Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
Сабақтың тақырыбы: Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
Сабақ мақсаты:
1. Білімділік мақсаты: Гендердің толық және толық емес тіркесулері., Генетикалық карталар туралы білім беру.
2. Тәрбиелік мақсаты: Білімділік пен сауаттылыққа тәрбиелей отырып, бірін - бірі сыйлауға, тыңдауға үйрету. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.
3. Дамытушылық мақсаты: Тақырыптың ең негізін анықтап, талдау жасай білуге, салыстыруға үйрету.
Сабақтың типі: Ақпараттық оқыту.
Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту.
Оқыту әдісі: сұрақ жауап, семантикалық карта толтыру, эл оқулықпен жұмыс
Көрнекіліктер: слайдтар, кесте.

І. Ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы.
1. Г. Мендельдің 1865 жылы шыққан еңбегі қалай аталады?
2. Генетика ғылымы нені зерттейді?
3. Генетика ғылымының негізін қалаған ғалым?
4. Моногибридті будандастыруға анықтама
5. Генетика ғылымының жарыққа шыққан жылы?
6. Дигибридті будандастыру дегеніміз не?
7. Гомозигота ұғымын қалай түсінеміз?
8. Толымсыз доминанттылық мәні неде?
9. Полигибридті будандастыру мәні.
10. Мендельдің бірінші заңы
11. Дигибридті будандастырудың тәуелсіз ажырау заңдылығын түсіндір.
12. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы дегеніміз не?
13. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын ашқан кім?
14. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясын сипатта.

В) Суретті сөйлет. Тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы

С). Ассосация құру. « Генетикалық карталар»

ІІІ. Жаңа тақырып. Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
Генетикалық карталар деп — хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасын айтады. Қазіргі кезде, әсіресе, генетикалық тұрғыдан толық зерттелген объектілердің, атап айтқанда, дрозофиланың, жүгері және қызан өсімдіктерінің, тышқанның, пішен таяқшасының, т. б. генетикалық карталары жасалған. Болашақта басқа да өсімдіктер мен жануарлардың және адамның генетикалық картасын жасау міндеті тұр.
Генетикалық карталар ұқсас хромосомалардың әр жұбы бойынша жеке - жеке жасалады. Хромосомалардың жұптарын тіркестік топтар деп атайды. Олардың саны хромосомалардың гаплоидты жиынтығына тең болатындығы бұрын айтылған болатын. Мысалы, дрозофилада 8 хромосома болса, ол 4 тіркестік топты, жүгерідегі 20 хромосома 10 тіркестік топты құрайды. Тіркестік топтар рим цифрларымен І, ІІ, ІІІ, ІV және т. б. болып белгіленеді. Картаны дұрыс құрастыру үшін гендердің тұқым қуалау заңдылықтарын толық зерттеп, білу қажет. Мысалы, дрозофиланың 4 тіркестік топта шоғырланған 7000 - ға жуық гені, сол сияқты жүгерінің 10 тіркестік тобында болатын 10000 - ға жуық гені зерттелген және т. б. Генетикалық картаны құрастыру кезінде тіркесу тобы, гендердің толық немесе қысқартылып алынған атаулары көрсетіледі және хромосомада орналасқан гендердің ара қашықтығын көрсететін цифрлар жазылады. Гендер арасындағы ара қашықтықтың өлшем бірлігі 1% кроссинговерге тең болады.

ІҮ: Бекіту тапсырмалары. А) Сұрақтарға жауап беру.
• Генетикалық картаның мәні неде?
• Қандай организмдердің генетикалық картасы жасалды?
• Организмдердің генетикалық картасын жасаудың теориялық және практикалық маңыздылығы немен түсіндіріледі?
• Гендердің толық және толық емес тіркесулері мысал келтір.
• Гендердің толық тіркесу дегеніміз не?
• Гендердің толық емес тіркесулері дегеніміз не?
В) Есептер шығару. №1 есеп.
Сұлы өсімдігінің биік болуы рецессивті, Егер алынған ұрпақтардың жартысы қалыпты, ал жартысы ұзын болса, олардың ата аналарының генотипі қандай. Есепті шығар.
№2 есеп.
Егер ақ тауықты қара тауықпен шағылыстырса, олардан алынатын ұрпақтың қанша пайызы шұбар болады? Ақ тауық гомозиготалы доминантты, қара тауық толық емес гетерозиготалы.
№3 есеп.
Шабдалыда түкті В жемісі, тегіске в қарағанда доминантты. Ал жұмсақ жемісінің ақ түсі D сарысынан d доминантты. Тегіс ақ пен түкті сарыны будандастырғанда қандай ұрпақтар дүниеге келеді?
Есептер жинағындағы тест тапсырмаларына жауап беру. № 24, 25 28 - 30

Ү. Үйге тапсырма. Гендердің толық және толық емес тіркесулері. Генетикалық карталар
ҮІ. Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама