Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 сағат бұрын)
Координаталық жазықтық тақырыбына бекіту есептерін шығару
Сабақтың тақырыбы: Координаталық жазықтық тақырыбына бекіту есептерін шығару.
Сабақтың мақсаты: Координаталық жазықтық туралы түсініктерін кеңейту. Нүктенің координатасы бойынша орнын таба білуге үйрету.
Есептер шығару барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
Оқушыларды саналы сезімге, жауапкершілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Интер. тақта. Карточкалар. Б. Б. Б кестесі. Жылжымалы координаталық жазықтық.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
I. Ұйымдастыру Сәлемдесу. Сабаққа зейінін аудару.
II. Үй жұмысын тексеру.№1134 есеп
III. Бекіту есептерін шығару.
Өтілген тақырып бойынша «ой қозғау»

Мына нүктелерді координата жазықтығына орналастыр нәтижесінде координата жүйесін ұсынған француз философы және математигінің атын оқи аласыңдар?
А(4; 5), Р(- 6; 1), Е(- 5; 3), Д(1; 5), Р(5; 3), Н(- 4; 5), К(3; 5), Е(- 2; 5), Т(6; 1), Е(2; 5)
Жауабы: РЕНЕ ДЕКАРТ
Бұл кісі кім, ол туралы қандай мағлұмат білесіңдер. Пайда болған нүктелерді тізбектей қосқанда қандай геометриялық фигура шығады? (ТРАПЕЦИЯ)
Оқулықпен жұмыс. № 1136есеп 1деңгей тапсырмасы.
А) АВС үшбұрышын салу керек: А(- 3;- 1), В(2; 4), С(6;- 2)
Ә) АВСД төртбұрышын салу керек: А(- 2;- 2), В(- 2; 1), С(4; 1), Д(4;- 2)
2 - ші деңгей тапсырмасы.
№1137 есеп
АВСД квадрат салу керек: А(- 3;- 2), В(- 3; 2), С(1; 2), Д(х; у)- табу керек?
3 - ші деңгей тапсырмасы.
№1141(Стобы)
Шегіртке А(1;- 1) солға(батысқа) 3бірлікке. Әрбір секіргені алдыңғысынан 1б ұзын. Солтүстікке, шығысқа, оңтүстікке. Осылайша 4 рет секірген соң қандай нүктеде болды? Жауабы: А4(3;- 3)
Карточкамен жұмыс.
1) М(0; 3), Н(2; 2), Р(- 2; 1), О(- 3;- 2), К(1;- 1) нүктелерін орналастыр?
2) А(2; 4), В(- 4; 3), С(- 2;- 3), Д(4;- 4)
3) А(6; 0), В(0;- 5), М(6;- 5), И(- 5; 6)

4. Бекіту сұрақтары:
1) Координаталық жазықтыққа анықтама бер?
2) Координаталық жазықтық неше ширектен тұрады?
3) Әрбір ширекте орналасқан нүктенің таңбасын айт?
4) Бұл координата жазықтығын ұсынған кім?

5. Қорытындылау. Б. Б. Б кестесі толтырылады
6. Үйге тапсырма:
7. Оқушыларды бағалау. Тақтадағы дайын кесте бойынша оқушылар өздерін өздері бағалайды. Тақтаға алған ұпайларына сәйкес бағалау шкаласы ілінеді

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама