Менің Отаным-Қазақстан
Мақсаты: «Менің Отаным – Қазақстан» модульіндегі тақырыптар бойынша оқушылардың алған білімдерін байқау, сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру.
Сөздік қорын молайту, ой-өрісін, танымдылық қабілетін қазақша ауызекі сөйлеу дағдысын дамыту. Өз Отанын, елін, туған жерін құрметтеуге тәрбиелеу, сүйіспеншілік сезімін ояту.
Көрнекіліктер: интер. тақта, асық, тест, үнтаспа.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, диалог, өздік жұмыс, топпен жұмыс т.б.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
1. Амандасу. Оқушыларды түгендеу.
2. Әнұранды орындау.
3. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
Білуіміз керек: рәміздерді, тіл туралы, салт-дәстүрлерді, Қазақстанның тарихын ...
Игеруіміз керек: қойылған сұрақтарға толық жауап беру, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, өз ойларын еркін жеткізе білу т.б.
Бүгін өздерін байқап отырған боларсыздар екі топқа бөлініп, сайыс сабағын өткіземіз.
І - топ «Бүркіт» тобы, ІІ- топ «Тұлпар» тобы. Алдарымызда көріп отырған жеті сандық. Осы құпия сандықтарымыздың ішінде тапсырмалар бар, сандықтарды ашып, тапсырмаларды орындаймыз. 7 сандық алған себебім, өйткені 7 қазақ халқының қасиетті саны болып есептеледі және біз 7 сыныпта оқимыз. Ал сайысымызды бастайық. Бәріңіз белсенді қатысып отырыңыздар.
Сандықты ашпас бұрын проблемалық сұрақ қойылады. Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек? Осы сұраққа сабақтың соңында жауап бересіздер.
ІІ. Қайталау кезеңі:
1 сандық. (Тіл)
«Тілден артық қазына жоқ, тілден артық қасиет жоқ» дейді Н.Назарбаев. Бәріміз елбасымызбен келісеміз.
1 тапсырма. Сұрақтарға жауап беру:
- Сенің ана тілің қай тіл?
- Сен қандай шетел тілдерін білесің?
- Шетел тілінде көркем әдебиеттер оқисың ба?
- Қанатты тілдер, афоризмдер білесің бе?
2 тапсырма. «Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл» деген сөз бар. Бұл өте құнды кеңес. Сыныптастарына полиглот болу үшін не істеу керек жайында қандай кеңес бере аласыңдар?
1 кеңес ...
2 кеңес...
3 тапсырма. «Тілді білсең мақалдап айт, мақал - сөздің, тілдің көркі». Келесі тапсырма мақалдарды аяқтаңдар.
Шешеннің тілі - ... (ортақ)
Ырыс алды -... (ынтымақ)
Бірлік бар жерде - ...(тірлік бар)
Бірлік еткен озар -... (бірлеспеген тозар)
Өнер алды -... (қызыл тіл)
Шешен сөз бастар - ... (батыр қол бастар)
4 тапсырма. Мақалды қалай түсінесіңдер? Өз сөздерімен түсіндіру.
«Уәде алтыннан да қымбат» 1топ.
«Тиыннан теңге құралады» 2 топ.
5 тапсырма. Сөз жұмбақты шешіп, келесі сандыққа түсеміз.
Сөз жұмбақты шешсеңіздер келесі тапсырманың тақырыбын білесіздер.
Сұрақтар:
1. Халық ауыз әдебиеті (мақал)
2. Тудың көгілдір түсі ненің белгісі? (аспан)
3. Высотный деген аудармасы қалай? (зәулім)
4. Өте сирек кездесетін ерекше алғыр аң (барыс)
5. Қазақ халқы қандай халық? (қайырымды)
6. Қазақстанның қаласы (Семей)
7. Қазақстан Республикасының Бірдей бір заңды төлем құралы (теңге)
8. Ел ертеңі кім? (жастар)
9. Қазіргі кезде әрбір жас адам нені игеруге ұмтылу керек? (мамандық)
2 сандық. (Қазақстан)
Қазақстан картасы бойынша монолог құрастыру.
3 сандық. (Президенттің жолдауы).
Біздің президент Қазақстан халқына 2030 жылға арналған жолдау жасады. Сол жолдауда не деген? Сызба бойынша әңгімелеу.
4 сандық (Астана).
1) Қазақстан туралы білесіңдер. Ал астана туралы не айта аласыңдар? Сұхбаттасу.
2)Сөйлемдерді дұрыс құрастыру.
5 сандық. Ту - ол ҚР мемлекет белгілерінің бірі. Тудан басқа қандай мемлекеттік рәміздерді білесіңдер?
1 топ. Оқушылар ҚР елтаңбасын бөліктерін жинап, әңгімелеу.
2 топ. Синоним сөз. табу. Антонимдер:
Сыйлау –құрметтеу--------------------биік - аласа
Татуласу – достасу----------------------кең - тар
Намысқор – намысшыл--------------- бай - кедей
Болашақ –келешек--------------------- пайда - зиян
Байлық –қазына
ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
6 сандық (Салт дәстүр). Үй тапсырмасы.
«Әр елдің салты басқа. Қазақ халқы өз салт-дәстүрлерімен бай халық. – Қандай қазақ халқының салт-дәстүрлерін білесіңдер?» (Оқушылар, әр топ өз дайындап әкелген салт-дәстүрлерін көрсетеді).
1 топ «Қырқынан шығару»,
2 топ «Шашу».
7 сандық (Отаншыл).
Проблемалық сұрақтарға жауап беру.
Отаншыл болу үшін әр азаматтың бойында қандай асыл қасиеттер болу керек?
Отаншыл - мемлекеттік тіл - Ана тілін білу, құрметтеу - Салт-дәстүрлер - Рәміздер - Туған жердің тарихын
IV. Өздік жұмыс. Тест.
V. Сабақты қорытындылау. Бағалау.
VІ. Үй тапсырмасы.