Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 8 сағат бұрын)
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару.
Сабақтың эпиграфы:“Мен шәкірттерімді ешқашан да үйретпеймін: мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдайлар жасауға тырысамын.”(А. Эйнштейн)

Сабақтың тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару.

Сабақтың мақсаты: Квадрат теңдеудің түбірлерінің формулаларын оқып үйреніп, оларды квадрат теңдеуді шешуде қолдана білу.

«PISA» зерттеуінің әдістерін әр сабақтарда жүйелі түрде қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын, математикалық сауаттылығын дамыту

Виет теоремасын квадрат теңдеудің жалпы түрін шешуге қолдану дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту;

Оқушыларды бір - бірімен пікір алмасуға, бірін-бірі тыңдауға, өз бетінше және бірлесе отырып жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі, құрал - жабдықтары: мультимедиа, тапсырмалар жазылған түрлі - түсті слайдтар(тірек - схема, семантикалық карта және т. б.)

Қолданылатын әдіс - тәсілдер: топпен жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ - жауап, өзін - өзі бағалау

Сабақ түрі: зерттеу сабағы

Сабақтың жоспары:
І. «Қызығушылықты ояту» бөлімі:
Үй тапсырмасын тексеру
Миға шабуыл „Қайталау айнасы“ Сұрақ - жауап
ІІ. Мағынаны тану бөлімі:
Тақырыптық есептерді шығару „Кім жылдам“
«Бәйге» ойыны
Кестедегі бос орынды толтыр
ІІІ. Толғаныс
Ойлан, жұптас, талда стратегиясы
Крассворд шешеді
Тест деңгейлік тапсырма
Рефлексия.
Үйге тапсырма беру:
Бағалау

Үй жұмысы

№258
2) x2 - 5x+4=0
Шешуі: x1+x2=5;
x1x2=4;
x1=4
x2=1
4) 3x2 - 2x - 1=0
Шешуі: Д=16
x1=- 1/3
x2=1
№259
2) x2 - 10x - 24=0
Шешуі: x1+x2=10;
x1x2=- 24;
x1=12 x2=- 1 түбірлерінің таңбасы теріс және оң сандар
4) 3t2+7t+4=0
Шешуі: Д=1
x1=- 4/3
x2=- 1 түбірлерінің таңбасы теріс және оң сандар
6) 2x2+9x - 486=0
Шешуі: Д= 3969 x1=- 18 x2=13, 5 түбірлерінің таңбасы теріс және оң сандар

Батыс Қазақстан облысы, Бөрлі ауданы,
Ақсай қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Негметова Ивагул Азеркуловна
Квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып есептер шығару. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама