- 05 нау. 2024 01:30
- 227
Әлшекейдің бал – шекер тәтті күйлері - ай
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №194 орта мектеп.
Орындаған: Данабекова Фариза Оралбайқызы
10 – сынып оқушысы
Жетекшісі тарих пәнінің мұғалімі,”Сығанақ” тарихи мұражай жетекшісі:
Бахрамова Айгүл Ташмаханқызы
Секциясы: “Мәдени өлкетану” (ғылыми жоба)
Зерттеу жұмысының бағдарламасы
Зерттеу тақырыбы: “Әлшекейдің бал – шекер тәтті күйлері - ай” (слайд түрінде)
І. Диагностика кезеңі
Тақырыптың өзектілігі
ІІ. Прогностика кезеңі
1. Зерттеу нысаны
2. Зерттеу мақсаты
3. Зерттеу міндеттері
4. Зерттеудің әдістері мен құралдары
ІІІ. Ұйымдастыру кезеңі
1. Зерттеу кезеңдері
2. Аудандық байқауға қатысу
3. Мектепшілік байқауға қатысу
IV Практикалық кезең
1. Проблема бойынша материалдар дайындау
2. Қосымша мәліметтерді жинақтау
V. Жалпылау
Демонстация материалдарын дайындау
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
“Сыр елі – жыр елі”
сүлейлердің мекені.
Сыр туралы сыр шерткен,
Ақын болып кетеді – деп айтқандай өнер сүйген табиғатынан әнге әуес, күйге ынтық, жырға құмар сыр бойы халқының рухани қазынасы өте бай болса, ел мәдениеті мен әдебиетін, өнерін өрге бастырған және сол рухани туымызды көтеріп келе жатқан дара тұлғаларымызбен талантты жастарымыз да аз емес. Сондай өнерлі өлкенің бірі Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы. Бұл елде өткен ғасырларда жүрек жұтқан батырлар, оқымысты Исамеддин Сығанақи кезінде күйші сазгер Әлшекей Бектібайұлымен өмір сүрген. Өткен күн тарих жылнамасына айналып, келер күн шежіре бетінің парағын толықтырады. Сондықтан кез – келген салада - дарырлық күйшілік шежіреден сыр шертіп, кейінгі ұрпаққа мирас ету бүгіннің міндеті.
ІІ Негізгі бөлім:
“Күйші сазгер Әлшекей Бектібайұлының өмірдерегі”
Қара домбырасын жанына серік еткен қазақ күйшісі мен күй арқылы жеткізген өнердің қасиетін ұсына білген бабамыз оны ұрпағына мирас етіп отырған.
Әпсәтте – ақ, бұлт үйіріп, дауыл тұрғызатын тіпті аждаһаның ашуын басатын сиқырлы әуенді мектеп есігін көрмеген қойшы бала шығарған. Күйдің құдіретін көрсеткен қос ішектің қандай құпиясы бар?
Міне осы мәнді Әлшекей атамыздың күйшілік өнерінен аңғаруға болады. Әлшекей Бектібайұлы 1847 жылы Жаңақорған ауданы, Төменарық аймағындағы өз әкесінің есімімен аталатын “Бектібай сазы” деген елді – мекенде дүниеге келген.
Ата – анасынан ерте айырылған Әлшекейдің балалық шағы жоқшылықпен таршылықта өтеді. Бірақ талантты бала бұған мойымайды. Ол жас кезінде нағашы атасы Рүстемнің тәрбиесінде болып, одан сыбызғы тартуды үйренеді. Кейін сыбызғыдан домбыраға ауысады. Күй өнеріне құмар болып өседі. Біртіндеп өзі күй шығара бастайды. Той - думан мен ойын – сауықтың ажары, дастарханның базары болған.
Әлшекей туралы белгілі сазгер жазушы, өнер зерттеуші Ілия Жақанов өзінің “Аққулар қонған айдын көл” кітабында Қаратау елі бәрі - бәрі Әлшекейдің тамылжыған күйлеріне елтіген деп тебіреніп жазған. 1932 жылы 85 жасында Тәжікстанның Душанбе қаласында қайтыс болады.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.