Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 сағат бұрын)
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс - шаралар жинағы
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс - шаралар жинағы.
М А З М Ұ Н Ы
АЛҒЫ СӨЗ…… 1
ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ… 2 - 6
ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕЛЖАНДЫЛЫҚ ТӘРБИЕСІ -
ЫНТЫМАҚ ПЕН ДОСТЫҚ ЕПІЛІ……………6 - 10
ӘДЕБИ - МУЗЫКАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ……… 10
ӨЛЕҢ – ЖЫРЛАР………………………………… 11
ҰЛТТЫҚ СПОРТ, ӨНЕР, БІЛІМ………… 12
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………… 13

АЛҒЫ СӨЗ
Қазақ халқы - талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы - тұнған ғибрат өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Ұлттық болмыс пен халықтық ұғымдарды шәкірт бойына дарытуда отбасы мен ұстаздар қауымының тәлім - тәрбиелік шараларына қойылар талап жоғарылады. Мектеп – білім берумен қатар, тағылымды тәлім - тәрбие түрлерін ұйымдастыратын өнеге ордасы. Тәрбие мазмұны ұйымдастырушының шеберлігімен ұштасқанда қандай шара болсын, шәкірттің ішкі жан - дүниесін жаңартып, рухани азық болып, соныда жарқын құбылыстарға жетекші бола бермекші.

Ұзақ уақыт бойы оқушылардың ой - санасының өсіп – жетілуі тек білім көрсеткішімен бағаланып келді. Нәтижесінде тамырын тереңге жаймаған, құнарсыз жерде өскен өсімдік болмысын бойына дарыта алмаған, ал өзінікін бағалап білмеген жас ұрпақ өсіп жетілді. Мұның салқыны бүкіл ұлт болмысынан көрініс тапты. «Бала тәлімі - құрсақтан» деген халық даналығын ескермеген кейбір әке - шеше тәлімдік мағынасы бар даналық сөздер мен өнегелі істерді отбасына дарыта алмады.
Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында жүргізілетін тәрбиелік шаралары үшін ұсынылып отырған әдістемелік жинағымның септігі тиер деген ойдамын.

ЖАЗ АЙЛАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БОС УАҚЫТЫН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ
Жаз айлары - мектеп оқушылары үшін ерекше ықыласпен күтілетін уақыт. Жыл бойы сабақ барысындағы тоқсан арасындағы берілетін күндер демалыс болып есептелгенімен, жаз кезіндей демалыстың мол мүмкіндігін бере алмайды. Жазғы демалыс – мектеп оқушыларының жалпы физиологиялық, сана – сезімдік, дүниетанымдық тұрғыда даму, жетілу кезеңі.
Бастауыш және орта буын сыныптарының балалары үшін бұл уақыт тән – тұрпаттың табиғатпен ерекше үндестік тауып, дүниетаным аясы кеңитін, көзқарас қалыптасып, үйренуге ықыласы артатын жылдың тамаша мезгілі.
Жаз мезгіліндегі бұл уақыт балалардың негізгі сабақтан, үйреншікті тіршілік қарекетінен босап, өзін қызығушылығымен айналысуына мүмкіндік береді. Сондықтан ұстаз - тәрбиешілерге оқушының бос уақытын дұрыс пайдалануға бағыттаудың, үйретудің мәні зор. Бос уақыт дене және ақыл - ой қызметін тынықтыратын, қарым - қуатты жетілдіретін іс - әрекетке жұмсалуы жөн. Әйтсе де тыныға жүріп, ойын барысында балалардың шынығу – шындалу мәселесімен қатар, түрлі бағыттағы іс - шараларға тарту арқылы тәрбиелеу маңызды.
Осыған орай, балалардың жазғы демалысын ұтымды пайдалану мақсатында, олармен түрлі шаралар өткізуде тәрбиешілер:
- балалардың жас ерекшелігін;
- психологиялық ерекшелігін;
- денсаулығын;
- ұлттық ерекшелігін;
- аймақтық ерекшелігін;
- діл (менталитеттік) ерекшелігін;
- жыныстық ерекшелігін;
- қабілет - мүмкіндігін, т. с. с. ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескеруі қажет.

Сонымен қатар, өткізілетін шаралар нәтижесі балаларға:
- өз денсаулығы мен өзінің өсіп - жетілуіне мән беруге;
- ойын әрекеті барысында ойлау әрекетінің де тиімді әдістерін меңгеруге;
- достық, жолдастық, сыйластық, өзара көмек т. б. сияқты адами қасиеттерді ұғынуға;
- туған жердің табиғатының және экологиялық маңызына мән беруге;
- азаматтық - елжандылық сананы қалыптастыруға;
- ұлттық және мәдени, тұрмыстық салт - дәстүр, және т. б. ұғымдарды меңгеруге қалыптастыру – тәрбиеші - ұстаздың басты міндеті.
Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үрдісінде оны орындау және түзетуді бақылау – жоспардың нақтылығы.
Нақты педагогикалық міндеттерді анықтау:
- лагерь орналасқан жердің, елдің даму перспиктивасы;
- қазіргі заманғы балалар қозғалысы мен ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары;
- лагерь жұмысының күнтізбелік және перспективалық жоспарынан;
- лагердің әлеуметтік кеңесінің ұсыныстары арқылы жолға қойылады;

Лагердің топ жұмыстары дегеніміз, бұл:
- ауысымда жүретін жалпы лагерлік жұмыстардың бағыттылығы, сипаты, ауысымдарының өзгешелігі;
- лагердің дәстүрлігі;
- лагердің профилдері (жас тілшілер, туристер, спортшылар т. б.);
- мұғалім - ұйымдастырушылардың жеке қызығушылықтары;
- тәрбие үрдісінің материалдық жағынан қамтамасыз етілуі;
- лагердің барлық бөлімшелерінің өзара іс - әрекеті.
2
Жазғы мектеп лагеріндегі тәрбиешілер жұмысты ұйымдастырудың төмендегіше ретін ескеруге міндетті:
а) күнделікті жоспарды құру;
ә) топтың күнделігін жүргізу;
б) ұйқыдан тұрғанға дейінгі 15 - 20 минуттық тәрбиешілер лездемесіне қатысу.

Топ аттары, ұрандары
Топтардың аттары мен ұрандары, ұрандық сөйлесімдері балалардың жас ерекшеліктеріне сай іріктеліп алынады.

Топтардың аттары «Жұлдызша», «Балдырған», «Ақ көгершін», «Қарлығаш», «Жалын», «Қыран», «Болашақ», «Мұрагер», «Балдәурен», «Жас толқын» т. б. деп атауға болады.

Топ ұрандарының үлгілік нұсқалары:

- Біз кішкентай «Жұлдызбыз»,
Өнегелі ұл - қызбыз.

- «Балдырғанбыз»- балдаймыз,
Бақытты өмір таңдаймыз.
Шаттық - думан көңілді,
Болашаққа жалғаймыз.
- «Ақ көгершін»- бейбітшілік ұланбыз,
- Жақсылық, жақсы үнге ұранбыз. т. б. с.

Ұрандық сөйлесімдер:
- Қандаймыз?
– Ән айтуға қалаймыз?
- Жараймыз!
– Бастаушыға қараймыз.
- Қалаймыз?
- Санаймыз: бір, екі, үш!
- Біздің топ қандай?
Жолға бастап түс.
Татулығы балдай!
Шарықтатып, талмай…
- Ән айтамыз қалмай!

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
№17 ЖОББМ Мектеп тәлімгері
Оразгалиева Акжан Есболовна
Мектеп оқушыларының жазғы демалысын ұйымдастыратын тәрбиешілерге арналған әдістемелік жұмыстар мен іс - шаралар жинағы. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама