Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Қатысты шама түрлерін есептеу
Атырау қаласы,
Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық колледжінің
Экономика пән оқытушысы
Кушербаева Самалгуль Акилбаевнамын

Сабақтың тақырыбы: Қатысты шама түрлерін есептеу
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Қатысты шамалар түрлерін есептеу бойынша білім алушылардың іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік: Студенттерді жылдамдыққа, өз ойын жеткізе білуге, жан - жақты болуға, пәнге деген қызығушылығын арттыру, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу Дамытушылық: Студенттердің ойлау қаблеті мен дағдысын дамыту: тақырыпқа байланысты өз бетімен іздену арқылы логикалық ойлау қаблетін дамыту
Сабақтың типі: Зертханалық - тәжірибелік
Сабақтың әдісі: Салыстыру, сұрақ - жауап, есептер шығару, өз бетімен жұмыс.
Сабақтың түрі: Бақылау - есеп
Техникалық оқыту құралдары және көрнекіліктер: Презентациялар, мультимедиалық проект, компьютер, слайдтар, плакаттар.
Пәнаралық байланыс: Экономика негіздері, Бухгалтерлік есеп негіздері, Микроэкономика.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ
1. Ұйымдастыру кезеңі: /5 мин/ Студенттермен амандасу, студенттерді тексеру,
Аудиторияның тазалығын бақылау. Студенттердің ынтасын сабаққа аудару.
Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру: /25 мин/ Студенттер статистикалық бақылау, статистикалық топтастыру тақырыптарына оздері дайындаған презентацияларын қорғайды.
Миға шабуыл.
1. Оперативті жедел немесе оперативті - техникалық есеп.
2. Нақты шамалар дегеніміз не?
3. Статистикалық бақылау.
4. Жай жинақтау дегеніміз не?
5. Статистикалық жинақтау дегеніміз не?
6. Статистика дегеніміз не?
7. Қатысты шамалар дегеніміз не?
8. Статистикалық топтау әдісі неше түрге бөлінеді?
9. Күрделі жинақтау дегеніміз не?
10. Бір үлгідегі топтау дегеніміз не?

3. Статистикалық нақты және қатысты шамалар тақырыбына қатысты шама түрлерін есептеу. /35мин/
1. Статистикада қорытындылаушы көрсеткіштер өздерінің сандық мәндеріне қарай нақты, қатысты және орташа шамалар арқылы бөлінеді. Оның ішінде нақты шамалар жиі қолданылады және бастапқы түрі болып табылады. Статистикалық нақты шамалардың ғылыми және тәжірибелік жұмыстардағы маңызы мен атқаратын рөлі өте жоғары бағаланады. Себебі, нақты көрсеткіштерді қолдана отырып, әрбір кәсіпорындар мен шаруашылықтардың, мекемелер мен ұйымдардың, ұжымдардың және т. б. әлеуметтік - экономикалық дамуына немесе кемуіне толық қорытынды жасауға мүмкіндік туады.
Статистикалық нақты шамалар деп қоғамдық құбылыстар мен процестердің белгілі бір жердегі және уақыттағы мөлшерін, көлемін, аумағын, деңгейін сипаттайтын нақты сандық көрсеткіштерді айтады. Мысалы, топтағы студенттердің саны, белгілі бір уақыт аралығындағы өндірілген өнімнің көлемі және т.б.

Нұсқау карталары бойынша студенттерге тапсырмалар беру.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама