Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Математика – ғылымдардың патшасы
Тақырыбы: «Математика – ғылымдардың патшасы»

Мақсаты: Білім көтерудің басты шарты - оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру. Жақсы ұйымдастырылған апталықтар мен кештердің оқушылардың сабақ үлгерімдерін көтеріп қана қоймай, олардың шығармашылық қабілетін дамытып ой - өрісін кеңейтеді. Бұл бағдарламаның басты мақсаты - оқушылардың ой - өрісін жетілдіру, олардың білімі мен жан-жақты ойлау қабілетін, ой - ұшқырлығын сынау болып табылады.
Көрнекілігі: плакаттар, қанатты сөздер, шарлар т/б.
Әдісі: ой - қозғау, сұрақ - жауап.
Барысы: Уа, халайық, халайық
Бәріңе жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Математика тілінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып
Шабыт тасып шалқысып
Есеппен ән салысып
Көңілді кеш жасайық.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгін сіздердің алдарыңызда жоғары интеллектуалды ұлдар мен қыздар өз білімдерін сарапқа салады. Өрісі кең өрге жүзер, өнерлі оқушыларды қолдап отырыңыздар деп бүгінгі «Математика - ғылымдардың патшасы» атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

Жүйелі сөз шығады шабытты ерден
Жүйріктер бар талай сында озып келген
Білімі мен ақылын қайрат қылған
Жүзден жүйрік мыңнан бір тұлпар деген
Бәйгеден келеді екен талмай шапқан
Жүйріктен тұлпар озар күш сынасқан.

Сайысқа 2 топ түсіп отыр.
өнерімен білімімен жұрттан асқан.
әуелі сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасымен танысып өтейін.

Бүгінгі сайысымыз 7 кезеңнен тұрады.
1. Таныстыру
2. Бәйге.
3. Шешендік өнер.
4. Математикалық жұмбақтар.
5. Математикалық мақал - мәтелдер.
6. Формулалар сыры.
7. Ойлан тап.

Математика ғылымдардың патшасы деп
Мойындатқан бар ғылым жер шарында
Сол қағида тағы да дәлелденбек
Бүгінгі кеш бағдарлы жоспарында

Математика төрт амал негізінде
Туындатқан талай заң келбетінде
Жұмбақ әлем болғанмен ей замандас
Меңгерілер еңбек талап шеңберінде.

Математика, математика қандай қиын
Оқымасаң ешбір түйін
Ал өмірде тек соның көмегімен
Орындалар заңдылық байлам дүйім.
Кезек команда капитандарында. Команда капитандарын ортаға шақырамыз.
1 - тур. Таныстыру.
Ең жоғары баға - 5 ұпай.
2 - тур. Бәйге.
Ерілген логикалық сұраққа кім тез жауап берсе, жеңіс соныкі. Жауап нақты тез болуы керек. Қай ойыншысы қолындағы карточкасын бірінші көтереді, сол оқушы бірінші жауап береді. Бағалануы - 5 ұпай.
1. Столдың 4 бұрышы бар, егер 1 бұрышын кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)
2. Жер полюстері геометрияда қандай түзулерді еске түсіреді? (перпендикуляр)
3. бір тонна мақта ауыр ма, әлде бір тонна темір ауыр ма? (тең)
4. Тұрмыста қолданылатын қандай геометриялық фигураларды білесіңдер? (төртбұрыш, дөңгелек, үшбұрыш, ромб, т/б).
5. Екі санның қосындысы 8 - ге тең айырмасы 2 - ке тең, көбейтіндісі 15 - ке тең. Олар қандай сандар? (5 пен 3)
6. Бір бөлмеде 2 әке, 2 бала отыр. Бөлмеде неше адам бар. (3 адам)
7. Дорбада 10 асықты 10 бала бір - бірлеп алды. Сонда бір асық дорбада қалды. Бұл қалай? (бір бала дорбасымен алды)
8. Түнгі сағат 10 - да жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күннің жарқырап тұруы мүмкін бе? (жоқ. түн)
9. Қосарлап жегілген ат - арбамен Жантілеу 25 шақырым жол жүрді. Оның әр аты неше шақырым жол жүрді? (25)
10. Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Қаншасы қалды? (түйеқұстар ұшпайды)
3 - тур. Шешендік өнер. Бұл бөлімде екі сайыскер өздеріне тиесілі тақырып бойынша қарама - қарсы пікірлерді дәлелдеп, шешендік өнерін ортаға салады.
Бір команда позитивтік, екінші команда негативті бағыт ұстайды, яғни берілген тақырыптар «Математикасыз өмір жоқ», «Математикасыз да өмір сүруге болады»

4 - тур. Математикалық жұмбақтар.
Математикалық атаулар мен ұғымдар
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық кезек бізде дей отырып Математикалық жұмбақтарға кезек берейік.

