Күшік
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
«№19 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Шағын орталық тәрбиешісі Оразбаева Акбаян Муханбетовна
Тақырып: Күшік
Мақсаты: Балаларға тірі табиғатпен қоғамдық өмірдің себеп - салдарын қарапайым байланысын түсінуге, ересектердің көмегімен (күшікке) жануарға қамқорлық жасай білуге дағдыландыру. Үлгі бойынша күшік бейнесін жапсырмалауды үйрету. Желіммен тиянақты, таза жұмыс жасауды, үлгі бойынша ақ қағаз бетіне дұрыс орналастырып, желімдеуді игерту. Қиылған дайын пішіндерді қағаз бетіне дұрыс орналастыра білуге, түстерді, көлемді ажырата білуге үйрету.
Көрнекілігі: Күшік суреттері, жұмсақ ойыншықтар.
Ұйымдастыру кезеңі:
- 1, 2, 3 Топтың іші тып - тыныш,
Жалқаулықты тастаймыз.
Сабақты біз бастаймыз.
Достық шеңбері
Біз кішкентай баламыз,
Өсіп - өніп толамыз
Тату - тәтті дос болып,
Достық шебін құрамыз.
Жарайсыңдар балалар, сендер өздеріңнің бір - біріңмен жақсы дос екендеріңе сендіре білдіңдер. Біздің тағы да достарымыз бар оны сендер кешегі серуен кезінде бақыладыңдар.
Ендеше тақтадағы суреттерге көңіл аударайықшы
. Балалар не көріп тұрсыңдар?
Ит үй жануары, жеті қазынаның бірі.
Үй иесі қыдырып кеткенде ит үйді күзетіп қалады, және үй жануарларын бағуға да үй иесіне көмектеседі екен.
Ит қалай дыбыстайды?
Оның құлағы нешеу, аяқтары ше?
Балалар ит адамның досы, оны жәбірлеп ұруға болмайды.
Иттің баласын «күшік» деп атаймыз, Көбіне иттер немен ойнағанды ұнатады?
Ол не жегенді ұнатады?
итті немесе күшікті тамақтандырған соң, ойнатып болған соң қолымызды жуып отыруымыз керек. Қолымызды жумайтын болсақ түрлі ауыруларды жұқтырып алуымыз мүмкін.
(Осы кезде қыңсылаған күшіктің дауысы естіледі)
- Бір дыбыс шығатын сияқты, ненің дыбысы болды екен. Ой, балалар, қараңдаршы мынау кішкентай күшік қой. Анасынан адасып қалған сияқты, өзі тоңып қалыпты. Қане, бәріміз үрлеп жылу беріп күшікті жылытайық.
- Күшіктің жүндері қандай әдемі! Түсі қандай?
- Түсі ақ.
- Балалар, күшік қатты тоңған сияқты, әлі дірілдеп тұр, тобымызға апарайық.
(Топқа келіп, балалар орындарына отырады)
- Балалар, күшіктің анасын не деп атаймыз?
- Ит деп атаймыз.
- Осы күшікке ат қояйықшы.
Балалар Ақтөс деп ат қояды.
- Енді Ақтөстің дене мүшелеріне тоқталып өтейік.
- Мынау несі?
- Басы.
- Мынау көзі, ал құлағы нешеу?
- Құлағы екеу.
- Ал, мынау тұмсығы, кеудесі, аяғы. Аяғы төртеу екен. Ал мынау құйрығы. Ақтөс адамға еркелегенде құйрығын қозғалтады. Балалар, күшік қандай дыбыс шығарады, білесіңдер ме?
- Әу, әу, әу, әу.
- Күшік кішкене кезінде сүтпен қоректенеді, өскеннен кейін сүйекті жақсы көреді. Қане балалар, күшіктің қимылын салайықшы.
Сергіту жаттығуы:
Танауы тырналып, ісіпті,
Сонда да, қуады мысықты.
Адамның сенімді серігі,
Біл, иттің баласы - күшікті.
- Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі оқу іс - әрекетімізде біз күшікпен таныстық. Енді күшігімізді ортаға алып, осы күшік бейнесін жапсырып көреміз бе?
Ол үшін алдымен қауіпсіздік ережесімен танысайық:
Қайшымен жұмыс істеу тәртібі:
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір жағын өзіңе қаратып бер;
2. Қайшының жүзін жабық түрінде келтіріп, партаның оң жағына қой.
Желіммен жұмыс істеу тәртібі:
1. Желім құйылған ыдыстың аузын нығыз жабылуы керек;
2. Желіммен жұмыс жасап болғаннан кейін, міндетті түрде қолыңды жууың керек;
3. Жұмыс кезінде арнайы сүлгі ұстауың керек.
Күшіктің бөліктерін атау: - басы, денесі, құлағы, қолы, аяғы, құйрығы. Санату
Күшіктің 2 құлағы, 2 аяғы, 2 қолы тепе - тең, яғни симметриялы.
1. Фон таңдау
2. Фон бетіне салып орналастырамыз, күшікке ұқсай ма?
3. Қағаз орнын белгілеп аламыз
4. Әр бөлшекті өз орнына желімдейміз
5. Аппликацияны таза қағазбен жабамыз
6. Кепкенше бастырып қоямыз
Тәрбиеші: Балалар, сендер күшік бейнесін өте жақсы жасадыңдар, түстерді де ажырата біледі екенсіңдер.
Балалар мен сендермен «Көлеңке» ойынын ойнағым келіп тұр
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім қалай жүреді
Кім көрсете біледі?
Көлбең көлбең көлеңкем
Көлбеңдеген көлеңкем
Күшігім былай жүреді.
Жарайсыңдар балалар!
Бүгін біз иттің баласы күшік туралы біраз мағлұматтар білдік. енді осы уй жануарының нені ұнататынын білесіңдер ме? ендеше суреттегі бейнесінің қасына сүйек суретін желімдеп жапсырайық.
Күшікпен ойнап болған соң не істеуіміз керек еді?
Жарайсыңдар балалар мұны естен шығармауымыз керек
Қорытындылау:
Айналаны корағыштап ав, ав, ав,
Ұзын тілі салағыштап ав, ав, ав
Қос құлағы салбырап
Достық жайлы ән шырқайды ав, ав, ав.
Жарайсыңдар балалар бүгінгі оқу - іс әрекетіне барлықтарың да жақсы қатыса білдіңдер.
Балалар сендерге өз жұмыстарын ұнай ма?
Балалардың жұмысына тоқталып марапаттау.