Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Жатыс септігі. Мектептегі бір күнім
Астана қаласы,
53 мектеп-лицейі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Қошқарбаева Айжан Тоқтарқызы

Сабақтың тақырыбы: Мектептегі бір күнім.
Жатыс септігі 6 - сынып
Білімділік: оқушыларға мектеп туралы толық түсінік беру. Тілдесу әрекетіне бағыт жасау. Жатыс септігін қайталау.
Дамытушылық: жеке тұлғаның ой - қабілетіне әсер ету арқылы оқушылардың өз беттерінше жұмыс жасау іс - әрекетін дамыта отырып, жинақтау, қорытынды жасай білуге үйрету. Сөздік қорын байыту.
Тәрбиелік: Оқушының мектептегі бір күні туралы әңгіме жүргізу. «Мектеп - кеме, білім - теңіз» мақал - мәтел арқылы оқушының білімге деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың типі: Білім жүйесі бойынша білім, білік дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, сурет
Сабақтың технологиясы: Блум жүйесі
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, кесте

Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі
- амандасу, түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақ
1. Білу.
Оқушыларға «Ой шақыру» стратегиясы бойынша сұрақ қою:
- Мектебіміз қай көшеде орналасқан?
- Бүгін неше сабақ?
- Қазақ тілі нешінші сабақ?
- Соңғы сабақ қай сабақ?
- Сабақ сағат нешеде аяқталады?

2. Түсіну.
- Сен қандай мектепте оқисың?
- Сенің сыныбың қай ауысымда оқиды?
- Аптасына неше рет қосымша сабақтарға барасың?
- Сен сыныпта неше рет кезекшілік атқарасың?

3. Қолдану.
Сөздікпен жұмыс: кезекшілік, ауысым, қосымша.
1. Оқушылар жаңа сөздерді қолданып сөз тіркесін, сөйлем құрастырады.
2. Жаңа сөздерді қолдана отырып өздерінің мектептегі бір күні туралы мәтін құрастырады.
Құрған мәтіндерінен жатыс септіктегі сөздерді табады.

4. Талдау.
1. Жазба жұмысы. Оқулықтағы 6 - тапсырманы жазбаша орындайды. Бос орындарға жатыс септігінің жалғауларын қойып жазады.
2. «Өз мектебіңнің тарихын білесің бе?» тақырыбында жұптық жұмыс.

5. Жинақтау.
«Мектеп - кеме, білім - теңіз» мақал - мәтелі төңірегінде «Ой толғау» жазады.

IV. Сабақты бекіту. Бағалау.
«Менің мектептегі бір күнім» тақырыбына эссе жазады.
V. Үйге тапсырма: берілген сөздерді пайдаланып өз мектебінің қысқаша ережесін құрастырып келуге.
Қажетті сөздер: Мектеп ережесімен, мектеп шәкірттері, ішкі тәртіп, мектеп формасы, мүлтіксіз орындауға, міндетті, бағыну, бірыңғай, намысын қорғауға, себепсіз қалмауға, кешікпей келуге, үйірмелерге қатысуға, кезекшілік атқаруға.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама