Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Көңілді көктем. Етістіктің шақтарын қайталау
Мақсаты:
1. Білімдік: Көктем туралы сұрақ-жауап арқылы әңгіме айта білу.
Етістіктің шақтарын қайталау.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өткен тақырыпты есте сақтау қабілеттерің, тілге деген сезімін дамытып, сөздік қорын байыту.Ақыл-ойын, жеке басын, білімге ынтасын дамыту
3. Тәрбиелік: Еңбекке баулу және қоршаған ортаға қамқорлық жасауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Көрнекіліктер: көктем көріністерін бейнелейтін суреттер, кәртішкелер, кестелер, интер тақта.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, аударма, суретпен жұмыс, ойын,деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
Мұғалім сөзі:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Ендеше бүгін қандай тақырып өтеміз?
- Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Көңілді көктем»
Сабақтың мақсаты:
Білу: Көктем туралу білу.

Игеру:Етістіктің шақтарын қайталап, сөйлеу барысында пайдалану.
(музыка қосу)
Мұғалім сөзі:
Көктем – күннің қанаты,
Көктем – гүлді дала аты.
Көктем – біздің сағынған
Самал ескен таң аты,
Көктем – жердің тынысы,
Көктем – елдің ырысы...
- Бұл өлең жолдары не туралы?
- Сендер мына суретте нені көріп тұрсыңдар?
Сендердің алдарыңда мәтін бар. Осы мәтінді оқып көктем туралы нені білуге болады? Мәтін не туралы?

II.Мәтінді кешендеп талдау.
1. Сөздік жұмысы
2. Мәтінді оқып, аудару
3. Сұрақтарға жауап беру
1.Көктем қай айдан басталады ?
2.Күн қай айдан бастап жылынады?
3.Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

4.Көктемде адамдар қалай киінеді?
5.Көктемде аңдар мен жәндіктер не істейді?
6.Көктемде егіншілер не істейді?

Біз көктем туралы көп айттық, енді көктем бізге де келеді.
III. Көктем:
- Сәлеметсіздер ме, балалар!
Қар, мұз еріп,
Су көбейіп
Сай –салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Балалар, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
Балалар: көктемде.
Көктем: Дұрыс балалар. Мен Көктеммін. Мен сендерге сиқырлы гүлдер алып келдім. Кім маған көктем туралы өлең айтады, сол бала гүл алады.

Валера:
Көктем қандай көңілді!
Күміс жаңбыр төгілді.
Мөлдір аспан ашылып,
Күн пердесі сөгілді.

Айсұлу:
Көлдің мұзын күн тесті,
Аппақ тонын жер шешті.
Жан-жақта күн күркіреп,
Жаңбыр жауды сіркіреп.

Диана:
Жерді жапты көк кілем,
Ондай кілем жоқ, білем!
Көктем келді күлімдеп,
«Міне, саған гүлім!» деп.

Вероника:
Қар ереді, су ақты,
Күндер туды шуақты.
Байтақ дала келбеті
Түкті кілем сияқты.

Жанна:
Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді
Бау-бақшада, орманда
Құстар әні төгілді.

Көктем:
Рахмет, балалар!

Мұғалім:
- Ал енді Көктемге басқа сыныпқа бару керек.Ол енді сендермен қоштасады.Ал, енді рахметімізді айтайық, көктеммен қоштасайық.
Балалар:
- Рахмет көктем! Қош сау болыңыз!
Көктем:
- Қош сау болыңдар! Сабақтарыңды жақсы оқыңдар.
(музыка қосу)
IV.Ал балалар қазір біз ойын ойнаймыз.
Ойын:
«Ағаштың үш жапырағы»
Мұғалім: Ағашымыз етістік болады.Ағаштың үш жапырағы, етістіктің үш шақтары болады.Тақтаға үш оқушы шығады.Жіктік жалғауын қосып, сөздерді үш шақта жазады.
1 жапырақ--------------------2 жапырақ-------------------3 жапырақ
Нақ осы шақ----------------- Өткен шақ--------------------Келер шақ
Не істеп жатыр? ------------Не істеді?--------------------- Не істеді?
Оян------------------------------Кел----------------------------- Шық
V.Олар жазып болғанша, біз жұмысты жалғастырамыз. Деңгейлік тапсырмаларды орындаймыз. «Көктем» деген мәтінде етістіктер бар ма? Қандай? Осы етістіктер қай шақта тұр?
Ал енді тақтаға қараңдар, кім дұрыс жазып болды? (3 оқушыны тексертіп, қызғалдақтарды беру)
VI. Деңгейлік тапсырмаларды тексеру.
VII. Сергіту сәті: Ұшты - ұшты...
VIII. Мақал-мәтелдер тексеру
Мұғалім:
Еңбек туралы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер?
Қортынды: Тест сұрақтарына жауап беру
Мұғалім: Тестерді қалай орындап шыққаның көру.
Үйге тапсырма: Көктем туралы сөз жұмбақ құру.
Мұғалім: Бүгін сабақта не істедік? Сабақ сіздерге ұнады ма? Сендер қалай ойлайсыңдар, араларыңда кім жақсы жұмыс істеді?
Бағалау:

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама