өсімдіксіз елестетуге болмайды. Жер шарында өсімдіктер жамылғысы біркелкі тарамаған. Қазақстанда орман қоры 21,8 млн. га жерді алып жатыр. Яғни, республикамыздың барлық жерінің 3,35 %-ын құрайды. Біздің еліміздегі ормандар жүйесі негізінен Солтүстік және Шығыс аймақтарда шоғырланған. Ормандардың бірнеше типтері бар. Олар – сексеуіл, қарағай, шетен, шырша, самырсын, қайың ормандары, тоғайлар мен бұталар.
Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Олар көбінесе Іле Алатауы, Жоңғар Алатауы, Алтай таулары мен Қаратау тау жоталарында көп шоғырланған. Әсіресе алтын тамыр, марал оты, дәрмене, жусан, қылша, шайқурай, жалбыз, бәйшешек, тартар жапырақ, түймедақ, мыңжапырақ, тау жуасы, сарымсақ, ермен, адыраспан, тасжарған, алтай рауғашы, қызылжидек, сасыр, т.б. өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын формоцевтік зауыт жұмыс істейді.
Дәрілік өсімдіктермен емдеу тәсілін ерте заманнан бері ата-бабамыз қолданып келе жатыр. Ертеде өмір сүрген Әбу-Насыр әл Фараби, Әбу Әли Ибн Сина, Беруни, Әл-Джуржани орта ғасырларда өмір сүрген шығыс ғалымдары халық медицинасының дамуына, әсіресе дәрілік өсімдіктерді танып, пайдалануына ықпалы зор болды.
Қазіргі заманда адам денсаулығын сақтау жайындағы күрес, бүкіл елдің қасиетті парызы. Өсімдік - тіршілік көзі, өзегі. Дәрілік өсімдіктермен айналысу денсаулықты сақтауға, отбасының қаражатын үнемдеуге, табиғат байлығын қорғауға көмектеседі. Қазіргі уақытта өз жергілікті жерімізде өсетін өсімдіктерді дер кезінде жинап, кептіріп, шөп қайнатпаларын дайындасақ жанға шипа, дертке дауа болары сөзсіз. Табиғаттың ерекшелігі сол, ашылатын сыр, шешілетін жұмбақ, қызықты құпиялар жайы өте көп. Адам тіршілік барысында әртүрлі жағдайда сырқаттанғанда сол сырқаттың емін, шипасын біздің көз алдымызда айналамыздағы тіршіліктен табуға болатынын біле бермейміз.
2.2. Адыраспанның пайдасы.
Халық медицинасында пайдаланып жүрген шипалы өсімдіктердің бірі - адыраспан. Қазақ халқы адыраспан тіл көзден сақтайды, лас, былғанышты қуады деп, түтінімен үй ішін, ошақ басын аластаған. Емдік қасиеті жағынан адыраспан Орта Азияда ертеден белгілі болған. Адыраспанды кавказ халқы ұйықтататын дәрі ретінде қолданған. Адыраспанның сипатына келетін болсақ, түйетабандар тұқымдас, тарамдалған бұтағы мол, көпжылдық өсімдік. Шипалы өсімдіктің құрамында гармалин және гарминалколойдтер бар.
Емдік қасиеттері: Емдік мақсатта адыраспанның шөбін, яғни бұтақтарын, жапырақтарын пайдаланады. Халық медицинасында шөбін ревматизм, қышыма, безгек, қотыр және басқа тері ауруларына қолданады. Адыраспанды ирак халқы «УарауАспанд» деп атайды, бұл «барлық ауруға ем» деген сөз екен. Ғылымда адыраспан өсімдігін 1928 жылдан бері дәрі-дәрмекке пайдаланып келеді. Қазақ халқы бұл шөптің қайнатпасымен тері ауруларын емдейді.
Емдеу тәсілдері. Қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан емшілік қасиеттері өте көп. Сол емшіліктің бір саласы әр түрлі шипалы шөптермен емдеу болып табылады. Оның шөбін жағып, түтінімен бас ауруын емдейді және жұқпалы ауруы бар науқастың бөлмесін залалсыздандырады.
Адыраспанның ем болатын аурулары:
• Ревматизм ауруы
• Ұмытшақ ауруы
• Тіс ауруы
• Бастың созылмалы ауруы
• Тарамыс ауруы
• Буынның қабынуы
• Бел, сал ауруы
• Асқазан ауруы
Сонымен, өсімдік - медициналық препараттардың сарқылмас көзі. Улы деген өсімдіктің өзі пайдалы.
2.3. Жуаның, сарымсақтың пайдасы.
Жуа. Қазақстанда ғана өсетін бір түрі – дәрмененің дәрілік шөп ретінде ерекше мәні бар. Оның ащы дәмі құрамындағы эфир майынан. Құрамында С дәрумені мен каротин көп. Көктемнің көкөніс шыға қоймаған кезеңінде адамға жуа ерекше пайдалы. Біріншіден, тәнге С витаминнің күндік қажетін қанағаттандыруға көмектеседі, екіншіден, ауру жұқтырмайтын (бактерицидтік) және қырқұлақ ауруы на қарсы заттарға бай. Жуаның құрамын-дағы фитонцидтер іріңді және ауыртатын микробтарды жояды, ағзаның әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсылығын күшейтеді.
Баспамен ауырғанда гайморитте, мұрын бітелгенде жуаның фитоцидімен (иісімен) дем алады. Жуаның шырыны жөтелде қақырықтың бөлініп шығуына жәрдемдеседі. Жуаның шырынын ара балымен немесе қантпен араластырып ішсе, жөтелге, туберкулезге ем. Ол және ас қорыту кезіндегі іріткіш үдеріс-терді басады, зиянды микроағзалардың дамуына кедергі жасайды.Үгілген жуа шырынын жараны, ойық жараны жазатын ем ретінде, теріні қышытатын қабынуларды басуға дәрі ретінде қолданады.
Жуа езіндісі тырнақтың зеңді ауруларын кетіреді.
Жуаның шырыны сүйелді жояды.
Жуаның шырыны қыр-құлақ (цинга) ауруына шипалы ем.
Құрамында калийдің көптігі бүйректің тас ауруларына, құяңға, сары-буынға, семіздікке шипалы, ол бауырдың қызметін де жақсартады. Оның атеросклерозда, ағза шаршағанда пайдасы көп. Жуаның құрамында В дәрумені мол болғандықтан, оның спрей түрін науқасқа, балаларға, ой еңбегімен айналысатындарға көбірек пайдалануға мамандар кеңес береді.
Батун жуасының ішек құртына қарсы әсері мол. Оның құрамында атеросклероздың дамуын тежейтін, зат алмасуға және қанда холестерин деңгейіне ықпал ететін заттар көп. Сусамырда аспен бірге пісірілген, бұқтырылған немесе шикі жуаны жеген жақсы. Жуа ас қорыту жұмысын реттейді, асқазан сөлінің бөлініпшығуына мүмкіндік береді. Оның жәрдемімен ішек ферменттері және ұйқы безі жасалып шығады. Жуаның жаңа шырыны іш қатқанда, көтеуде (геморойда) жағымды әсер етеді. Халық медицинасында басты пияз несеп айдағыш ретінде пайдаланылады.
Емдік қасиеттері: Жуа қабақтарының судағы тұндырмасы ағзадан әртүрлі қоқыстарды шығаратыны.
Батун жуасын Қытайда асқазан ауруларында және іріңдеп ауырғанда тер шығаратын дәрі орнына жегізеді.
Қыр жуасының қаназдықта пайдасы зор, өйткені онда фитонцидтік заттар, темір, қант бар.
Көк жуаның құрамындағы калий жүрек бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады, оның құрамындағы кальций тіс ауырғанда пайдалы.
Жөтелде, созылмалы тонзилитте, мұрын бітелгенде ,салқын тигенде, тері ауруында,күйген жерге, өкшенің мүйізгегін кетіру және қатайған теріні жұмсарту үшін де пісірілген ыстық пияз қабығын басады.
Малды емдеуде пияз тұнбасы оның күйіс қайтаруын реттейді, ірі қараның қатпаршақ, жалбыршақ қарындарының жиырылып –созылуын үдетеді, ішектегі желді басады. Пияздың қабығынан 5 пайыздық ерітінді жасап, бұзауға 150-300 миллитр мөлшерінде күніне 4-5 рет ішкізсе, тәбеті артып, ас қорытуы жақсарды.
Сарымсақ. Сарымсақтың пайдалы да шипалы екенін барша жұрт біледі. Сөйте тұра ешкімде оның иісін жақсы көрмейді. Дегенмен, дәрігерлер әр адамға күнделікті тамақпен қоса бір сарымсақ жеуге кеңес береді. Оны турап, үгітіп, немесе бір бөлігін бүтіндей жеу керек. Сарымсақтың құрамында табиғи екі антибиотик 15 түрлі зиянды бактерияларды құртады екен. Сарымсақтың ежелден белгілі қасиеттері: тәбетті ашады, бас ауруын басады және салқын тигенге ем. Сондай-ақ ревматизм, гепатит, қырқұлақ ауруларына, баспаға, тұмауға қарсы, зәр жүргізгенге, қақырық түсіруге қолданылатындығы халық емшілігі әдістерінде бар. Кейінгі кезде сарымсақтың қанның артериялық қысымын азайтып, қандағы холестерин деңгейін төмендететіні, қан тамырларында тромбылардың пайда болуына қарсы әрекет ететіні мәлім болады.Біздің заманымыздың керемет кеселдерінің біріне айналған аллергия да сарымсақтан сескенеді екен. Оның бір бөлігін алып, бір-екі қасық қайнаған суға үгітіп, езіп алып тамақтан кейін күніне 3-4 реттен қабылдаса, бір аптадан кейін-ақ адам сауығып кетеді.Мұндай ем тіпті демікпе мен аллергиялық сипаттағы тері бөртпелеріне шипалы көрінеді.Бір бөлік сәбіз шырынын, белгілі бір мөлшердегі өсімдік майын және бірер тамшы сарымсақ шырынын мұқият араластырып, мұрынға күніне бірнеше рет тамызып отырса, күзде-көктемде салқын тигенде, тұмауға қарсы ем екен.Кешкілік көзі көрмейтіндерге малдың 100 грамм таза бауырына сарымсақтың екі–үш үлесін қосып, күніне бір реттен екі апта жегізсе, көздің көруі жақсаратын болады.
Қорытынды
Қоршаған ортаны қорғау – қазіргі заманауи уақыттың ең көккейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Жиырма бірінші жүз жылдық халық санынынң қарқынды өсуімен, ғылыми – техникалық прогрестің бұрын соңды болмаған дамуы деңгейімен сипатталады, ал ол өз кезегінде табиғи байлықтарды көптеп эксплуатациялауға алып келеді. Өзінің даму процесінде қоғам экологиялық жағдайдың шиеленісуімен тап болып отыр – табиғи ресурстардың сарқылмас қорлары азайып, қоршаған орта ластануда, ол адамдардың денсаулығына әсер етіп және барлық тірі организмдердің биологиялық негіздері қиын жағдайға жақындап келуде. Қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Экология деген сөз тіршілік ету мекені, өмір сурген орта туралы ғылым дегенді білдіреді. Оны немістің атакты табиғат зерттеушісі Эрис Геккель тұнғыш рет 1969 жылы ғылыми сөздікті қорға үлесін қосты.
Табиғат сонымен денсаулық сақтау ортасы. Сондықтан курорт пен сауықтыру кешендері, т.б. демалыс орындарының тек қана орманды жерде салынуы тектен-тек емес.
Қазақстанда табиғи жайылымдар басым. Өсімдіктің біздің жергілікті жерімізде 57000 түрі өседі. Оның 506 түрі қорғауды қажет етіп отыр. Жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды сақтап қалу мақсатымен 1981 жылы «Қызыл кітап» шығарылды. Оның мақсаты құрып бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды есепке алып, оларды сақтап қалу. Ол үшін көптеген мемлекеттік шаралар жүргізіледі. Солардың бірі – сиреп бара жатқан өсімдіктер мен жануарларды адам қамқорлығына алып қорықтар ұйымдастырылды.
