Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Мұхтар Әуезовтың «Қараш-қараш» оқиғасын оқыту
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: оқушылардың білімдерін ауызша, жазбаша тіл дамыту жұмыстары арқылы бекіту./Сөздік қорларын тексеру және тақырып бойынша алған білімдерін тиянақтау, практика жүзінде пайдалана білу дәрежесін қалыптастыру/. Сөйлем құрауға дағдыландыру, сөйлем арқылы мәтін құрастыруға, мазмұндауға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың алған білімдерін тереңдете отырып ойлау, сын тұрғысынан айту және жазу қабілеттерін дамыту; оқушылардың таным мүмкіндіктерін талдау, бақылау, салыстыру, жинақтау арқылы анықтау.
Тәрбиелік: тақырыптың сырына қызықтыру арқылы құштарлықтарын ояту;
Көрнекілік: эпиграф, слайдтар, суреттер, мәтін жазылған парақтар, электрондық оқулық
Сабақта қолданылатын әдістер: сұхбат, шығармашылық жұмыс, топпен жұмыс, іздендіру, әңгімелеу, рөлдік ойын

Қазақ әдебиетінің классигі М. Әуезов «Қараш - қараш» оқиғасының повесінің толық тексін мұғалім толық, жете білуі керек.
Оқыту процесінде пәншілік байланысты жүзеге асыру әдебиет программасының жетілдіре беретін проблемалары болмақ.
Оның тиімділігі оқушы меңгеретін танымдық, тәрбиелік білімді нығайта түседі. Осыған орай М. Әуезовтың «Қараш - қараш» оқиғасын түсіндіргенде тақырыбы, идеясы, образы, сюжеті жағынан оның басты туындыларымен ұқсастығын ескеріп, осы класта оқылған текстермен байланыстыра салыстыруға көңіл бөлген жөн.
Шығарманың жазылуында тарихи факторлардың себепкер болған повестің бас кейіпкері Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Рығұл екенін оның елден ерек қандай ерлік жасағанын сол орасан батыл оқыс қимыл - әрекет кейіннен талантты жазушы М. Әуезовті шабыттандырғанын 1927 жылы жазылып, 1959 жылы қайта өңдеп, 1961 жылы орысша және француз тіліне аударғанын француз жазушысы Ануре Стиль жақсы баға бергенін мұғалім егжей - тегжейлі білуі керек.
Оқушыларға басты - басты соны мәліметтер туралы хабар бере повестегі Бақтығұл бейнесі өнер шеберлерінің назарынан тыс қалмайды. «Қазақфильм», «Қырғызфильм» киностудиялары бірігіп 1968 жылы «Выстрел на перевале» көркесуретті фильм жасағаны айтылады. Қазақ әдебиеті газеті (№2, 14. 01. 1983ж.) Рысқұлдың (Бақтығұлдың прототипі) суретін көрсетіп, сабақ сапасын арттыра түседі. Жазушының Бақтығұлды суреттеуге қолданған ұқсату, теңеу (қаршыға ұстайтын аңшыдай, далада жалғыз жорытқан көк бөріше) сөздері мен сөз тіркестеріне оқушылардың назарын аударған дұрыс. Сондай - ақ, Бақтығұл мінезіне орайлас келетін табиғат суретін үйлестіре бейнелеуде М. Әуезов шеберлігін тнытар талдаулар жасағанда мұғалімнің текстен (Жараспайға ажал оғын қадауға аз уақыт калды. Ожардың басына қарады. Суық түсті мұзды биік ақ бұлттай сәлдесін жазып құлаш сілтеп ұстағандай болды) т. б. сияқты сезіммен астасқан мысалдар келтіре дәледеген жөн. Сол сияқты бай - болыстарға да топтастыра мінездеме жасауға болады. Мінездемеден кейін мұғалімнің қорытынды пікірі оқушыларға тәрбие беру бағытында болып, адамгершілік, ар - ұят сияқты қасиеттерге, адам тағдырына, еңбек адамдарының мүддесіне, болыс - билердің қалай қарағанын суреттей келе, оларға қарама - қарсы Бақтығұл бойындағы шыншылдық, турашылдық, жалаға төзбей қарсы тұра білу, азаттық үшін күресес білу - халыққа тән адамгершілік, өмірге құштарлық екенін нақты текстен алынған мысалдармен жинақтап түйіндейді.
Шығарма құрылысында ерекше аударатын жайт кейіпкер әрекетінің көркем суреттері. Бас кейіпкер Бақтығұлдың алдына қойған мақсаттары әрекетіне жетудің ішкі ой - пікірі мен ісінің бір жерден шығу сәттерін автор аса шеберлікпен суреттегінің, оның үш түрлі (Боз биені әкету, құлжаны атып алу, Жараспайды атып өлтіру) әрекеттерінің өте көркем де әсерлі шыққанын тіпті Құлжаны атып алуы болысты жайратудың символы сияқты екенін мұғалім мысалдар арқылы салыстырып, оқушыларды өмір шындығын кейіпкердің іс - әрекетіне сендіре білуі керек.
Сабақта шығарманың тақырыбы мен идеясын ашу үшін оқушыны ойландыратын, жалқыдан жалпыға қарай жинақтай қорытып, жауап бергізетін сұрақтар қоюды қажет етеді. Олар шамамен: шығармада қай кездегі шындық суреттелген? Ол кезде елді кім билеген? Би – болыстардың шаруасын кім бітірді?
Мұғалім бұл сұрақтар бойынша сарапқа сала келіп, олардың тарих пәнінен алған түсінігіне сүйеніп, пән аралық байланыс принципін ұтымды ұштастырады.
Бақтығұл бейнесін оқушыларға мінездету арқылы сол кездегі халықтың ауыр тұрмысын, әлеуметтік теңсіздікті көрсетпек болған жазушы идеясын ұқтырады.
Сабақ соңында жазба жұмыстың бір түрі – оқушыларды инсценировка жазуға үйрету.
Мектеп өмірінде сирек кездесетін бір жазба жұмысы оқушылар үшін қиын болғанымен шәкірттерді балғын шағынан творчестволық жұмысқа баули түсу мақсатында игі істен тартынбауы керек.
Инсценировканы қалай жазу тәртібін алдын - ала түсіндіріп, үлгісі көрсетіледі.
Кейіпкерлердің ішкі дүниесін, қимыл - қозғалыстарын білдіру үшін, әрине, кейіпкер, автор сөздерін өзгертпей жазу міндет еместігі ескертіледі.
Осылай ұлы жазушының үздік шығармасын оның кейіпкерлерінің жан - дүниесін оқыта отырып, инсценировка жазуға үйретеді.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама