- 05 нау. 2024 02:37
- 173
Көбейту және бөлу
Тақырып: Көбейту және бөлу
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Психологиялық дайындық.
Қарсы алайық қонақты жылы жүзбен,
Бізге келсін, қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз.
Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
Ә) Топқа бөлу
І топ: «Жүздік» ІІ топ: «Ондық» ІІІ топ: «Бірлік»
ІІ. Өткенді қайталау
А) Үй жұмысын тексеру
Ә) «Лото» ойынын ойнау
ІІІ. Жаңа сабақ
- Бүгін біздің өтетін жаңа сабағымыз «Көбейту және бөлу».
Көркем жазу
2 22 222 2222
- Балалар, бүгін біздің сабағымыз ерекше болғалы тұр. Бүгінгі біздің сабағымыз орыс халқының «Үйшік» ертегісі желісімен өтеді. Қане, еске түсірейікші, алдымен үйшікті кім тауып алады? (тышқан)
- Олай болса, біз № 2 тапсырманы орындау арқылы тышқанға көмектесіп, үйшікке орналастырамыз. Ол тапсырманы орындамас бұрын, мен сендерге жаңа сабақты түсіндірейін.
- Тапсырманы орындадық, енді тышқанды үйшікке орналастырайық.
- Келесі бақаға көмектесу үшін № 2 (б) тапсырмасын орындайдық.
б) 1 оқушы кестеге қарап есеп құрастырады, 2 - оқушы осы есептің шешуі мен жауабын тақтаға орындайды.
Ш: 6 * 32 + 5 * 44 = 412
Ж: барлығы 412 кг
- Тапсырманы орындадық, енді бақаны үйшікке орналастырайық.
- Келесі қоянға көмектесу үшін № 3 тапсырмасын орындайық.
№ 3. Өрнек құру және оның мәнін табу.
А) 280 * 7 – 70 =
Ә) 108 * 2 - 2 =
Б) 684: 6 + 6 =
- Тапсырманы орындадық, енді қоянды үйшікке орналастырайық.
- Келесі түлкіге көмектесу үшін № 4 тапсырмасын орындайық.
№ 4. а = x см ------ Р = 28 см -------------- S =?
28: 4 = 7 -------- S = 7 * 7= 49 см2
- Тапсырманы орындадық, енді түлкіні үйшікке орналастырайық.
ІҮ. Сергіту сәті.
Ү. Бекіту
- Келесі қасқырға көмектесу үшін № 5 тапсырмасын орындайық.
№ 5. Бос тор көзге тиісті санды тауып қою (топтық жұмыс)
- Тапсырманы орындадық, енді қасқырды үйшікке орналастырайық.
- Келесі аюға көмектесу үшін № 6 тапсырмасын орындайық.
№ 6. Жүздіктерін 3 - ке бөлгенде қалдық қалатын, ал ондықтары және бірліктері 3 - ке бөлінетін сандарды теріп жаз:
536, 566, 563.
Ү. Қорытынды.
- Аю үйшікке сыймай қалды, шатырға мінем деп үйді құлатты. Қане, балалар, келесі тапсырманы орындау арқылы аңдардың барлығы сыятындай кең де үлкен үйшік салып берейік. Келесі тапсырма «Сиқырлы текше» ойыны
А) «Сиқырлы текше» ойыны ойналады. Ойыншылар текшені лақтырады.
«М» жағы түссе, сандық мақал жалғасын табу:
1. Бір елі ауызға -… ( төрт елі қақпақ)
2. Бір кісі қазған құдықтан, … ( қырық кісі су ішер)
3. Жеті рет өлшеп, … (бір рет кес)
«Ж» жағы түссе, математикалық жұмбақтар шешеді:
1. Қос құлақты 100 тісті,
Жүзінен бірақ із түсті. (ара)
2. Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді. (апта күндері)
3. Бір таудың екі күзетшісі, екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. Ол не?
(адамның басы)
«Ф» жағы түссе, формулаларды табады.
1. Р=2а+2в ( периметр)
2. S=а•в (аудан)
3. V = a * b * c (көлем)
«?» жағы түссе, сұрақтарға жауап беріледі:
1. Қазақтың 3 биін ата?
2. Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне неше жыл толады?
3. Астана қаласындағы «Бәйтерек» монументінің биіктігі неше метр?
«Л» жағы түссе, логикалық есептер шығарады.
1. Қаз таразыға бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса неше кг болады?
2. Жанат саяжайдан алма жинады. Барлық жиналған алманың үштен бір бөлігін, яғни 12 алманы Айгүлге берді. Жанат қанша алма жинаған еді?
3. Бір үйдің 3 ұлы бар. 3 ұлдың әрқайсысының бір әпкесі, бір қарындасы бар. Бұл үйдің неше баласы бар? ( 5)
Ә) – Бүгін сабақта не үйрендік?
Б) Рефлексия: Сабақ сендерге ұнады ма, ұнаған жоқ па?(тиісті смайликпен көрсету)
ҮІ. Үй жұмысы: № 7 105 - бет.
ҮІІ. Бағалау.