Қорық ұйымдастыру ісіне біздің республикамызда соңғы жылдары көп көңіл бөліне бастады. Қазірдің өзінде 9 мемлекеттік қорық, 5 ұлттық парк, 17 ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық қорық қорлар құрылған. Алматы, Шымкент, Қарағанды т.б. ірі қалаларда ботаникалық бақтар жұмыс істейді. Осының бәрі сиреп бара жатқан өсімдіктер пен жануарларды қалпына келтіру жұмыстарымен айналысады. Көптеген аймақтарда жастардың белсенділігін арттыру мақсатымен «Жас орманшылар», «Жасыл патрульшілер», «Жас экологтар», «Жас натуралистер» атты үйірмелер ұйымдастырылған. Олар – еліміздің табиғатты қорғаудың белді көмекшілері.
Денсаулық - адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты - денсаулығының мықтылығында.
Дүние жүзілік медицина ғылымдарының ұлы өкілдері,денсаулық адамзат баласына тартқан үлкен сыйы деп түсіндіреді.Медицина ғылымдарының пайда болуына, оның дамуы мен қазіргі кездегі жағдайына зер салып қарасаңыз,медицина ғылымы адамдардың денсаулығын сақтауға аурулардың алдын-алуға, ауруларды емдеу әдістерін тауып,оны жетілдірумен шұғылданып отырған ғылым екені байқалады. Медицина ғылымдары адамды және оның денсаулығын арттыруда ең басты рөл атқарады.
Халықтың денсаулығын сақтау, аурулардың алдын-алу мен оларды емдеу бағыттары мемлекеттік, әлеуметтік, экономикалық, және медициналық, биологиялық, физиологиялық мәселе. Қазіргі кезде мемлекетімізде Қазақстан республикамыздың Конистутциясына сәйкес денсаулықты сақтау мәселері жөнінде мемлекеттік бағдарламалар әзірленіп, Қазақстан республиксынның «Адам және азамат» бөлімінің 29 бабында адам денсаулығы жайында толық мағлұмат келтірілген.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен еліміздің барлық мектептерінде «Денсаулығыңды күтуге дағдылан!» ұранымен «Денсаулық сабағы» өткізілуде", Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы» аясында денсаулық сабағының басты тақырыбы ретінде «Салауатты өмір салты мәдениетінің түрлі аспектілері таңдалады: қоршаған ортаны қорғау, белсенді дене қимылы, спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, зиянды әдеттерге қарсы тұра білу, тұрмыста және жолда жүргенде қауіпсіз мінез-құлықтың болуы».
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2030 жылға дейінгі стратегиялык даму бағдарламасында "Қоршаған ортаны ластауға, экологиялык калыпты жағдайды бүлдіруге жол бермеуге зор көңіл бөлінгендіктен окушыларға экологиялык білім беріп, табиғатты корғауға тәрбиелеу – бүгінгі күннін кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі" деген. Осы бағдарламаны басшылыкка ала отырып алдағы уакытта табиғатқа деген сүйіспеншілік,табиғат байлығын қорғап молайту — басты мақсат.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақтағанда, адамзат баласы үшін табиғат – кең сарай, мәңгі тозбас құтты қоныс болады. Жер бетіндегі барлық тіршілік атаулы табиғат-анаға қарыздар. Сондықтан да Табиғатқа немкетті қарау, онымен санаспау – ана сүтін ақтамағанмен пара-пар. Адам баласы Табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге, ең ұлы қамқоршысы да екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Тілеуқабылұлы Ө. «Шипагерлік баян». - Алматы: Жалын, 1996.
2. Нұрмухамбетұлы Ә. «Көненің көзі, дананың сөзі» // Жинақ. - Алматы: ҚазММУ, 2000.
3. Жолдасбеков М. «Сөнбейтін шырақ» // Ә. Нұрмухамет-ұлының Көненің көзі, дананың сөзі кітабында. - Алматы: ҚазММУ, 2000.
4. Оразақов Е. «Қазақ халық медицинасы». – Алматы: Ғылым, 1989.
5. Алдашев А., Әлімханов Ж. Қазақтың халық медицинасының құпиясы. - Алматы: Қазақстан, 1992.
6. Шорманов Т. «Дәрілік өсімдіктер». - Алматы: Қазақстан, 1975.