1. Алпыс төрт бөлмеде
Отыз екі тұрғын бар
Ақ, қара қып бөлгенде
Бірін - бірі қуғандар
Ханы үшін де жаны үшін де
Бермейді олар намысын (шахмат)

2. Бір көлден 12 - ден қаз ойнайды
Алсам деп бірін - бірі наз ойлайды
Келгенде жақындасып, қожаңдасып
Бірін - бірі алмасына еш қоймайды. (дойбы)

3. Үлкен кіші сандарды сен
Ажыратқын келсе егер
Қандай таңба қояр едің
Қане ойлан куәгер (теңсіздік)

4. Патшаларға мола болған
Геометрияға мұра болған. (пирамида)
5. Бірдей санды бірнеше рет
Көбейтуден тұрады
Егер оны ықшамдасаң
Қандай атау болады? (дәреже)

6. Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді
Көңілге армандаған қона бермейді
Бүтін нәрсе бөлігін көрсететін
Қандай сан бар достарым пікір демейді. (бөлшек сан)

7. Нүктеден екі сәуледен
Құралған айтшы бұл не екен? (бұрыш)

8. Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан - жағыңа қарамай. (натурал сан)
5 - тур. Математикалық мақал - мәтелдер.
Мақал айтсаң жол көрсетер.

Мәтел айтсаң жаныңды жадыратар,- деп келесі турымыз Мақал - мәтел сайысына кезек берейік. Ойыншы мақал - мәтелдегі қажетті санды тауып 3 тілде қазақша, орысша, ағылшынша атау керек.
1. (2) жарты –(1) бүтін.
2. 100 - ден біреуі шешен -(1000)- нан біреуі көсем.
3. (7) рет өлшеп (1) рет кес.
4. (1) кісі қазған құдықтан, (1000) кісі су ішер.
5. (30) Тістен шыққан сөз, (30) рулы елге жайылады.
6. Жігіт адамға (70) өнерде аз.
7. (6) ала болса, ауыздағы кетеді. (4) түгел болса, Төбедегі келеді.
8. (50) жылда ел жаңа (100) жылда қазан.
9. (100) сом ақшаң болғанша (100) жолдасың болсын.
10. Бесік баласы (5) түлейді.
11. (90) ауыз сөздің Тобықтай түйіні бар.

6 - тур. Формулалар сыры.
Бұл сайыста математикадан формулалар жасырылады. Тақтада цифрлар жазылған торкөзді оқушылар таңдайды. Әр оқушыға дұрыс жауабы үшін торкөздегі сан мөлшерінде ұпай қосылады.
1. (а+в)²=а²+2 ав+в² қысқаша көбейту формуласы
2. V=abc көлем
3. S= үшбұрыштың ауданы
4. 1+ 2 Виет теоремасы
1* 2
5. C2=a2+b2 Пифагор теоремасы
6. ax2+bx+c=0 квадрат теңдеу
7. ax2+bx+c=a (x - x1) (x - x2) көпмүшені көб. жіктеу

7 - тур. Ойлан тап. Команда капитандарына.
30 секундта 30 сұраққа жылдам және тез жауап беру керек. Әрбір дұрыс жауап 5 ұпай қойылады. Әр топқа 15 сұрақтан келеді.

І-топ 8кл.
1. Геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі. (Планиметрия)
2. Жазықтықтың негізгі геометриялық фигурасы. (нүкте)
3. «Қатаң» деген атқа ие болған фигура. (үшбұрыш)
4. Жазықтықтағы қиылыспайтын екі түзу (параллель)
5. Қосу амалын өрнектейтін белгі (плюс)
6. Тік бұрышты үшбұрыш туралы теорема кімнің атымен аталады. (пифагор)
7. Уақыттың өлшем бірлігі (тәулік)
8. Миллион ұғымын қазақ жеріне алғаш таратқан кім? (Ы. Алтынсарин)
9. Бұрышты өлшеу құралы (транспортир)
10. Тек бір жағынан шектелген түзу. (сәуле)
11. Бағыты бар кесінді (вектор)
12. белгісізі бар теңдік (теңдеу)
13. Санның жүзден бір бөлігі (процент)
14. 100 жыл. (ғасыр)
15. квадраттық функцияның графигі (парабола)

ІІ-топ. 9 кл.
1. Геометрияның кеңістіктегі фигураларды зерттейтін бөлімі. (стереометрия)
2. нүктенің орнын анықтайтын сан. (координата)
3. тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу (перпендикуляр)
4. Көпбұрыштың барлық қабырғаларының қосындысы (периметр)
5. Азайту амалын өрнектейтін белгі (минус)
6. кубтық функцияның графигі (гипербола)
7. Дәлелдеусіз қабылданатын сөйлем (аксиома)
8. үшбұрыш төбесінен қарсы жатқан қабырғаның ортасын қосатын кесінді (медиана)
9. Бұрыштың түрлері (сыбайлас, сүйір, доғал, тік)
10. Тік бұрышты үшбұрышта көлбеудің ролін атқаратын қабырға (гипотенуза)
11. «Кем» ұғымына қарама - қарсы ұғым (артық)
12. Қалдықты табу үшін пайдаланатын амал (бөлу)
13. Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған кім? (Әл - Фараби)
14. Шеңбер ұзындығының диаметрге қатынасы (Пи саны)
15. бұрышты қақ бөлетін түзу. (биссектриса)

Қорытынды.
Сайыс – толқын айналған қатты ағысқа
Табылғандай таным да, жат дауыс та
Біреу кейін келеді аптығыста
Сайыс - толқын жатқандай асып - тасып
Біреу мығым, біреулер шалыс басып
Бұл сайыста байқалар ғұлама ойлар.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама