- 05 нау. 2024 01:30
- 186
Мұғалім болғанымды мақтан етемін!
"Өткеннің өнегесі – бүгінгінің
баға жетпес байлығы".
Н. Ә. Назарбаев
Абай атамыз айтқандай «Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап өткен. «Мұғалімдік мамандық – бұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым-шытырығы, мол рухани жан дүниесіне үңіле білу деп адамның өмір бойы білім алып, оны шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі болып табылады. Сондай үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар ғұмырын ұстаздық саласына арнау әрбір адамның қолынан келе бермес іс.
Неге екенін, ата - анамның айтуынша, бала кезімде түрлі ойыншықтармен ойнаудан гөрі қолыма қағаз, қалам алып ағай болып ойнаудан жалықпайды екенмін. Осы арман мектеп қабырғасында жүргенде - ақ басты мақсатыма айналды да, мұғалім болуды риясыз жақсы көрдім, жан – жүрегіммен шын қаладым.
Ұстаз... Жай ғана қарапайым сөз... Осы қарапайым ұғымның әрбір адамзат жүрегінен орын алатыны, тек қана орын алып қана емес, оның өмірлік ұстанымының, дүниеге деген көзқарасының, адами қасиеттерді сіңіруінің қайнар көзі екендігі сөзсіз. Халқымыздың біртуар перзенті, қазағымның маңдайына сыймай кеткен нар тұлға Шәкәрім Құдайбердіұлы: "Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз болады. Олар - адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек" десе, ұлы Абай "Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда адам боларсың елден ерек" деп толғаған. Міне, осы Абай мен Шәкәрімнің үндесе айтқан пікірлері ұстаз хақында айтылған секілді. Себебі, осы қасиеттер өз бойынан табыла отырып, оны ұрпақ бойына дарытатын да, дамытатын да ұстаз. Яғни, ұстаз - мемлекетіміздің бірінші байлығы деп саналатын халықтың, ұрпақтың санасын қалыптастырушы, мол жауапкершілік пен қоғамның ауыр жүгін арқалаған тұлға.
Мен - осы қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы - мұғалім мамандығын таңдағаныма мақтан етемін, мақсатына жеткен бақытты жандардың бірі санаймын.
Ұстаз – бұл әрдайым үлкен әріптермен жазылуға тиіс мағыналы сөз деп танимын. Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр. Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын азықтандыратын адам.
«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы өмірде жемісті ғұмыр кешуді әрі бақытты болуды армандайтыны шындық. Табысты жұмыс жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ол осы үшін әрекет жасайды, еңбек қылады. Шәкірттердің әр жетістігіне қуану мен өз еңбегіңнің жемісін көру – ұстаз үшін үлкен бақыт. Өз шәкірттерімді баули жүріп, кез - келген жұмыста нәтижеге жетуге ынталандырамын, оларға сенім білдіремін. Сенім болмаса, адам баласы жетем деген биігіне жете алмайды. Нәтижесінде шәкірттерім түрлі деңгейдегі сайыстар мен олимпиадаларға қатысу, ғылыми жобалар қорғауда жүлделі орындарды иеленіп, жоғары белестерден жиі көрініп жүр. Жан - жағыма жиналған шәкірттерімді көргенде, жапырағымның жайқалып өскеніне, еңбегімнің жемісті болғанына шүкіршілік етем. Жапырақтармен бірге діңім де қатайып, бұтақтарым да бір – бір ұстаздармен ұштасты.
Әрбір шәкірт мені үлгі тұтып, менімен бір мақсатқа бірігуге талпынса, бір мүддеге бағыт алса, қоғамның ауыр да абыройлы жауапкершілігін арқалаудан мен жалықпаспын. Сөз соңында түрік ақыны Назым Хикметтің бір шумақ өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Мен жанбасам лапылдап,
Сен жанбасаң лапылдап
Біз жанбасақ лапылдап
Аспан қалай ашылмақ?!
Қиындығы мен қызығы қатар жүретін маман иесі болғанымды мақтан тұтамын!